Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Лидия Севальнева

1628
Бір суреттің тарихы. Лидия Севальнева - e-history.kz

                                                                                                                                                              01.05.15

Жыл сайын Ұлы Отан соғысының оқиғалары алыстап барады. Жақында соғысты өз көзімен көрген ардагерлердің әңгімелерін естімей қалуымыз мүмкін. Сондықтан баға жетпес осындай оқиғаларды есімізде сақтап, жазып алуымыз керек. 

Көршілес көшеде орналасқан үйде медициналық бөлім гвардиясының старшинасы Севальнева Лидия Михайловна тұрады екен. «Ерлігі үшін» және Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. 1943-1945 жылдары нұсқаушы болған ардагер 2014 жылдың 5 мамырында 87-ге толды. 

d81c71ca1caa0924236fc251ef1f7747.jpg

Ол соғыс және өзі туралы көп айтқанды ұнатпайды. 1941 жылдың 22 мамырында Лидия 15 жастағы қыз еді. Жеті сынып бітіріп, оқуын әрі қарай жалғастырмақшы болды. Бұл жексенбі күні таңертең Лида радиодан диктодың дірілдеген даусын естіді, ал келесі күні Донецкті бомбалай бастады. Қала ірі старатегиялық орталық болатын.

16-жасар Лида өзінің жасына бір артық жыл қосып, Донбасстағы санитарлық мектебке оқуға түсті. Госпитальдағы медициналық курстарда бір жарым ай бойы оқып жүрген 70 қыз майданның шебіне аттанады. Тек алғашқы көмекті көрсетуді (жараны таңу, т. с. с.) үйренген қыздар соғысқа тап болып, майдан тәжірибесін бойына сіңірді: қорқынышты жеңу жолдары, оқ астында жарақат алған сарбазға еңбектеп жету әдістері, зембілге жатқызу шарттары. Соғыс қаза тапқан сарбазды тірі жауынгерден ажырату тәсілдерін де үйретті...

Украинада, Днепрдің түбінде қаза тапқан санитарлық нұсқаушы қыздың орнына Лида барлаушылардың ротасына қабылданды. Бұл 1943 жыл болды. Осы кезде кеңес әскеріміз шабуыл тактикасын ұстады. Қызыл Армияда тұтқынға түскендердің алғашқы автомобильдері — «студебеккерлер» пайда болды. Сондықтан да жарақат алған адамдарды тасымалдау оңайырақ еді. Бұрын медициналық қызметкердің сөмкесінде ауыр мылтық жатса, енді оның орнына жауымыздың пистолеті келді. 

Лиданың бөлімі 2-ші Украина майданының құрамында Болгария, Югославия, Румыния елдерін аралап жүрді. Осындай мемлекеттерде жергілікті адамдар кеңес армиясын азат етушілер ретінде қабылдады. Немістермен шайқастар өте ауыр болса да, бірақ, Лидияның естеліктері бойынша, 1941 жылғы ұрыстарды көрмеген жауынгерлерді соғыс білмеген деп айтуға болады еді... Лида ең қорқынышты оқиғалардың өтіп кеткенін білді.

Қыз 1941 жылғы оқиғаларды оккупацияланған аймақтан ғана көрген. Жерлесі, неміс әйелі жастарды Германияға әкететінін (құлдыққа тартылғаны!) біліп, осы жағдайды Лидаға ескертіп айтты. Қыз қала ішіне тығылып қалды. 

Лиданың айтуынша, ол 1943 жылы майданға бару шешімін қабылдады. Бұл кезде барлық адамдар соғысқа қатысты, сондықтан шешімі батыл болды деп санамайды. 

— Осы кездегі балалар ерте есейіп кетті, өйткені уақыт сондай болды, — деді Лилия Михайловна. 

— Майдангерлердің ерлігі туралы ғана жазу әділ емес, — деп айтады ол. — Соғыстың алғашқы жартысында окупацияға түсіп, кейін тылдағы еңбеккерлерді көрдім. Адамдардың жұмысын көріп, олар да марапаттауларға және құрметтеуге лайық кісілер деп санаймын. Осы кезде өмір сүрген барлық адамдар (әйелдер және балалар да) батырлар болды.

06cfabe72f1de7d356bd93fc189e3268.jpg

Қазіргі кезде адамдарды тарих аспектісінде жауынгерлердің тағдырлары, үміттері қызықтырады... Бұл менің ерекше қызығушылығымды тудырған, сондықтан да бірнеше сауал қояйын деп едім: 

— Лидия Михайловна, өз жерлері үшін от кешкен ер адамдармен бірге соғысқанда әйел ретінде (осы кезде Сіз мүлдем жас қызсыз ғой!) қандай сезімде болдыңыз? 

— Соғыстың үш жылында біреудің аузынан шыққан дөрекі сөз естімедім! Майданға қатысқан әйелдер қиындықтарға тап болды. Табиғаттан осылай жаратылған: әйелдердің тағдыры басқа болуы тиіс. Аспаз әйелдер де көп қиыншылық көрді. Кейбір кезде азық-түлік жоқ болса да, бірақ қайдан тапсаң да, сарбаздарды тамақтандыру керек қой! Өйткені, аш жауынгер қалай соғысады екен?

Радист қыздар да көптеген қиындықтар көрді. Ал кір жуатын әйелдердің көрген азабын айтсаңызшы. Соғыстың ортасында майдан үшін шешуші сәт туғызылды, сондықтан да сарбаздарға көбірек қамқорлық жасады. Әскери киімдер жиірек ауыстырыла бастады. Кірді жақсылап жуып, киім-кешек үтіктеу қажет болды. Бір полктың артында кір жуатын әйелдердің арнайы бригадасы жүріп жатты. Олар суық суда қолмен кір жуды, тазалайтын құралдары жоқ еді... Сонымен, кір жуатын әйелдер жауған оқтың астына да түсетін...

Медбикелердің жұмысы да оңай емес. Ер адамдар соғыстағы барлық әйелдерге көмектесетін: зембіл тасып, суға толы күбе көтеріп, істен шыққан механизмді жөндеп жүрді. Ең бастысы, көмек сұраудың қажеттілігі де болмады. Ер адамдар әйелдерге қамқорлық жасап жатты. Біздерді «сестренки, сестрички» деп еркелетіп айтатын. Соғысқа қатысқан адамдар өз иманынан айырылмаған, — деп есіне алады Людмила Михайловна. 

— Мен бақытты адаммын, — деп айтады Лидия Михайловна. — Мен Ұлы Отан соғысын бастан кешіріп, тірі қалдым. Аман-есен жарақаттан да айықтым. 

Қазіргі кезде ұлымның тату отбасымен бірге тұрып жатырмын. Немерем көп, төрт шөберем де бар. Биыл 87-ге толдым, бірақ өмір сүргім келеді, жақындарымды көріп, олармен бірге қуанғым келеді. Сондықтан, өмірден қатты шаршаған, арақ ішітін жас ұрпаққа айтайын: «Өмір сондай керемет! Өмірді бағалаңыздар, өз бастарыңызды тәуекелге тікпеңіздер! Қуанышта өмір сүре беріңіздерші!».

Бергер Данила,

Қарағанды облысы

Шахтинск қаласындағы

№ 5 гимназияның 5-сынып оқушысы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?