«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

56 медалі бар Қажымұқанның 4 медалі сақталған

3847 0
56 медалі бар Қажымұқанның 4 медалі сақталған
Қазақтың аңыз адамы. Ұлт тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Ғұмырын күрес өнеріне арнаған

Сол кезеңде қандастарымыздың аяғы баспаған, әлемнің түкпір-түкпір елінде болған, өзге қазақ тақпаған медальдің түр-түрін мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз туралы 10 деректі оқи отырыңыздар.

  1. Қажымұханның 5-ке жуық лақап аты болған. Олар: Муханура, Қара Иван, Қызыл бетперде, Ямагата, Қара Мұстафа
  2. 1944 жылы Ленинград майданының аспанында Қажымұханның өз ақшасына жасатқан, «Ленин үшін, Отан үшін» деген жат ұрандардан бөлек, ерекше ұшақ пайда болды. Ұшақтың бір жағында –Амангелді Иманов деп жазылса, екінші жағы– Қажымұқан Мұңайтпасов деген жазулары болды
  3. Қажымұқанның жалпы саны 56 медалі болған. Бірақ содан бар-жоғы 4-ақ медаль сақталған.
  4. Қажымұқан джи-джитсу тәсілімен күресіп, Америка чемпионы атанған.
  5. Дүниежүзінің 28 мемлекетінде болған. Мысалы: АҚШ, Жапония, Аргентина, Франция, т.б
  6. Қажымұқан туралы 1986 жылы «Знай наших» көркем фильм түсірілді. Басты рөлді сомдаған Әуелхан Бекболатов ауылда қарапайым тракторшы болған.
  7. Спорт шебері атағын беруге бір күн қалғанда, Қажымұқан өмірден өтті.
  8. Қажымұқанға дейін егіз ағасы болған. Есімдері: Асан-Үсен.
  9. Қажымұқан Түркия елінде Нұрлы атты балуанды жеңеді. Ыстамбұл қаласының басшысы Шәгір паша Қажымұқанның білегі мен күшіне тамсанып, бірге Мекке қаласына қажылыққа шақырады. Қажылықтан Мұқан Мұңайтпасов Қажымұқан болып келді.
  10.  Қажымұқанның әйелі Надежда Чиповская мұсылмандықты қабылдағаннан кейін есімін Бәтима деп өзгертеді.

Оқыңыз: Қажы Мұқан өмірінің жылнамасы
 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English