«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Қоңыр даланың хош иісі

1947 0
Қоңыр даланың хош иісі
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтың ұлттық мәдениетіне жаңа леп келді. Көне мейрам Наурыз қайта жаңғырып, ұмыт болған ұлттық ойындар мен қолөнеріміз орала бастады

Қазір ұлттық мерекелермен және фестивальдармен ешкімді таңғалдыра алмайсың – осы жаздың өзінде ғана Семей мен Таразда қымыз фестивалі өтті. Ата-баба дәстүрін алыс-жақын шетелдегі қандастарымыз да ұмытпайды. Мысалы, Омбыда қазақ мәдениетінің Сібірдегі орталығы «Мөлдір» «Қымыз мейрамы» фестивалін ұйымдастырды. Жуырда біз, қымыз өндіру дәстүрі туралы жазғанбыз, ол туралы бізге қымыз жасау шебері Ақыш Келдібековтың ұрпағы – қазіргі уақытта Канадада тұрып жатқан Нұрлан Келдібеков жеткізген болатын.

Осыдан 25 жыл бұрын Ақмола жерінде қалалық әкімшілік Қымыз күнін – қымызмұрындық ұйымдастырған болатын. Бұл туралы «Целиноградская правда» газетінде В. Фиронова былайша сипаттап жазады. 

«– Эх, осы мейрамды күйіп тұрған асфальтта атап өтуге тура келіп тұрғаны өкінішті-ақ, – деді Қазақ музыкалық-драма театрының бас режиссері Жақып Омаров өкінішін білдірді, – шіркін, қазір табиғатқа, далаға, өзенге шықса ғой!... Дегенмен, кейбір кемшіліктерге қарамастан, Ақмоладағы қалалық әкімшіліктің мәдениет бөлімімен жан біткен қазақ халқының көне мейрамы – Қымыз күні – әсерлерге толы өтті. Орталық алаңда орналасқан әрбір киіз үй ашық аспан астында орналасқан ерекше музейге айналды. Мына бір сандал ағашынан ХІХ ғасырдың аяғында қымыз құюға арналып, асқан шеберлікпен жасалған ожауды және дәл осындай көне тегешті енді қашан көреміз десеңізші?!  Талайды көрген самауыр мен көлемімен таңғалдыратын қазан.  Талқы – тері илеуге арналған құрал, қолдан тоқылған кілемдер, өздерін жасап, сақтап қалғандардың «қолының жылуы» әлі де сезіліп тұрғандай небір экзотикалық заттар және т.б. «Ильинов» кеңшарының, Киров атындағы совхоздың Талапкер бөлімшесінің, С. Сейфуллин музейінің, Целиноградсельмаш зауытының, Салтанат сарайының және тарихи-өлкетану музейінің киіз үйлері ұлттық дәстүрге деген ерекше сүйіспеншілікпен безендірілген. «Ақмола» және «Қараөткел» дүкендері мен «Ақбұлақ» кафесі ұсынған ұлттық тағамдар таласа өтіп жатты.  

...Денсаулық пен сергектік сусыны – қымыз мерекенің басты «кейіпкері» болды, оны ұсынудың өзі әсемділігі, адамдардың бастарын біріктіретін күші бар салт-жора ретінде атап өтілді. Қазақстар үшін қымыздың уақыты әрқашан да бір-бірімен араласу қуанышымен суреттелетін. Бүгінгідей жексенбі күні де ол адамдардың бастарын бір жерде қауыштырды. Қымыздың қырық түрі болады деседі.  

Бәрі де қоспаға: қант па, бал ма, қазы ма, алма шырыны ма соған байланысты... Дәм сарапшылық комиссиясы қырық болмаса да, он екі қымыздың дәмін татып көрді. Бұл күні қымыз дайындау шеберлігімен ильиновкалықтар тәнті етті. Мейіз қымыз, сүр қымыз, бәйбіше қымыз, май қымыз... Қайсысын алсаң да, шетінен шеберлер. Тазагүл мен Дәметкен Әбілдиновалар, Жұмагүл Бейсенова, Дәмеш Жекеева, Айман Жидебаева. Ильиновтықтардың киіз үйінде болып, онда басына қызғылт орамал байлап алып, достарына өзі дайындаған қымыз ұсынып жүрген әйел – Гүлжан Тоқабаеваны байқамау мүмкін емес.

Дегенмен, қымыз дайындауға оған бүкіл отбасы: жұбайы Жоламан, қызы Гүлнәр, ұлы Ерғали, келіні Ләйлә көмектесті. Гүлжанға қарап тұрып, еріксізден есіме Сәкен Сейфуллиннің мына бір өлең жолдары түсті:

«Тегенеге қымызды толтырып ап,

Аты шыққан бәйбіше мырза қолды.

Тегенені қойғызып қарсы алдына,

Сапырады құлаштап оңды-солды».

Мерекенің сиқырлы болғандығы соншалық, тіпті қала табиғатының көрінісіне назар салғың да келмеді. Домбыра ойнап, күй күмбірлеп, әткеншектер көкке самғап, тілдік кедергілер құлап жатты. Мереке бәрінің басын қосып, біріктірді. 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English