
Италияның Лацио облысы Барбарано-Романо қаласының маңындағы Сан-Джулиано некрополында (Римнен шамамен 70 км солтүстік‑батыста, Витербо провинциясында) бүтін күйіндегі этруриялық қабір табылды. Б.з.д. VII ғасырдан сақталған бұл қабір ежелгі преримдік өркениет туралы ашылған тың жаңалық. Сондай-ақ, етруриялық мәдениеттің еш жоғалмай, бүлінбей толық сақталған қабірін табу XX-XXI ғасырдағы археология тарихында ең сирек кездесетін сәттердің бірі болып отыр, – деп хабарлайды E-history.kz порталы Popular-archaeology.com сайтына сілтеме жасап.
Сан-Джулиано территориясында 580‑ден астам қабір анықталған. Олардың басым бөлігі уақыт өте бұзылған немесе тоналып кеткен. Ал біз айтып отырған бұл қабір еш бүлінбеген, тоналмаған толық күйде табылған. Ол шамамен б.з.д. 600-700 жылдарға (2 600-2 700 жыл бұрын) жатады. Қабірді ашқан – Baylor университетінің SGARP (San Giuliano Archaeological Research Project) жобасына қатысқан Davide Zori, Ph.D. жетекшілік еткен халықаралық археологиялық топ. Ол: «Мүлде бұзылмаған, тоналмаған күйде табылған бұл қабір – этруриялық өркениетті зерттеудегі сирек кездесетін аса құнды жаңалық», – деп атады.
Қабірдің құрылымы
Қабір толықтай жабық күйде, кіреберісі тас плитамен қоршалған. Бұндай этруриялық некропольдегі қабір бұрын да табылған, алайда мүлде бұзылмаған камералар саны өте аз болған.
Қабір тастан ойып жасалған, үш бөлмелі үйге ұқсайды. Кіреберісі бар, одан әрі қабір камералары орналасқан. Камера тасты құрайтын шатырымен және орындық тәрізді тастармен безендірілген.
Ішіндегі жәдігерлер
Қабірдің ішінде төмендегі сақталған жәдігерлер табылды:
4 адамның сүйегі;
Геометриялық стильдегі боялған керамика ыдыстар, шамамен 20-30 дана;
Баспалдақ тәрізді тастар мен тас төсектердің жанында бронзадан жасалған ыдыстар, қолғаптар орнатылған.
Етруриялық жерлеу дәстүрін, әлеуметтік мәртебені және рухани нанымдарды көрсететін заттар – тасты соққыштар сабағымен бірге орналастырылған.
Бұл этруриялық дәуірді зерттеуде маңызды элементтерді ашып көрсетеді: әлеуметтік құрылым, жерлеу салты, мәдени өзара байланыстар. Бұған қоса, ғылыми әдіснаманың заманауи мүмкіндіктері – DНҚ, изотоп, 3D-визуализация заттарға жаңаша көзқарас берері сөзсіз. Архитектуралық талдау қабір құрылымдық тұрғыдан Etruria-ның кейінгі патша қабірлеріне қатысы барлығын көрсетеді.



Суреттер: popular-archaeology.com сайтынан алынды