Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Тауфик Исмайлов

1792
Бір суреттің тарихы. Тауфик Исмайлов - e-history.kz

3944f77f538f25852114d205bc113dea.jpg

02.05.2016

Исмайлов Тауфик Естекбайұлы 1915 жылы 27 қаңтарда бұрыңғы Семей облысы, Жаңасемей ауданы, Озерка өңірінде қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1923 жылы жеті жасында оқуға қабылданып, одан әрі 1931 жылға дейін Семей қаласында оқиды. 

Комсомоль жұмыскері қатарында болып, кейін аудандық комсомольдың бірінші секретарі болады. 1942 жылы қазан айында Совет армиясы қатарына қабылданып, екінші Беларусь фронтында   380 атқыштар дивизиясында  соғысқан. 

Соғыстан кейін "Қызыл Жұлдыз" орденімен I және II дәрежедегі Отан соғысы, Даңқ Ордені, сонымен қатар «Ерлігі үшін», «Германияның жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Тауфик Естекбайұлы  1974 жылы 13 желтоқсанда өмірден өтті. 

Тауфик Естекбайұлы 11 баланы тәрбиелеп өсіріп, бәрін оқытты. Олардан тараған немере мен шөберелердің қызық-қуанышын көрді. Сол Ұлы Отан соғысы тұсындағы ерліктері мен қаһармандық қасиеттерін бүгін батырдың ұрпақтары үлгі тұтады. 


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?