Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Ғалымдар «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына қолдау білдірді.

29271
Ғалымдар «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына қолдау білдірді. - e-history.kz

Жиылыс Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Президенттің «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын жан-жақты талқылауға арналды. Ел басы алға қойған мақсаттарды қарастыра отырып, партия мүшелері «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына қолдау білдірді. Бұл жөнінде бастауыш партия ұйымының төрағасы Сәттар Мәжитов былай деді: «Мәңгілік Ел» ұлттық идея ғана емес, ол қазақстандықтарды біріктіретін, бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа жұмылдыратын ұлттық идеология. Онда қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған арман-мұраты мен бірге, бүгінгі қазақстандықтардың өмір мақсаттары, тарихи, мәдени миссиясы көрсетілген».

Өз кезегінде сөз алған философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Әбдімәлік Нысанбаев: «Президентіміз жыл сайынғы халыққа арналған жолдауларында, еліміздің оң бағыттарда жасампаздық дамуына көп көңіл бөліп келеді. Мемлекетіміздің басты бағыты халықтың әл-ауқатын арттыру, ел экономикасын көтеру мен тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамассыз ету Бүгінгі күні бұл мақсат «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы төңірегіне шоғырланып отыр. Демек «Мәңгілік Ел» идеясы ұлттық қана емес, сонымен бірге жалпықазақстандық деп айта аламыз» деді.

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология иститутының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Дәуітхан Рахымқұлов партияның жас буынын Қазақстанды көркейту жолына бар күш жігерлерін салып, белсенді болуға шақырды. Ол өз сөзінде: «Өркениетті 30 елдің қатарына қосылу тек экономиканы, технологиялық, саяси жүйені модернизациялаумен шектелмейтіні белгілі. Сонымен бірге бұл жолда халықтың рухын, мәдениетін, патриоттық сезімін оятудың да маңызы зор. Елбасы жолдауда болашақ жастарға ерекше назар аударып, оларды «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы басты қозғаушы күш деп таныйды. Сондықтанда жастар қоғамда жүріп жатқан үдерістерді талдай алуға және сыни ойлау қабілеттерін үнемі шыңдауға ұмтылуы қажет. Сонда ғана олардың бойында патриоттық сезім қалыптасады» деді.

Жиын барысында Ғылыми зерттеу институттары мен «Ғылым ордасы» жастарын «Нұр Отан» партиясы құрамына қабылдау рәсімі өткізілді.


Мәлімет "Ғылым ордасы" РМК сайтынан берілді


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?