Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тарихшы Әділгереев Халел Мұхамеджанұлының туылған күні

Ташкентте «Түркістан уалаятының газеті» алғаш рет қазақ тілінде жарыққа шыға бастады

- = -

1993 жылы «Болашақ» Мемлекеттік бағдарламасы құрылды

26045
1993 жылы «Болашақ» Мемлекеттік бағдарламасы құрылды - e-history.kz
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамашылығымен кадрларды даярлау және жетекші шетел университеттерімен білім беру байланысын дамыту үшін «Болашақ» Мемлекеттік бағдарламасы құрылды.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың1993 жылғы 5 қарашадағы№ 1394 Жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылды, қазіргі таңда елдің бәсеке қабілетті кадрлық әлеуетін қалыптастыруды жалғастыруда, - деп хабарлайды Халықаралық бағдарламалар орталығы. Елбасы бірнеше жылдар бойы «Болашақ» бағдарламасына ерекше назар аударуда. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында білім беру қызметтерінің қол жетімділігі және елдің барлық өңірлеріндегі және негізінен ауылдық жерлердегі дарынды жастардың «Болашақ» бағдарламасына қол жетімділігі өзекті мәселе болып табылатындығын атап өтті. Осы жылы құжаттарды қабылдау магистратура, докторантура, ғылыми, педогогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамадан өту бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2012 жылғы 14 мамырдан 1 қазанға дейін, өз бетінше түсетін санаттар үшін 2012 жылғы 14 мамырға дейін ұзартылды. Осы ақпараттық компания және бұрынғы бағдарламаны іске асыру, оған «халықтық» сипат беруге: қол жетімділікке, ашықтыққа, тосқауылдың болмауына мақсатталды.