Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Адамның жаратылуы туралы аңыз

29112
Адамның жаратылуы туралы аңыз - e-history.kz

Адамның жаратылуы туралы аңыз

«Тенгрианство: мифы и легенды древних тюрков» атты О. Жанайдаровтың кітабынан, жылқы малына байланысты қазақтардың кейбір салт-дәстүрлері мен сенімдері. 

Ай – түнгі шырақ, ежелгі адам үшін уақыт, тәулік, күн, ай, жылды өлшейтін аспап ретінде болған. Ай фазасының өзгеруі – онымен геофизикалық және физиологиялық құбылыстардың сәйкес келуі көптеген мифологиялық түсініктердің негізіне жатты.

Ай циклі – әрбір 27 күн 7 сағат және 43 минут сайын Ай жұлдыздар арасында бұрынғы көрінетін қалпына оралады. Бұл жұлдызды немесе сидерикалық ай. Айдың толған кезі немесе айдың тууы кезінің және өзге де фазалардың қайталануы 29 күн 12 сағат 44 минуттен кейін басталады. Бұл синодикалық ай.   

Ай туғаннан кейін, Айдың бірінші ширегі 7 күн 10 сағаттан кейін, екіншісі – 14 күн 18 сағаттан кейін – айдың толған кезі, үшіншісі – 22 күн 3 сағаттан кейін, төртіншісі – келесі жаңа айда басталады.

Ай планетасы бойынша ай 28 күннен тұрады, ай туғанда ай бір-екі күн көрінбейді. Оны 28 күнге қосайық... Міне, толық ай да шықты.

4 саны – жылдың төрт мезгілін, әрқайсысы жеті күннен тұратын айдың төрт кезеңін білдіреді. Жетіні екіге көбейтсек – 14, жарты ай.  

Мүсіндердегі кесіктерде ежелгі адамдар апталарды, жарты ай мен айларды белгілеген.

Мұндағы басты сан 7 (ЖЕТІ). Жеті - Мен (Семь - Я, "семья") – кездейсоқ тіркес емес.

«Жеті қарақшы» - 7 жұлдыз, «Үркер» - 7 жұлдыз. Жеті планета – ежелгі астрономдарға танымал және де көзге көрінетін планеталар:

Күн, Ай, Шолпан, Марс, Балпан (Меркурий), Юпитер, Сатурн.

Осы планеталар түнгі аспан бойынша жұлдыздар арасында шарлайды. Қалғандары, көзге көрінбейтіндері,олардың санына кірмеген.

Палеолиттік ою-өрнекте 7 саны ең бастысы болып саналады, ол көптеген ертегілер мен аңыздарға, мифтерге енген.

Еуропа ою-өрнегіндегі өрнектің кескін үйлесімі ай күнтізбесі мен есебіне барып тіреледі, және де сібір және өзге де елдердің ғарыштық символикасына сай келеді.

Еуразия халықтарында палеолиттік уақытында бір дін мен бір мифология болуы ықтимал, олардан кейін басқа мифологиялар мен діндер шыққан.

Жүйелі әйел циклі (әйелдердің етеккірі) болып табылатын, ай циклінің негізінде ежелгі Шолпанның көптеген біркелкі мүсіндерінде бейнеленген, әйел ата-бабаға табыну пайда болды.  

Айға табыну және Әйелге Табынудың – мәні бірдей, олар біртұтас. Алғашқы дін осындай болған, аналық дәуірдің біртұтас наным-сенімі.

Сол себептен ежелгі құдайлар түнгі құдайлардан пайда болады.

Ежелгі уақыттың әйел мүсіні – Сібір құдай анасы – құдайдың алғашқы бейнелеуі. Осылайша, құдайдың алғашқы мүсіндік бейнесіне – атап айтсақ Матриархат әйел құдайына – 20-дан 50 мың жылға дейін.

Ежелгі өрнекте қолдағы саусақтар саны бойынша 5 және 10 сандарын пайдалану, және әйелдер мүсініндегі өрнекте жартылай айлы кесіктерде 7 саны ежелгі адамның түрлі сандар мен олардың комбинациясымен әрекет жасай алу дағдысымен түсіндіріледі.

Ежелгі сібір халықтарында әйелдер ай күнтізбесінің сақтаушылары болған. Бұл олардың ана міндеттерімен тікелей байланысты, Ай фазасы бойынша 7 тең, олар бала туу мерзімдерін санаған. Жүктілік 10 айлық айға, 280 күнге, қырық аптаға созылатыны мәлім 7х40. ...Осы мерзімнің тура жартысына нәрестенің ана құрсағындағы алғашқы қозғалуы келеді.

Байырғы тарихпен айналысқан, Гарвард университеті ғалымдарының деректері бойынша палеолитте ай күнтізбесі болған.

Тағы да 7 саны туралы. Түрлі түсті көру нүктесі – кемпірқосақ жеті түстен тұрады. Ежелгі адамдар осы феноменге табынған, және де кемпірқосақ түстерінің саны – 7 сыйқырлы сан болып есептелген.

Екінші анатомиялық гипотеза.

Байырғы адамдар өздерінің дене бітімдеріне назар аудармай қоймаған, онда жетілік топтар бар: бастың жеті жырығы (екі көз, екі құлақ, екі танауы, аузы). Жеті көрінетін дене мүшесі (бас, мойын, дене, екі қол, екі аяқ). Қолдың көзге көрінетін бөлімдері – бес саусақ, білек, иық. төс сүйекке бекілетін, жеті жұп қабырға.  

Осы сандық заңдылықты Леонардо шеңбер-сфераның ішіне адамды бейнелеп көрсетті.  

Қоршаған орта және оның құрылымы туралы ақпараттың басты көздері ретінде болған сезім ағзасы жетеу болса, 7 (Жеті) саны өмір, ой-сана, ақыл белгісі бола ала ма? Адамды белгілейтін иероглиф.

Музыкада – жеті нота.

Шумерлер жеті санымен Жер жүзін белгілеген.

«Жеті саны – бұл барша», - деп айтқан ежелгі грек математигі Пифагор.

Байырғы ой-сана әлем тануында бөліктерден тұтасқа (1+1=2;2+1=3 және т.б.) ғана емес, Жер жүзі бейнесінен тұтастан оның бөлігіне әкелген.

Жеті санына деген басқа көзқарас (көз) және жады назары орталығында көп емес, дәл 7 санын ғана есте сақтау шұғыл қасиеттерімен түсіндіріледі.

Адамның жаратылуы туралы ең ежелгі эпикалық шығарма «Атрахасис туралы аңыз» атты шумер жырында былай делінген:

«Бірінші айдағы, жетінші және он бесінші күндері

Ол (Энки) арылту жорасын жасады.

Ой-санада «Данышпан» құдай,

Олар (құдайлар) өз жерінің жиналысында өлтірген.

Оның денесінен, оның қанында

Нинту құдай әйелі саз иледі...

... он төрт бөлік сазды бөліп,

Жетеуін оң жаққа,

Жетеуін сол жаққа салады,

Олардың арасына кірпіштерді қалайды.

Даналық пен тану кезінде

Туу құдай әйелі – жеті және олардың жетеуі,

Олар жеті күйеулерін жаратты,

Содан соң жеті әйелді жаратты»... және т.б.

Бүкіл континенттер халықтарының мифтерінде 7 батырдың, қандас туыстардың  үлгілік бейнесі бар. Ежелгі мадьярларда (венгрлерде) аты аңызға айналған 7 көсем бар. Шумерлерде жеті бас құдай. Славяндардың жетіжүзді құдайлары. Үркер – ежелгі грек мифінің жеті сұлу әпке-сіңлілері. Жеті қарақшы – қазақ фольклорынан алынған. В.Я.Пропп «Ертегі морфологиясында» түрлі халықтардың ежелгі сиқырлы ертегілерінің құрылымы бірдей, әрекет 7 рөл, 7 кейіпкерді қамтиды. Одан аз да, көп те емес.

Скифтердің жеті бас құдайлары.
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?