Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

160 жыл бұрын Есет батыр жасақтары А.Жантөрин сұлтанның лагеріне шабуыл жасап, оны өлтірді

21 жыл бұрын Алматыда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Президенттері кездесіп, көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

- = -

160 жыл бұрын Есет батыр жасақтары А.Жантөрин сұлтанның лагеріне шабуыл жасап, оны өлтірді

26507
1858 жылы қыркүйекте Сам құмында жеңілген Есет батыр көтерілістен бас тартып, патша үкіметіне адал қызмет етуге уәде берді.
Бұл көтерілістің шығуына Арал теңізінің батыс жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз, Жем өзендері бойын мекендеген шекті руына түтін салығын салу, әскери мақсат үшін күш-көлік алу, бекініс салынуы салдарынан мал жайылымының тарылуы себеп болды.