Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Пәкістанда қазақтың ұлы ақыны Абайдың "Таңдамалылар" жинағы жарық көрді.

1957 жылдың 19 қыркүйегінде Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашты.

1994 жылдың 19 қыркүйегінде жоғары деңгейлі .kz домені ресми түрде тіркелді

1994 жылдың 19 қыркүйегінде жоғары деңгейлі .kz домені ресми түрде тіркелді

2005 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңа жол ауылында батыр Бауыржан Момышұлына ескерткіш орнатылды

- = -

Қазақ мультфильмінің атасы Әмен Қайдаровтың дүниеге келген күні

26447
Қазақ мультфильмінің атасы Әмен Қайдаровтың дүниеге келген күні - e-history.kz
3.6.1923 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданында дүниеге келген – кинорежиссер, суретші, 1974 жылдан ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. ІІ-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1951 жылы Алматы суретшілер училищесін бітірген соң «Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдарының редакцияларында жұмыс істеді. 1958 – 65 жылы Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет факультетінде оқыды. 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеді. 1976 – 81 жылы Қазақстан кинематографияшылар одағы басқармасының мультипликациондық кино және шығармашы жастар арасындағы жұмыс жөніндегі хатшы, 1981 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының хатшысы болды. Ол – Қазақстандағы мультипликациондық кино өнерінің іргесін қалаушылардың бірі. 1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша халық ертегісі негізінде тұңғыш түрлі түсті «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультипликациондық фильм жасалды. Осы мультипликациондық фильм Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда (1968), Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациондық фильмдер фестивалында жүлде (1975) алды. Сондай-ақ, Қайдаров «Құйыршық» (1969), «Жанар» (1972), «Күн сәулесінен пайда болған көжек» (1975) атты мультипликациондық фильмдерді жасап, қойды. 1980 жылы Қайдаровқа «Ақсақ құлан» (1968), «Қожанасыр – құрылысшы» (1970), «Қырық өтірік» (1978) сияқты мультипликациондық фильмдер топтамасы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлық берілді. Өзі қойған бірсыпыра фильмдер сценарийінің авторы. «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған.