Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алжир – табиғи құбылыс па?

2020
Алжир – табиғи құбылыс па? - e-history.kz
Биыл АЛЖИР ларегінің Қазақстанда пайда болғанына 80 жыл. Аталған ажал ошағымен біздің тағдырымызбен тығыз байланысты

Жазықсыз айдауға ұшырап, артынан тарқапасқа қамалып, аяусыз төгілген қанды ұмытпаймыз, ұмытуға тиісте емеспіз.

Осы орайда портал атынан қоғам, қарапайым халық, осы қаралы орын туралы біледі ме екен, білсе кімдерді біледі екен деген оймен далаға шығып халық арасында сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға үлкені бар, жасы бар ерікті 18 адам қатысты дені алдымен АЛЖИР дегенде мемлекет атауы естеріне түсетіндерін жеткізді. Тіпті арасында мүлдем естіп көрмегендерде бар болып шықты.

АЛЖИР сөзінің Қазақстанға қандай қатысы бар деген тұспалдаған сұрағымызға да тұшымды жауап ала алмадық. Көбісі сол мемлекет атауымен шектелді, қандайы байланысы бар дегенге сауда-экономикалық болып кете берді.

Сауалнама нәтижесінде жазықсыз жапа шеккен аялуы апа-әпкелеріміздің тағдыры тәлкекке түскен қаралы мекеннің тарихы мен пайда болуын нақты 4 жолаушымыз жауап берді.

Әрине, біз біреудің жеке басына айып тағып, білмегені үшін сөгуден аулақпыз. Біздің мақсат – тарихымыздың қанды, қаралы беттерін ұмыптау.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?