Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Елордада Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Халықаралық онлайн конференция өтті

2863
Елордада Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған  Халықаралық онлайн конференция өтті   - e-history.kz

Биыл 2020 жылы әлемге әйгілі ойшыл, философ, музыка зерттеушісі, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, ғалым, Орта ғасыр кезіндегі шығыс философия өкілдерінің бірі Әбу Насыр Әл-Фарабиге 1150 жыл! Шығыстың ұлы ойшылының мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енген болатын.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен шығыс ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық  мерейтойына арналған «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» тақырыбындағы халықаралық онлайн конференция болып өтті.

Конференция мақсаты: Әбу Насыр әл-Фарабидің бай шығармашылық және ғылыми мұрасына халықтың және жұртшылықтың назарын аудару, ғылыми мұрасын зерттеу, ғалымның ғылыми материалдары бойынша бірыңғай деректер базасын құру болды.

Конференция барысында Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми трактаттарының негізгі принциптерін талқыланып, ғылыми жұмыстарын зерттеу бойынша ғылыми жұмыстардың бірыңғай дерекқорын құру және оның шығармаларын насихаттау сөз болды.  Іс шараның модераторы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұналбаева болды.

2019 жылдың тамыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы өтуі тиіс ауқымды шараға байланысты әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойған болатын. Осыған орай бүгінгі іс шараның өтуіне қолдау көрсетіп отырған ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне зор алғысымды білдіргім келеді.

Сондай ақ, модератор Әл-Фарабидың замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі екендігін айта келе, сөзін былайша жалғастырды:

-Ұлттық академиялық кітапханасы қорында Әбу-Насыр әл-Фарабидың бірнеше кітаптары бар. Мәселен, «Он томдық шығармалар жинағы», «Адам және заман», «Қайырымды қала», «Таңдамалы трактаттары», «Музыка туралы үлкен кітап» және т.б. кітаптарды электронды түрде де оқуға болады. Сонымен қатар, мерзімді басылымдарда шыққан ғалымның еңбектері туралы мақалаларды оқуға болады.

Биыл біздің ұжым жаңа жылдың алғашқы «Әл-Фараби мұрасы» атты өте ауқымды кітап көрмесін өткізген болатын. Көрмеде қазақ жерінде дүниеге келген Әбу Насыр әл-Фарабидің яғни ұлы ғалым әрі ғұлама ойшылдың өмірі мен қызметін жайында баяндайтын 400-ден астам кітап, фотосуреттер, карталар мен дәйексөздер ұсынылады. Көрмеге ерекше кітаптар, түрлі-түсті альбомдар, уақыттың тынысы мен рухы, түрлі мәдениеттер мен діндер араласатын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ортағасырлық Отырардың айрықша ахуалы, шуақты, көп қырлы түркі қаласы көрнекі түрде жеткізілді. Араб елдеріне жол тартқан жас әл-Фараби өз жеріндегі Отырар кітапханасындағы әлемдік әдебиеттің асыл қазынасымен танысу мүмкіндігіне ие болады (кітапхана тарихы туралы қысқаша ақпарат ұсынылған).

Көрме 5 бөлімнен тұрды:

1. Көне Отырар – өркениет бесігі.

2. Ұлы Жібек жолымен.

3. Шығыс пен Батыстың үнқатысуы.

4. Әл-Фараби еңбектері – ақыл-ой қазынасы.

5. Әл-Фараби және қазіргі Қазақстан. Айта кетейін, бұл көрме кітапханамызда жыл бойы тұрады және жаңа басылымдармен толықтырылып тұратын болады.

Эдуардо Канетта, ғылым докторы, Амброзиане академиясының профессоры (Милан, Италия)

-    Құметті достар, бүгін мен сіздермен бірге бола алмағаным өте өкінішті. Сіздер Италиядағы, әсіресе Миландағы жағдайды өте жақсы білесіздер. Мен сіздерге келгім келген еді, әрине құр қол емес Әл-Фараби туралы өте ескі қолжазбаны алып барғым келген. Естеріңізде болса ол қолжазбаны сіздер жазда Амброзианеда көрдіңіздер. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Миланға келген кезде Италияның министрімен кездесіп, Құранның түпнұсқасын көрген. Осы пандемия біте салысымен мен Әл-Фарабидің қолжазбасын сіздерге алып барамын деп үәде беремін. Орта ғасырдағы ұлы мұсылман медицинасы жөнінде айтқым келіп отыр, бұл менің соңғы зерттеу жұмысым. Әл-Фарабидың  саясат, философия және тағы басқа салалары аймағында ұлы ғалым болғаны бәрімізге белгілі. Бүкіл әлемді коронавирус жайлаған кезде әл-Фарабидің және басқада ғалымдардың медицина саласы үшін жасаған еңбектерін айта кеткім келеді. Біз Авиценна деп танитын Ибн Сина, әл-Фарабиге өзінің ұстазы ретінде қараған.

Осы ұлы адамдархалаық арасындағы татулық пен достық жақсы саясаттан тауындайтынын түсінген. Ал, жақсы саясат ең алдымен халықтың дені ау болғанына байланысты екенінде түсінген. Халықтың дені сау болуы таза экология және дамыған медицинаға да байланысты.  Сіздер білетіндей Медицина Құранның басты 5 обьектісінің бірі.  Ол байыпты ғылыми түсіндірме жұмыстарын талап етеді. Пайғамбардың (с.ғ.с.) Құран емес Хадис деп айтуы бекер емес. Ғылымды Қытайдан да іздеу керек. Ғылым, әсіресі қазір өте қажет. Сіздердің бір жақсы мақалдарыңызда айтылғандай «Сыйластықсыз ғылымның зияны тиуі де мүмкін». Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен дақын болсаң, басығ кетер. Әл-Фарабидің елді басқаруда басты қағида ол денсаулық пен физикалық саулық деп санауы бекер емес. Әл-Фарабидің грек мифтерінің аудармасынан және ұстаздарынан көптеген құнды дүниелерді үйренген. Ұстаздары Әл-Фарабиге тек Аристотельді білуге мүмкіндік берген жоқ, тіпті Гален мен Гиппократтың шығармаларымен танысуға мүмкіндік берді. Бұл кез христиан дініндегілер мен ислам дініндеглердің арасында диалог пен тығыз қарым қатынас кезі еді. Сіздер Фарабидің Отырардан, ал Авиценнаның Өзбекстаннан екенін білесіздер. Бұл ғалымдар жазық даланың өсімдіктерінен  хабардар болғаннан соң түрлі жаңа шөп дәрі ойлап тапқан. Көп мөлшерде дәрілерді қабылдау кері әсер беретінін де білген. Белгілері ұқсас бірнеше ауру түрін ажырата білген. Қазіргі кезде дәрігерлерде кей ауру салдарынан ажырата алмай жатады, бқл өте ауыр жағдай және сіздердің тарихтарыңызда бұндай жағдай болған. Орта Азия медицинасы туралы қысқа және маңызды ақпарат беру бүгін өте маңызды. Мен әл-Фарабидің еңбек жолы туралы мен бұдан да көп ақпарат беруіме болады. Осы орайде, мен сіздерге келген кезде

әл-Фараби жайында көптеген мәліметтер беремін деп сөз берем.  Амброзианада көптеген араб құжаттары мен қолжазбалары бар, соның ішінде әл-Фарабидік қолжазбасы. Әлемдегі жайт орныққан соң бізге келіп әл-Фарабидің «Аль Музик» түп нұсқа қолжазбасын көрулеріңізге болады.

Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы, Әл-Фараби орталығынң директоры, философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің доценті.

  -  Құрметті Үмітхан Дәуренбекқызы ең алдымен сізге және сіз басқарып отырған ұжымға рахмет айтқым келеді. Осындай қиын кезде ешқандай жағдайға қарамай осы басқосуды өткізуге түрткі болып отырғаныңызға. Осы сынды онлайн конференциялар бізде бірқатар кітапханалармен жүзеге асты, соның қатарында сіздің де ұйымды көргенімізге біз өте қуаныштымыз.

Біріншіден халықаралық конференцияның тыңдаушылар мен қатысушыларға сәлемдесім алғым келіп тұр.   Сөз басында Үмітхан Дәуренбекқызы айтып өткендей осы жыл ЮНЕСКО бойынша әл-Фараби жылы. Ол жерде жаңартылған орталық  9-қаңтар күні Қазақстан Республикасының билік өкілдерінің қатысуымен,  «Әл-Фараби орталығы» ашылған еді. Осы жылы қткізілуі жоспарланып жатөан іс-шаралардың тұсаукесері болған. Өкінішке орай, жоспарланған шарашалдың біразы әлі іске асқан жоқ және біразы елдегі жағдайға байланысты белгісіз мерзімге шегеріліп отыр. Мен айтып өткен шараларды экспедициялар мен қазба жұмыстарын  жақын уақытта іске асырамыз деп ойлаймын. Әл-Фараби орталығы биыл ашылған жоқ, журанлисттердің көмегімен кең танымал болып жатқанымен бұл орталық ҚҰУ-де тарихқа бай ғылыми орталықтың бірі. Әл-Фараби және қазақ халықың рухани мәдени республикалық ғылыми зерттеу және оқу әдістемелік орталығы болып 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келді. Бұл орталықтың соңғы директоры профессор Жақыпбек Алтаевич ағамыз. Қазір биылға мерей той аясында бұл орталыққа жаңартулар енгізілді деп айтсақ болады, өйткені әл-Фараби жайында, әл-Фараби танушы ізденушілер Совет одағының кезінен болсын жинаған қоры үлкен, халыққа оқырмандарға қол жетімді ету мақсатында қазір орталықтың жасаған жұмыстарының бірі ол , әл-Фараби орталығының сайты жүзеге асырылды. Орталықтың басты мақсатының бірі осы кезге дейін жинақталған ақпарат, мәліметтерді халыққа қол жетімді ету. Әл-Фараби туралы барлық ақпаратты жаңартылған түрде және қазір өткізіліп жатқан шаралар туралы осы  сайттан қарауға болады. Сонымен қоса, биылға жылдың шеңберінде жасалған орталығының атқарған бір дүниесі ол, жаңартылған әл-Фараби мұражайы. Қазіргі заманауи технологияларды пайдалану арқылы Фараби жайындағы ақпаратты ізденушіге қолжетімді ету басты мақсат болды. Бұл биылғы жоспардағы шаралардың тек бір шеті ғана. Ғылыми жұмыстар мен аударма жұмыстарда осы жерде ықтияттап жинақталып отыр.  Шығыстану факультетінің деканының бастамасы мен қазыр бір топ ғалымдар Әл-Фарабидың қазақ тіліне аударылмаған еңбектерін іздеп сол жұмыстарды аударумен айналысып жатыр.  Ол да жоспардағы шаралардың бірі. Сонымен қоса бірнеше ңылыми экспедиция жоспарланып отыр. Осының бәрі биылғы шара жоспарының бір бөлігі. Конференцияға қатысушылардың жұмысына табыс тілеймін.

Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы, Шығыстану факультетінің деканы, Философия ғылымдарының докторы:

Менің сіздерге ұсынып отырған тақырыбым  "Әл-Фараби мұрасы және аударма мәселесі" деп аталады. Анығында Әл-Фараби жайлы барлық жұмыстар араб тілінде сақталған. Соның ішінде негізгі боп табылатын 6 дереккөз бар. Олар: Ибн-Надимің "Әл-Фихрасат" кітабы, Ибн-Сағилдың "Табакат әл-умам" кітабы, Захир әл-Дни әл Байхикидің "Тәтимату Сауап әл-хикмах кітабы, Әл-Қапин "Ахбар әл-уламә би ахбари әл хукама" кітабы, Ибн Әбу Асайбиьа "Уюуп әл-әнба фи табақати әл-атыббә кітабы, Ибн Халкан "Уәйфәйәт әл-әьуән уә әйбәә" кітабы.

Осы кітаптарда Әл-Фарабидың еңбектері, трактаттары аталып өтіледі.

Осы жөнінде барлық мағлұматты он томдық "Әл-Фараби мұрасы" кітабынан ала аласыздар. Және мәліметтің бәрі де электронды нұсқада бар. Қазіргі таңда біз қазақ, орыс тіліне еш аударылмаған еңбектерін тәржімалап жатырмыз.

Әбуов Әміреқұл Ергешұлы, Қазақстанның Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының ғылыми қызметкері:

Құрметті Үмітхан Дәуренбекқызы, жақында сізден жақсы жаңалық естіген болатынмын. Эдуард Коннетто мырза арқылы Әл-Фарбаидың "Әл-музыка" кітабын Қазақстанға жеткіземіз деген.

Сіздің оған зор үлесіңіз тиді. Тек Фарбидың ғана емес, қандай қолжазба болсын елімізге танытуға асықсыз. Сізден сол жағалықты естіген соң біз шет елдегі таныстармызға байланысқа шықтық. Олардан Фарабидың Қазақстанда әлі жоқ музыкасын алдырдық. Әлеуметтік желілерге салдық. Шетелдік бірнеше оркестрлерде ойналып жүр екен. Бірақ елімізде ойналмаған. Аристотелден кейін екінші ұстаз атанды. Музыканы зерттеп жүрген ғалымдардың қателіктерін көрсетіп, музыканы шегіне жетіп зерттеп, нүктесін қойған осы Әл-Фараби бабамыз. Яғни біз мақтанумыз керек. Ол біздің тумамыз. Тағы айтатын дүние Әл-Фараби 24 жасында әлемнің ең ұлы музыканты атағына ие болған. Біз оны әлі білмей жатырмыз. Бірақ еуропалық ғалымдар бұны жасырып отырды. Қырыққа жуық еңбегі Германияда сақтаулы. Құрметті Үмітхан Дәуренбекқызы сізден сұрайтыным осыны барымызды салып қолға алсақ.

Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, саяси.ғ.к., Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафердрасының меңгерушісі.

Әл-Фарабидің ғылыми мұралары бұл адамзатты қазынасы, тұңғиық қазына. Әлі аударылмағап педагогика, психологиялық қаншама еңбектері трактаттары бар. Бабамыздың еңбектерін 150-200 деп айтып жатыр шамамен, сол 200 болып қалуы әбден мүмкін. Қазақста айтады: қандайда бір елдің өткенін таразылап, болашағына бағдар жасап отыру біз үшін заңдылық. Тарихи тұлғаларымыздың рухани құндылықтарын зерттеу, насихаттау біз үшін парыз. Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби бабамыздың рухани мұрасы әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына үлкен үлес қосты. Бұл ғалымның қазақ топырағынан шығуы біз үшін өте үлкен мақтаныш деп айтқым келеді. Қоғам мен мемлекеттің алуан түрлі жайттары Абу Насыр әл-Фарабидің еңбектері ең алдымен  адамзатқа арналған, өйткені ол еібектерін жекелеген тұлғаға , елге жерге күллі әлемге,  ғаламға арнап қызу талқыға түскен жіне қордаланған мәселелер жөнінде жазуға ұмтылды. Сондықтанда болар, оның ғылыми ізденістері әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпай келеді. Бізге жеткен оның ғылыми мұралары музыка, математика, логика, астрономия, жаратылыс тану ғылымдар салалары бізді қамтиды. Ал, әрбір айтқан ойы, келтірген пікірі, сараптаулары қазіргі қоғам дамуының кейбір қордаланған мәселелеріне дөп тиіп жатыр. Уақыт озса да Абу Насыр әл-Фараби мұрасы ортайған емес. Қайта жылдар өткен сайын толысып келеді. Бұл өзінің ғылымының қайнар көзі гумманизмде жатқанын көрсетеді. Өзінің еңбектерінде әл-Фараби өз заманында адамгершіліктің және достықтың, пәлсапалық ойларын, өнер мен мемлекеттік құрылымдар туралы келелі пікірлер ортаға салды. «Қайырымды қала тұрғындары» жайлы трактаты «азаматтық саясат» «мемлекеттік қайраткер» «нақыл сөздер» атты еңбектерінде адам мен қоғам, басшы мен бағынушы сынды категориялар философтардың ізденістерімен қоғамдық құрылымның өзіндік теориясын жасап шығарды. Сонымен қатар бақытқа жету,мәселелердің түп негізі сынды еңбектерінде де қоғам мен орта, адам мен өзге институттардың байланысы жайлы сөз қозғап, келелі пайымдауларды да ол ортаға салды. Абу Насыр әл-Фараби тек қана Аристотельдің ғылыми мұраларын, категорияларын алып қана қойған жоқ,өздеріңіз білесіздер өзінің тұрғысынан да бірнеше еңбектер жазды. Ғұлама ғалым өз іс-әрекеті арқылы Батыс пен Шығыстың ой маржандарын оқып қана қоймай оларды өзара ұштастыра білді. Заманындағы сүбелі пікірлерді салды. Оның осындай ізденістерін қабылдаған ғылым жұршылығы оны екінші ұстаз деп ғылымға жасаған еңбегін жоғары бағалады. Әл-Фараби шығыс халықтарының тілдерін шығармашылықтарын қалыптастырып қана қойған жоқ, ол сомен қатар өз заманындағы қарама қайшы әрі күрделі идеялар мен гумманистік көзқарастарды іріктеп олардың шынайы мән-мағынасын  ашып көрсетті. Әл-фараби ғылыми көзқарастары орта ғасырдағы Таяу және  орта шығыс елдеріндегі  мәдениет пен ой пікірлердің даму нәтижесі болап табылады. Фараби шығыс пен батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор еңбек етті.  Ойшылдың еңбектері қаншама дәуірлер өтсе де маңыздылығын жоғалтпай келе жатқаны ондағы ойдың даналығынды тереңдігінде болса керек. Жалпы алғанда тарихтың елегінен өткен ойлар ешқашанда ескірмек емес. Ондағы жинақталған дана ойлар біздің санамызға ой салып дұрыс көзқарас қалыптастыруға әсер етті. Әл-Фараби шығармалары осындай өресі биіктер санатына жататыны анық. Әл-Фарабидың ғылыми мұраларын зерттеу және қолдану қазіргі демографиялық қоғамды құруда актуалды болып табылады.

Халықаралық онлайн конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Италия, Сирия және т.б. елдерден ғалымдар, фарабитанушылар қатысты.  Конференция соңында «Әл-Фараби әлемді біріктіреді» атты бірыңғай электронды база мәліметтерін құру және «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман», «Abu Nasr al-Farabi' s legacy and modernity» атты ғылыми жинақ шақыру жоспарға алынды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?