
1941 жылдың жазында неміс фашистері Совет Одағына соғыс жариялады. Сол кездегі Совет Одағы он бес одақтас республиканы қамтыды. Бұл қанды қасап тарихта Екінші дүниежүзілік соғыс ретінде қалды, ал одақтас республикаларда «Ұлы Отан соғысы» деген атау таңылды. Алайда, біз бұл одаққа өз еркімізбен ендік пе? Жоқ. Біз сонау Қазақ Хандығының заманындағы отарлау саясатының кеселінен Ресейдің отары болдық. Сол себепті «Ұлы Отан» деп атауға негіз жоқ еді, бұл – біздің өз еркімізбен құрған мемлекетіміз емес. Бұл біздің отанымыз емес еді. Сол отарланған елдің қаншама азаматтары сұм соғысқа еріксіз түрде алынды.
Тарбағатай мен Маңырақ тауларының арасындағы Терісайрық пен Қандысу бойын жайлаған Жасталап, Қызылтас, Жаңаталап, Талпын, Жамандала, Сарыөлең колхоздарынан барлығы 206 азамат майданға шақырылды. Қанша азаматтарымыз жараланып, кемтар, мүгедек болып елге оралды. Көбі сұрапыл соғыс даласында қыршынынан қиылып опат болды. Ұшты-күйлі жоғалып кеткендері қаншама. Қыршын кеткен боздақтардың артында қайғы жұтқан әке-шешесі, аңыраған аяулы жары, жастайынан бұғанасы қатпаған балалары қалды. Тіпті олардың кейбірі әлі үйленіп те үлгермеген өрімдей жас еді. Сол 206 сарбаздың небәрі 85-і ғана туған жеріне қайта оралды...
Олар:
Ақынов Қабден
Ақышев Тұмар
Ақбаев Жұмажан
Алханов Мұқамади
Атығаев Кәдірәлі
Ахметжанов Қабылбек
Әбділденов Ниғмаділ
Әміренов Ақмай
Әлібаев Қайырмолда
Әмірғазин Байсолтан
Байырқанов Сарноқас
Баянбаев Өмірбек
Бәкілбаев Иса
Бексайынов Тоқтамыс
Билялов Мырзақан
Бұхаев Ешетай
Бұлғынбаев Көпей
Ерғалиев Мәсел
Есімов Қадыр
Есімов Мұқаш
Жапаров Қасен
Жанаев Сапа
Жанаев Кәрім
Жанжүнбаев Сәду
Жүрекбаев Сейітқазы
Жұбанышов Балқан
Зарқымов Қабден
Ибраев Көжек
Ибраев Әбілғазы
Ибраев Үркімбай
Ибраев Мұхамади
Имашов Қабдолда
Ишимбаев Дүйсенбек
Карипов Қыдырбек
Казакова Надежда
Көкиев Есмұханбет
Кіпіралин Сағатбек
Қалиев Ахат
Қалиев Қайса
Қамадиев Қайнолда
Қалиев Әбетай
Қайрекенов Сағатбек
Қожақметов Қабдеш
Құралов Сыман
Құралов Жұмабек
Құнафиянов Нұрсапа
Лақбаев Құтжан
Мағжаев Халел
Мақшаев Қабек
Маубакимов Қасымжан
Мұқаев Таңқай
Мұқиев Сыдықай
Мұсабеков Ниғметолла
Мұсанов Әбиқан
Мүскенов Қабылқақ
Оражанов Көпжасар
Ордабаев Айтқазы
Пұшпақбаев Көшкенбай
Пұшпақбаев Өкен
Сағатбеков Мазан
Садықов Ниязбек
Садықов Байдарқан
Садуақасов Қапай
Сәйкенов Слямбай
Салақбаев Әбіш.
Сапарғалиев Төлеген
Саудабаев Жұмақан
Сахариев Мейрам
Сахиолдин Қабден
Сейілғазин Тұрсынбек
Сейілғазин Қызыр
Серікбаев Хамза
Тоқташов Қапар
Толысов Жұмаділ
Тұрсынбаев Нұрахмет
Тұқиев Ахметжан
Тұяқбаев Әшен
Тұржанов Құмарбек
Түсіпов Бақыбай
Чериязданов Қайнолда
Шәлкенов Дүйсен
Шақантаев Қабдеш
Шақантаев Мейрам
Ырысбаев Райсқан
85. Ілдебаев Мәжікей
* * *
Иә, бұл тізімдегі аталарымыз ел басына күн туғанда намысты қолдан бермей, қолына қару алып, етігімен су кешіп, кеудесін оққа төсеп, бес жыл бойы жаумен шайқасты. Олар Отанды қорғау жолында Берлинге дейін жетіп, жеңісті жақындатты. Соғыстан аман-есен оралған соң, елде бейбіт өмірге араласып, әр салада еңбек етті. Бірі малшы, бірі пошташы, бірі ұстаз, бірі мектеп директоры, бірі ауылдық кеңестің төрағасы, бірі совхоз директорының орынбасары болып түрлі мекемеде қызметтер атқарып, елдің көркеюіне өлшеусіз үлес қосты.
Алайда, сұрапыл соғыста қыршын кеткен, туған жеріне орала алмай, Еуропа топырағында, Украина ормандары мен Белоруссия даласында мәңгі қалған боздақтар қаншама... Ол батыр аталарымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, есімдері тарихта мәңгі сақталады. Жандары жәннатта болсын!
Мәңгілікке қашап жазылған олардың ардақты есімдерін тағы да оқиық:
Асылбеков Молдабек
Атығаев Жүніс
Ахмадиев Шайқы
Ахмадиев Қажыбай
Әбілханов Шортан
Әлібаев Қайролда
Әлібаев Сағдолда
Әміренов Ақбай
Әмірғалиев Шаймардан
Әміржанов Сақыш
Байтоғаев Зақан
Байтоғаев Құсайын
Байшолақов Қасен
Баймолдин Әрін
Баймолдин Кәрім
Байыров Әлібек
Баянбаев Қапжапар
Бәкілбаев Хамза
Белдікенов Елеш
Бейісханов Мұратхан
Боданбаев Қызыр
Боданбаев Қызырхан
Бөлекенов Мейрам
Бүйрекбаев Мәуеш
Бүйрекбаев Нәсірет
Бахатов Мұсабек
Ерғалиев Әділбек
Жанғосынов Есімхан
Жайлынов Тұрсынхан
Жалтыров Бітібай
Жалтыров Ерхан
Жалтыров Баймұқан
Жүнісов Мұстафа
Жүрекбаев Айтахмет
Жүрекбаев Айтқазы
Ибраев Бекей
Ибраев Мұқатай
Ибраев Мұқаметжан
Ибраев Борби
Игембаев Бидаш
Игісінов Рақымберді
Ишембаев Қожа
Көсебаев Қажыбай
Көбенов Жүніс
Көбенов Мұқаш
Көбенов Түсіп
Көбенов Боран
Көкиев Бидахмет
Көкиев Мұхтар
Кішанов Қайран
Қабдолданов Ахметкәрім
Қабдолданов Құнафия
Қажыбаев Қызыр
Қажыбаев Жақыпбек
Қилыбаев Бопатай
Қилыбаев Серғазы
Қалиев Қожахмет
Қамытбаев Садуақас
Қамзанов Қызыр
Қожаев Қызыр
Қожаев Мұқай
Қожаев Қапай
Қарынбаев Сахаба
Қарынбаев Сахари
Қарынбаев Шоқан
Қарынбаев Мұқан
Қылышқанов Ниғмет
Лақаев Сәкетай
Мәженов Сапақ
Нұрмұханбетов Қапан
Мәженов Сапақ
Мағжаев Шөкей
Майжақсынов Садуақас
Мадижанов Асылғазы
Мұқажанов Асылғазы
Мұқажанов Қажыбай.
Мұздыбаев Ахметжан
Мүскенов Мүтәл
Назырқанов Сіләм
Нұразханов Қабдеш
Нұрмұханбетов Қыдырбек
Нұрпейісов Мәлеке
Нұрғалымов Аймұқанбет
Нұрғалымов Айтжан
Нұрғалымов Айтқали
Оразбаев Қабимолда
Отарбаев Құсайын
Ошақбаев Ниязбек
Өзенбаев Етекбай
Өнженов Абдрахман
Өскелеңов Мақшай
Рамазанов Мұқай
Рахымбаев Абдрахман
Сахариев Ану
Саудабаев Сейітхан
Саманғалиев Қыдырбек
Садуақасов Мағзұм
Серікбаев Иісбек
Серікбаев Қаби
Сепжанов Зағыпар
Сеппаев Баймұқаш
Смағұлов Әлімғазы
Сматов Нәби
Сүлейменов Кәрім
Сыдықов Айдархан
Тауешкин Шакен
Теміржанов Баяхмет
Теміржанов Қожахмет
Теміржанов Бидахмет
Теміреев Сүлеймен
Теміреев Сіләм
Теміреев Қасен
Тоқташов Қорабай
Түсіпов Бақтыбай
Тұқиев Бақтияр
Түстікбаев Баймұқанбет
Шошақов Шүкай
Шөбжіков Қажыбай
Шақантаев Нәби
Шақантаев Қаби
Ысқақов Төкен
* * *
Міне, биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі. Сұрапыл соғыста жаумен шайқасып опат болғандар өз алдына, туған жеріне аман оралып, елдің көркеюіне үлес қосқан аталарымыздың бүгінде бірде-бірі өмірде жоқ. Бірақ «Орнында бар оңалар» дегендей, олардың артында ұрпақтары, немере-шөберелерінің өсіп-өнгені – көңілге медет. Соғыстан кейінгі жылдары дүниеге келген балаларының өзі бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан абыз аталарға айналды.
Алайда сол от пен оқтың ортасынан оралған, жауға қарсы кеудесін тосып, қан кешкен боздақтарымыздың ерлігі өз деңгейінде бағаланбағаны көңілге кірбің ұялатады. Жаңаауыл жерінен аттанған 206 жауынгердің біреуі де Совет Одағының Батыры атағын алған жоқ. Олар ерлік жасамады емес, жасады, ерліктің неше түрін көрсетсе де сол кездегі саяси жағдайға байланысты лайықты бағасы қасақана берілмеді. Олар үшін ең жоғарғы марапат – Қызыл Жұлдыз ордені мен «Ерлігі үшін» медалі ғана бұйырды. Бұл әділетсіздік жалғыз біздің өңірден аттанған жауынгер аталарымызға ғана ғана емес, тұтас елге ортақ жағдай еді. Мысалы, Рейстагқа жеңіс ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев, одақ астанасы Мәскеу аман сақтап қалған Бауыржан Момышұлының, жау тылына төрт мәрте тасталып, партизандық қозғалысты басқарған Қасым Қайсенов сынды даңқты батырларымыздың өзіне бұл атақ дер кезінде берілмеді. Тек олар өмірден өткен соң ғана әділдік орнағандай болды.
Біздің өлкеден майданға аттанған 206 ардагердің қай-қайсысы да батыр атағына лайықты жандар еді. Амал қанша? Озбыр саясат, үстем ұлт өз дегенін жасады. Бір кем дүние…
Бұл мақаланы жазудағы басты мақсатым – жан-жаққа бас сауғалап кеткен кейінгі ұрпақ, шөбере-шөпшектері осы батыр аталарының ерлігін ұмытпасын, біліп жүрсін деген ойдан туындады. Ерлік – ұмытылмайтын ұлы ұғым. Ардагер аталарымыздың есімдері ешқашан көмескіленбеуі тиіс. Бізге бейбіт өмірді сыйлаған даңқты бабаларымыздың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұмдардың жандары жәннатта, топырағы торқа болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбітшілік заман болсын!