Монғолияның Гоби шөлінде су құбыры құрылысы кезінде ерекше динозаврдың қаңқасы табылды.
Бұл жаратылыс иесі екі саусақты әрі сояудай өткір тырнақтары бар нағыз жезтырнақ динозавр түрі болып шықты. Иілген тырнақтарының ұзындығы 30 сантиметрге жетеді. Ғалымдар оған Duonychus (қос тырнақ) деген атау берген. Duonychus атауы «екі тырнақ» деген мағына береді. Грек тілінде «duo» - екі, «onyx» - тырнақ дегенді білдіреді.
Бұл археология саласында үлкен сесация болып отыр. Себебі бұған дейін мұндай динозавр түрі еш жерден табылмаған айрықша түр болып отыр. Бұл динозаврдың ұзындығы шамамен 3 метр, салмағы 260 килограмм шамасында болған. Ол шамамен 90-95 миллион жыл бұрын, крит кезеңінде өмір сүрген.
Ең қызығы, ол толық жетілмеген жаңа түр деп есептеледі. Яғни аралық буын болуы мүмкін.

Duonychus теризинозаврлар - сыртқы формасы өзге динозаврларға қарағанда біршама өзгеше көрінетін орташа көлемдегі өкіл саналады. Дене бітімі жуан, мойны ұзын, бас сүйегі шағын болып келеді. Екі аяқпен жүреді. Денесін қауырсын жапқан. Тағы бір ерекшелігі аса ірі тырнақтары болған. Олар жыртқыш тероподтар класына жатады. Бірақ олар негізінен өсімдікпен қоректенген.
Сүйек қалдықтарын Жапониядағы Хоккайдо университеті музейінің палеонтологы Ёшицугу Кобаяши бастаған топ зерттеп жатыр.
Кобаяшидің айтуынша, бұл расында да айтықша олжа болып отыр. Бұған дейін белгілі барлық теризинозаврлардың үш саусағы болған. Ал бұл түр екі саусақты болып отыр. Ең қызығы, ол толық жетілмеген жаңа түр деп есептеледі. Яғни аралық буын болуы мүмкін.
Азия мен Солтүстік Америкада тіршілік еткен теризинозаврлар әдетте үлкен тырнақтарымен танымал. Алайда бұл түр екі саусақты болып отыр. Қысқа, екі саусақты қолы жыртқыштарға тән көрінгенімен, оларды жапырақ орып жеу үшін пайдаланған. Duonychus жартылай құрғақ ортада, өзен арналары маңында тіршілік еткен.
Қазба жартылай сақталған: бас сүйегі мен аяқтары табылмаған. Алайда қол сүйектері жақсы күйде жеткен. Тырнақтардың бірінің сыртқы бөлігінде кератин қабығы (адамның тырнағы сияқты материал) сақталған. Тырнағын жер қазу, шөп ору және қорғаныс мақсатында пайдаланған.
«Бұлар шынымен үлкен, өткір және қауіпті тырнақтар болған», - деді зерттеудің бірлескен авторы, Канададағы Калгари университетінің палеонтологы Дарла Зеленитски.
«Бұл бізге динозаврлардың қолын өмірде қалай пайдаланғанын көруге тамаша мүмкіндік береді. Қолдар әдемі сақталған, біріккен білек сүйектері, қатты буындар және екі үлкен тырнақ сияқты көптеген мәліметтерді көрсетеді. Ол өзі тектес етқоректілермен туыс болғанымен, алып қауырсынды жалқауға ұқсайды. Оның қысқа, екі саусақты қолы бар, рапторлар сияқты тырнақтары бар, бірақ ол тырнақтарды өсімдік жеуге қолданған. Бұл эволюцияның «мүлдем жаңа нәрсе сынап көрейік» дегені сияқты қызық жағдай болып отыр. Және ол сәтті болды», - дейді Хоккайдо университеті музейінің палеонтологы Ёшицугу Кобаяши. Зерттеу 2025 жылдың наурызында iScience журналында жарияланды.

Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл Duonychus ересек емес, жас болған. Ол жартылай құрғақ ортада, өзен арналарының маңында сауытты динозаврлармен, мүйізді динозаврлармен, үйрек тұмсықты динозаврлармен бірге тіршілік еткен.
Алғашқы құрлық омыртқалыларында сегіз саусақ болған. Ең ежелгі динозаврлардың қолында бес саусақ болған (адам сияқты), бірақ уақыт өте көптеген динозавр желілерінде саусақ саны азайған. Duonychus-тың ашылуы екі саусақты динозаврлар парағын ашып отыр.
Гоби - Моңғолия мен Қытайдың оңтүстігінде орналасқан атақты шөл. Алайда соған қарамастан, Гоби мен Қазақ даласын ежелгі геологиялық процестерден (тау көтерілу, құрғақтану) бастап, динозаврлар дәуіріндегі біртұтас фаунаға және тарихи көшпелі мәдениет байланыстырып жатыр. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік-шығыс, шығыс бөліктері (әсіресе Балқаш көлі маңы, Жетісу, Шу-Іле өңірлері) ежелгі геологиялық құрылымдары өте ұқсас.
Екеуі де Орталық Азияның құрғақ аймағының бөлігі: Гоби шөлі — Азиядағы ең үлкен шөлдердің бірі, ал Қазақстанда да шөлейтті және шөлді аймақтар (Мойынқұм, Қызылқұмның солтүстік бөлігі, Үстірт үстірті) бар.

Бұл аймақтардың құрғақ климаты ежелгі кездегі (Неоген және Төрттік кезеңдерде) тау көтерілулері (Гималай мен Тибет тауларының әсерінен), муссонның әлсіреуі және батыс желдерінің әсерінен қалыптасқан.
Балқаш ойпаты мен Гоби шөлінің геологиялық дамуы ұқсас: Екеуінде де палеозойлық (ежелгі) құрылымдар үстінен мезозой және кайнозой кезеңдеріндегі шөгінділер жатыр. Балқаш ойпатының оңтүстік бөлігі Жоңғар Алатауымен шектеледі, ал Гоби Алтай таулары Гоби шөлінің оңтүстігінде орналасқан — бұлар бір тектоникалық белдеуге жатады.
Палеонтологиялық байланыс (динозаврлар мен ежелгі фауна)Гоби шөлі — әлемдегі ең бай динозавр қалдықтарының мекені (Nemegt, Djadokhta, Bayanshiree формациялары). Қазақстанда да крит кезеңінің (Late Cretaceous) динозавр қалдықтары табылған, әсіресе Арал теңізі маңы (Солтүстік-Шығыс Арал өңірі) және басқа жерлерде.
Ұқсас динозавр топтары: Therizinosaurs (қолдары үлкен тырнақты өсімдікқоректі динозаврлар) Гобида өте бай (Therizinosaurus, Segnosaurus, Erlikosaurus, Duonychus tsogtbaatari сияқты түрлер). Қазақстанда да (Арал маңында) therizinosaur қалдықтары мен жұмыртқалары табылған — бұл топ Азияның кең аумағында (Моңғолия — Қазақстан — Өзбекстан) таралған.
Крит кезеңіндегі (шамамен 100–66 млн жыл бұрын) Азия құрлығындағы фауна біртұтас болған: theropods (етқоректілер), protoceratopsids, hadrosauroids сияқты топтар екі аймақта да кездеседі. Гобидағы Nemegt формациясы Солтүстік Америкадағы Hell Creek формациясына ұқсас деп саналады, ал Қазақстандағы кейбір қабаттар осыған жақын.

Динозавр жұмыртқалары: Моңғолия мен Қазақстанда theropod және protoceratopsian динозаврларының жұмыртқалары бірге табылған (1994 жылғы зерттеулерде айтылған).
Бұл байланыс ежелгі Азияның біртұтас экожүйесін көрсетеді — динозаврлар миграциясы мен таралуы үшін құрлықтық көпір болған.3. Тарихи және географиялық байланыс
Гоби шөлінің солтүстік-батыс бөлігі Қазақстанмен шекаралас емес, бірақ Жоңғар қақпасы (Жоңғар Алатауы арқылы) арқылы тарихи жолдар (Ұлы Жібек жолының тармақтары) өткен. Ежелгі көшпелілер (ғұндар, түріктер, моңғолдар) осы аймақтар арқылы қоныс аударған.
Қазақ фольклоры мен тарихында «Қобы» (Гоби) сөзі кездеседі — бұл құрғақ, шөлейтті жерлерді білдіреді. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы шөлейт аймақтар Гобиға ұқсас экожүйеге жатады.
Зерттеу тарихы: 1920 жылдары Арал маңындағы (Қазақстан) фоссилдерді орыс палеонтологы А. Борisiak зерттеген, ал Гоби экспедициялары (Roy Chapman Andrews, Польша-моңғол экспедициялары) осыған ұқсас әдістермен жүргізілген.