
Археология саласы тағы бір тың жаңалықпен толығып жатыр. Нақты айтар болсақ, Моңғолиядан Сәнбейлер (Сяньби) дәуіріне жататын жерасты кешені табылды.
Экспедиция жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, археология кафедрасының доценті Идэрханғай Төмөр-Очир есімді ғалым.
Бұл жаңалық Моңғолия аумағында сәнбей кезеңіне жататын алғашқы ірі әрі бұзылмаған археологиялық олжа ретінде бағаланып отыр. Оның айтуына, көне кешен ежелгі сәнбей мемлекетіне қатысты болуы мүмкін. Кешен Орхон және Сэлэнгэ өзендері аралығынан табылған. Кешен ауқатты адамға арналып салынған.
Идэрханғай Төмөр-Очирдің жазуынша, Сэлэнгэ аймағына қарасты Ерөө елдімекенінен шамамен 1800 жыл бұрынғы Сяньби дәуіріне жататын, жақсы сақталған асыл тұқымды адамның қабірі табылды. «Бұл жаңалық Моңғолия аумағында Сяньби кезеңіне жататын алғашқы ірі әрі бұзылмаған археологиялық олжа ретінде бағаланып отыр», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Айтуынша, қазу барысында қабірден қалыңдығы 7 см болатын екі ағаш табыт шыққан. Табыттың бас жағында қара сиямен салынған таңбалар мен өрнектер бар. Одан бөлек, жылқы сүйегі, ағаш арба, саздан жасалған құмыра және құрбандық шалу орнына қойылған өзге де заттар табылған.
Қазіргі таңда археологтар мен зерттеушілер негізгі қабірді табу мақсатында қазба жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, бұл орын алғаш рет 2019 жылдың күзіне қарай Моңғолия мемлекеттік университетінің Көшпелі археология институтының археологтары тарапынан анықталған болатын. 2022-2024 жылдары мұнда мұқият өлшеу жұмыстары мен 3D-құжаттандыру жүргізілген.

Енді осы Сэлэнге аймағынан табылған археологиялық сенсациялық жаңалық туралы тереңірек ақпараттарға назар аударсақ:
Орналасқан жері:
Моңғолия, Сэлэнге аймағы, Ерөө сұмынынан табылған бұл қабір - бұзылмаған кешен болып отыр. Онда Сяньби дәуірінің (III–VII ғғ.) ықпалды тұлғасы жерленген болып шықты.
Қазба жұмыстарына Моңғолия ұлттық университетінің археология кафедрасының оқытушысы, доктор Т.Идэрхангайдың жетекшілік етіп отыр.
Қазба жұмыстарына 20-дан астам археолог, студент, түрлі музей мамандары мен реставраторлар атсалысып жатыр.
Тарихи нысан қалай табылды?
2019 жылдан бастап Ерөө аумағында археологиялық барлау жүргізілген. Ал 2025 жылы бұл аймақта автожол салына бастаған кезде, жол трассасы тікелей тарихи қабір кешенін басып өтетін болып шыққан. Осыған байланысты археологтар жедел түрде қазба жұмыстарын бастап кетті.

Кешеннен табылған жәдігерлер
Басында айтып өткеніміздей, қабір кешені толық, тоналмаған әрі өте жақсы сақталған. Қазба жұмыстары барысында 5 жерлеу орны ашылған. Соның ішінде ең ірісі — «№14 бунхан» (қабір), тереңдігі 4,5 м, ұзындығы 20 м. Бұл қабірде екі ағаштан ойып жасалған табыт, матаға оралған денелер, шаш, аяқ киім, киім үлгілері шыққан. Олардың барлығы да барлығы бастапқы күйінде сақталған.
Киім мен шаш ерекшелігіне қарап, бір мәйіттің ақ шашты, екіншісінің шашының қоңыр түсті болғаны анықталды.
Қолдан жасалған 2 ағаш ат,
Жүген мен күйме бөлшектері,
Қыш ыдыстар мен ерекше құмыралар,
Қабір үстінде қара және ақ маталарда бейнеленген символдық суреттер,
Қабір жанына қойылған құрбандық орны мен шағын ағаш үстел табылған.
Сондай-ақ түрлі пішінді қуыршақтар, қыштан жасалған пеш, 3 дана қола құмыра шыққан. Бір қызығы бұлар Сяньби кезеңіне қатысты бұрын-соңды кездеспеген олжалар болып отыр.
Археологиялық және тарихи маңызы
«Бұл қабір - Сяньби мен Хунну кезеңдері арасындағы мәдени өтпелі сәтті көрсететін бірегей археологиялық нысан. Мәселен, қабір құрылысы Сяньби дәстүрінде жасалғанымен, ішкі қойылымы Хунну стиліне тән. Бұл - Моңғолия аумағынан табылған төртінші Сяньби кезеңіне тән қабір.Бұл сонымен қатар Сяньби халқының шығыс Моңғолияда ғана емес, Сэлэнге өзені бойында, қазіргі Моңғолияның орталық-солтүстік аймағында да өмір сүргенін дәлелдейді», - дейді Моңғолия ұлттық университетінің археология кафедрасының оқытушысы, доктор Т.Идэрхангай.
Сондай-ақ, доктор Т.Идэрхангай мен П.Эрдэнэпүрэв бастаған зерттеушілер бұл археологиялық кешеннің тек жерлеу рәсімін емес, Моңғол халқының тарихи тамырын, мәдени сабақтастығын дәлелдейтін ерекше дерек екенін айтады. Мәселен, қазіргі Моңғолиядағы кейбір жерлеу рәсімдері Сяньби дәстүріне ұқсас.
Қазба және зерттеу жұмыстарына Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар министрлігі, Мәдени мұраны сақтау жөніндегі ұлттық орталығы, МУИС археологтары жәнемузей қызметкерлері қолдау көрсетіп жатыр. М.Оюунтулга бастаған консервация тобы артефактілерді 35 градустық ауада бүлдірмей тасымалдау үшін арнайы әдістер қолданған.
Сэлэнге аймағынан табылған бұл қабір — тек қазына емес, Моңғолия тарихының жоғалған беттерін қайта ашуға мүмкіндік беретін құнды дерек. Бұл Сяньби мен Хунну мәдениетінің сабақтастығын, Моңғол жерінің ежелгі тұрғындарының өркениетін дәлелдейді.

Идэрхангай Төмөр-Очир (Tumur-Ochir Iderkhangai) – Моңғолиядағы археология және тарих саласындағы белгілі ғалым, Улаанбаатар Мемлекеттік Университетінің Археология кафедрасының оқытушысы. Оның зерттеулері негізінен Моңғолияның көшпелі халықтарының мәдениеті мен тарихына, әсіресе Хүннұ және Сяньби дәуірлеріне бағытталған. Ол 860-тан астам дәйексөзге ие болған ғылыми мақалаларымен танымал.
Сяньби мәдениеті туралы
Сяньби мәдениеті туралы Сяньби (Xianbei, 鮮卑) – б.з. І-II ғасырларда Моңғолия, Солтүстік Қытай және Маньчжурия аймақтарында өмір сүрген көшпелі тайпалар конфедерациясы. Олар Хүннұ империясының ыдырауынан кейін Орталық Азия мен Шығыс Азияның саяси және мәдени сахнасында маңызды рөл атқарған. Сяньби мәдениеті Хүннұ, Түрік және өзге де көшпелі халықтардың дәстүрлерімен тығыз байланысты болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен даралған.Тарихи контекстСяньби тайпалары Хүннұ империясының әлсіреуімен (б.з. I ғасыр) Солтүстік Моңғолия мен Сібірдің оңтүстік аймақтарынан бастап билікке көтерілді. Олардың шығу тегі туралы нақты мәліметтер аз болғанымен, қытай жылнамалары (мысалы, «Хоу Ханьшу» және «Саньго чжи») оларды Дунху (東胡) тайпаларының ұрпақтары ретінде сипаттайды. Сяньби тайпаларының ішіндегі ең танымал топтар – Муюн (慕容), Тоба (拓跋), және Цифу (乞伏) болды. Олар IV-V ғасырларда Солтүстік Қытайда бірнеше мемлекеттер (мысалы, Янь мемлекеттері және Солтүстік Вэй) құрды.Мәдениет және өмір салтыКөшпелі өмір салты: Сяньби тайпалары негізінен мал шаруашылығымен айналысқан, әсіресе жылқы өсіруде шебер болған. Олардың экономикасы мал шаруашылығына, аңшылыққа және саудаға негізделген. Жылқы олардың әскери және мәдени өмірінде орталық рөл атқарған, бұл олардың Хүннұ дәстүрлерін жалғастырғанын көрсетеді.
Материалдық мәдениет:
Археологиялық олжалар, соның ішінде Ерөө (Селенге) аймағындағы қазба жұмыстары, Сяньби мәдениетінің материалдық байлығын ашады. Мысалы, ағаш табыттар, матаға оралған олдворлар, қара сиямен салынған суреттер, ағаштан жасалған аттар мен арбалар, саздан жасалған құмыралар Сяньбидің шеберлігін және рәсімдік дәстүрлерін көрсетеді. Бұл заттардың көпшілігі құрбандық рәсімдеріне байланысты болған.
Қорымдар мен рәсімдер:
Сяньби қорымдары Хүннұ дәстүрлерімен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Ерөөдегі қорымдарда байқалғандай, олар төртбұрышты шұңқырлар қазып, бөренелермен нығайтылған қорымдар салумен қатар, су ағызу арықтары мен топырақ үйінділерін қолданған. Бұл Хүннұ мен Сяньби мәдениеттерінің аралас сипатын көрсетеді.
Өнер және символизм:
Сяньби мәдениетінде анималистік бейнелер (әсіресе ат, бұғы сияқты жануарлар) және геометриялық өрнектер кең таралған. Ерөө қорымынан табылған табыттағы қара сиямен салынған суреттер мен белгілер олардың рухани және діни сенімдерін зертттеуге мүмкіндік береді.