Домбыра күніне орай ректор Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындады

Автор:
06.07.2025
1476
Домбыра күніне орай ректор Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындады - e-history.kz

Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев ұлттық Домбыра күні қарсаңында видеоүндеу жасап, халық композиторы Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Әлқисса» күйін орындады. Ол өз құттықтауында домбыраның қазақтың ұлттық жан-дүниесі мен рухани болмысындағы айрықша орнын атап өтті.

Жүргенов атындағы өнер академиясында Ұлттық Домбыра күні ерекше аталып өтті. Мерекелік іс-шара барысында академия ректоры Арман Жүдебаев халық композиторы Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Әлқисса» күйін орындады.
Өз құттықтауында ректор: «Баршаңызды келіп жеткен Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Домбыра – біздің ұлттық жанымыз, рухани болмысымыз және ұлттық кодымыз деп айтсақ, артық айтпаймыз» – деді.
Ол  домбыраның қазақ мәдениеті мен руханиятындағы орны мен күйшілердің ұлттық болмысты сақтаудағы рөлі туралы да айтылды. 

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз