Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан тарихы: Инновациялық тұжырымдамалар мен дәуірлеу ғылыми танымның басым бағыттары.

29214
Қазақстан тарихы: Инновациялық тұжырымдамалар мен дәуірлеу ғылыми танымның басым бағыттары. - e-history.kz

Ғылыми білім ауқымының кеңейіп, онда шынайылықтың көрініс табу деңгейі арта түскен сай-ын ғалымдар жаңа білімге қол жеткізуге мүмкін деген əдістер мен тəсілдерді талдауға жəне негізде-уге талпыныс қарқынын күшейте түседі. Жаңа ғылыми білімді алудың тəсілдерін зерделеуді ғылым методологиясы жүзеге асырады[1, с. 7-8]. Сондай-ақ ол танымның одан əрі дамуына жол ашып, оның  ауқымының  кеңеюіне  қызмет  етеді.  Таным  білімді  игерумен  сипатталатын  рухани  əрекет болғандықтан, ол аяқталған нəтиже түрінде емес, шынайылық сипатқа ие анағұрлым толық, əрі терең білімге ұмтыла түсетін үрдіс іспеттес. Ол адамның шығармашылық ізденісімен тығыз байланыста да-мып, оның қоғамдық, тарихи үрдістегі өз орнын айқындауына ықпал етеді. Сонымен бірге таным мен методология өзара байланыста дамиды. 

Ғылыми танымның жетілуімен бірге жаңа білімге жетуге жол көрсететін ұстанымдар, тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасады немесе оларға деген көзқарас өзгеріске түседі. Бұл, əрине, тарих ғылымына, оның жекелеген проблемаларын зерделеуге, соның ішін-де патшалық Ресейдің үстемдігі дəуіріндегі Түркістан өлкесі халықтарының өзара байланыстары тари-хын қарастыруға да қатысты.

Көрнекті  неміс  философы  Карл  Ясперстің  пайымдауынша,  тарих  тұжырымдамасының  міндеті бүгінгі дəуірді түсінуге ықпал етумен қатар, ондағы орнымызды көрсету болып табылады[2, с. 99]. Бірақ осы міндетті атқарады деп түрлі кезеңдерде ұсынылған бірқатар тұжырымдамалар таным ауқымының кеңеюіне сəйкес теріске де шығарылады. Мұндай жағдай ғылыми таным методологиясын зерттеуші Г.И. Рузавиннің пікірінше, ғылым саласындағы алға басудың, теория мен зерттеу тəсілдерінің жетіліп жатқандығының көрінісі болып саналады[1, с. 28].

Толығымен мына жерде оқи аласыз: Қазақстан тарихы: Инновациялық тұжырымдамалар мен дәуірлеу ғылыми танымның басым бағыттары. 
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?