Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ неге сиыр етін жемеген?

921
Қазақ неге сиыр етін жемеген? - e-history.kz

Сурет: abai.kz

Танымал тарихшы, этнолог Ахмет Тоқтабай қазақ халқы бұрын сиыр етін жемегенін айтты. Ол бұл туралы Qalam.global.qaz жобасына берген сұхбатында айтып, қазақ халқының өмір салты туралы күтпеген мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды e-history.kz порталы. 

«XIX  ғасырдың соңында, XX ғасырдың басында орыстар қазақ жерін зерттеген, экспедициялары көп жүрді. Сонда қазақтың байығанын, ауқаттанғанын мынадан көруге болады дейді. Ол бірінші қысқа, соғымға жылқы сояды міндетті түрде. Содан кейін жай ат мінбей, жорға ат мінеді. Содан кейін көп қымыз ішеді дейді. Осыдан қазақтың бай, ауқатты екені осы факторлардан байқалады дейді. 

Сосын қазақ сиырды бұл кедейдің асы дейді екен. «Говядина пища бедных» дейді. Солай ашық жазған. Себебі қазақ сиырдың етін аса көп жемейді ғой. Бұрын жемеген. Енді Совет үкіметі келгеннен кейін бәрін дейтін болдық қой. Сол заманда аз жеген. Негізіген жылқы, қой жеген. Осы екі түлік. Сосын әрине түйе», — деп түсіндірді этнолог А. Тоқтабай. 

Айта кетер болсақ, Қазақстан жерінде қола дәуірінен бері ірі қара мал өсірілген. Қола, ерте темір дәуірі ескерткіштерінен табылған сиыр сүйектері де ірі, орташа, ұсақ сиыр тұқымдарының болғандығын көрсетеді. Көшпелілер малының құрамында ірі қара аз болды. Қола дәуіріне қарағанда көшпелілік пайда болған ерте темір дәуірінде сиыр малы азайды. Тек қана үлкен өзен-көлдердің (Сыр, Ертіс, Жетісу аймақтары) маңын мекендеген жартылай көшпелі тайпалар сиыр өсірген.  Ортағасырлық монғол көшпелілерінде қысы-жазы өз аяғымен жайылуға бейімделген, жүні қалыңдау сиыр тұқымы өсірілген. Далалы, шөлейтті аймақтарды мекендеген көшпелілерде сиырдың осындай тұқымы кеңірек таралған болуы керек.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?