Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Палуан Бақыт және Мәскеу Олимпиадасы

648
Палуан Бақыт және Мәскеу Олимпиадасы - e-history.kz

Сурет: kaznews.mn

Моңғолиялық қазақ палуаны Бақыт Одынайұлы қатысқан тарихи дода Мәскеу Олимпиадасына – 45 жыл. 

Биыл 1980 жылғы Мәскеу жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатынан бері 45 жыл өтті. Бұл – КСРО тарихындағы алғашқы және жалғыз Олимпиада ғана емес, әлемдік спорт тарихында да саяси және мәдени маңызды зор ойындар ретінде есте қалған.

Мәскеу Олимпиадасы 1980 жылдың 19 шілдесі мен 3 тамызы аралығында өтті. Қатысушы 80 елдің арасында көптеген социалистік мемлекеттермен қатар, Моңғол Халық Республикасы да өз спортшыларын жіберді. Алайда, АҚШ бастаған Батыс елдерінің бойкоты салдарынан көптеген елдер жарыстан бас тартты.

Оқи отырыңыз: Күрес өнерінің қаршығасы

Моңғолия және қазақ спортшысы
 Осы Олимпиадада Моңғолия құрамасы атынан күрес түрінен шыққан палуандардың қатарында қазақ халқының палуаны — Бақыт Одынайұлы да бар еді. Ол еркін күрестің (+100 кг) салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап, Олимпиада кілемінде күш сынасты.

Бақыт Одынайұлы — 1954 жылы туған, бойы 188 см, салмағы 96 кг, өз заманындағы Моңғолияның ең ірі денелі палуандарының бірі болды. Оның спортқа қосқан үлесі, әсіресе этникалық қазақ жастары үшін шабыт пен мақтаныштың символы болды.

Мәскеу Олимпиадасының ерекшеліктері

Олимпиада бойкот болғанына қарамастан 203 жарыс 21 спорт түрі бойынша өткізілді.

КСРО 195 медаль алып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. 

Олимпиаданың ресми символы — аю яғни Миша, ол кеңестік символизм мен балалар әлемінде ерекше орын алды.

Қазақ спортшыларының халықаралық ареналарға шығуы — қазақ халқының күш жігерін көрсетіп, келер ұрпаққа жол ашты.

Бақыт Одынайұлы сол жолдың алғашқы ізашарларының бірі болды.

kaznews.mn

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?