Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды

2023
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды - e-history.kz
Қарағандыда соғыс алапатына қарамастан бейбіт өмірдің нышанының бірі ақындар айтысы болып өтті. Ақындар айтысының жаппай етек алып жандана түскен кезі 1943 жыл болды

1941 жылы 22 маусымда күндізгі сағат 12-де радиодан Коммунистік партияның Кеңес халқына фашисттердің кенеттен соғыс ашқаны туралы жолдау хабарланды. Барлық Кеңес халықтары сияқты Қарағандының еңбеккерлері Отанын, намысы мен бостандығын қолдан бермеуге, жауын құлату үшін барлығын жасады.

Соғыс өрті Қарағандыдан сан мыңдаған шақырым қашықта өтіп жатқанымен оның тауқыметін Арқа жері де бірден сезді. 1941 жылдың соңында 1942 жылдың басында Қарағанды және Ақмола облыстарынан әскерге шақырылғандардан құралды. Осы дивизия 64-ші Армия құрамында Сталинградтың оңтүстік-батыс және оңтүстік жағында болған қорғаныс ұрыстарына, генерал-фельдмаршал Ф.Паулюстің 6-шы армиясын қоршап, талқандауға қатысты. Гвардиялық дивизияның одан арғы жауынгерлік жолы Румынияны, Венгрияны және Австрияны азат ету шайқастарымен ұласып, олар соғысты Праганың оңтүстік маңында аяқтаған.

Қарағанды топырағынан майданға аттанған тағы бір әскери құрама 378-ші Перекоп атқыштар дивизиясы. Бұл дивизия 1941 жылы жасақталып, 61-ші Армия құрамында сан ұрысқа қатысады. Дивизия Севастопольді, Бухаресті жаудан босату үшін болған шайқастарда ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының тарихында өзінің атын мәңгіге қалдырған Ленин орденді Қызыл Тулы 310-шы Новгород атқыштар дивизиясы да Орталық Қазақстанда жасақталды.

Бүгінгі күні тарихи деректер Қарағанды аймағынан 1941-1945 жылдары Отан қорғауға 45 мыңға жуық азаматтың аттанғанын дәлелдеп отыр. Олардың арасынан 18 мыңдай боздақ туған топырағына оралмай, майдан даласында, елден жырақта өшпес ерліктің үлгісін танытып, қаза тапты.

Иә, майдан даласында қарағандылық жауынгерлер ерлікпен шайқасты. Соның дәлелі ретінде 18 қарағандылық жауынгер – Кеңес Одағының Батыры жоғары атағын алды. Қазыналы Қарағанды өз ерлерін ешқашан ұмытқан емес. Оларды әрқашан мақтан етіп, құрмет тұтады.  Жалпы фашизмге қарсы күресте көрсеткен батырлығы мен ерен ерліктері үшін 6587 жерлесіміз Кеңес Одағының жауынгерлік ордендерімен және медальдарымен марапатталған. Қарағанды қаласында майданға сәлемдеме жөнелтуге арналған салтанатты митингі 1942 жылы 19 ақпан күні өтті. Оған халық көп жиналды. Сарыарқаның төрі Қарағанды майданға аз уақыт ішінде 28 вагон азық-түлік, киім-кешек басқа да керек-жарақ жинаған еді. «Қарағанды шахтерлері, Балқаш пен Қарсақпай металургтері, Қоңырат, Жезқазған кеншілері, теміржолшылар, колхозшылар мен колхозшы әйелдер, біздің облысымыздың барлық еңбекшілері екі аптада даңқты Қызыл Армияның жауынгерлеріне, командирлері мен саяси қызметкерлеріне сыйлық дайындады. Қарағанды өңірінің майданға жөнелткен бұдан да басқа көмегі ұшан-теңіз. Қазақстан тарихында көмірлі өңірдің бұл игі ісі былайша баяндалады: «Қарағандылықтар еліміздің қорғаныс қорын жасау жолындағы бүкілхалықтық қозғалысқа белсене қатысты. Олар 100 млн. сомнан астам соғыс заемы облигацияларын сатып алды, «Қарағанды шахтері», «Қарағанды темір жолшысы» танк колонналары, «Қарағанды әйелдері» атты санитарлық авиация звеносын құруға көп қаражат жинады. Қарағанды еңбекшілері фашистік басқыншылардан азат етілген Украина шаруашылықтарына зор көмек беріп, оларға 22 мың пұттан астам астық, 55 трактор, 40 трактор соқасын, 11 мың ірі қара, 40 мыңдай қой-ешкі, 2 млн. сомдай ақша жіберді. Қарағанды әйелдері Донбасс балалары үшін бақшалар мен яслилер салып жабдықтауға 3 млн. 307 мың сом ақша жинап, жөнелтті». Бұдан да басқа көмек-жәрдемдер көрсетті.

Жауларын жеңу үшін қарағандылықтар көмір өндіруді екі, үш есеге көбейтті. Еңбек ерлігінің үлгісін көптеген шахталар көрсетті. Осылайша Костенко атындағы бірінші учаскенің ұжымы жоспар бойынша 15 погондық метр жүретін жерге 18 метр жүрді.

1942 жылдың сәуірінде көмір өндірісінде көрсеткен үлгілі еңбегі үшін 800 жұмыскерлер ордендермен және медальдарымен марапатталғаны туралы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығы жарияланды. Марапатталғандардың арасында 58 қарағандылықтар болды. Шахта құрылысының кеңеюімен Қарағандыға жаңа адамдар легі келіп

 Шахтаның жаңа жұмыскелерін тау-кен өнеріне оқыту үшін арнайы курстар ашылды. Көптеген жаңа жұмыскерлер шахтерлік мамандықты жеке бригадалық әдістермен үйренді. Тау-кенші мамандарын дайындаудың мүмкіндігі үлкен болды. 1942 жылдың ішінде 7300 тау-кенші даярланды, оның ішінде 2000 қайла соғушылар, 500-ден астам бекітушліер, 300-ден астам электр слесарьлары мен жұмысшылар болды.

Уақыт талабына орай облыс еңбекшілері «Барлығы майдан үшін», «Барлығы жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. Қарағандының еліміздің басты көмір базаларының біріне айналуы да осы ел басына күн туған қаһарлы күндерде еді.

Жау басып алған мекендердегі кәсіпорындар елдің шығыс аумағына жаппай көшіріле бастаған сол жылдарда Қарағандыға да бірқатар кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу институттары және басқа да мекемелер жеткізілген. Солардың ішінде ең негізгісі деп Пархоменко атындағы Луганск көмір машиналарын жасау заводын айтуымызға болады. Тез арада қатарға қосылып, өнім шығара бастаған Пархоменко атындағы заводтың жасаған кен жабдықтары Қарағандының, Сібір мен Қиыр Шығыстың көмір кеніштеріне жөнелтілді. Қарағандыға кен жабдықтарын жасау заводының көшірілуі, әрі білікті маман-инженерлердің келуі Қарағандыда көмір қазу машиналарын жасау ісін дамытуға кең жол ашты. 1942 жылы Жаңа Қарағанды кен-шахта және машина жасау зауыттарын қосу ісі қолға алынды.

Соғыс алапатына қарамастан өңірде бейбіт өмірдің нышанының бірі ақындар айтысы болып өтті. Ақындар айтысының жаппай етек алып жандана түскен кезі 1943 жыл болды. Қазақстан жазушылар одағының III пленумы шақырылып, оған көрнекті халық ақындарының бір тобы қатысты. Кенен Әзірбаев пленумда сөйлеген сөзінде халық ақындарының еңбекшілерді жеңіске жігерлендірудегі патриоттық істерін айтады. Аудандар мен облыстарда айтыс өткізу ұйғарылды. Жазушылар одағына, облыс басшыларына нақты тапсырма берілді. Әуелде "Советтік Қарағанды" (қазіргі "Орталық Қазақстан") газет ұжымынан шыққан осы бастаманың ел басына ауыр күн туған шақтағы елге тигізер оң ықпалын жете ұғынды. Айтысты ұйымдастырып, өткізуге қазақ әдебиетінің ірі өкілі, сөз зергері Ғабит Мүсірепов бөлінді. Осы ақындар айтысы туралы газеттің сол кездегі редакторы Ә.Қарағұлов өзінің "Баспасөз және уақыт тынысы" кітабында былай дейді: "… Қарағандыда Доскей Әлімбаев дейтін көпті көрген көне, белгілі халық ақыны барды.

Тек 1942-44 жылдар аралығында Қарағандыға еліміздің Батысынан 50 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінді. Олар шахталарда, өндіріс орындарында, сондай-ақ халық шаруашылығының түрлі саласында еңбек етті.

 1944 жылдан бастап көмір бассейнінің жеке бөліктерінде көмірді ашық өндіру дамыды. Бірінші ашылымдар 700 мың тонналы №1 және №2 разрездерде болды. 1944 жылдың он айының ішінде қуаттылығы 1,5 млн тонналы № 4 разрез қолға алынды. Қиын жағдайда жұмыс жасаған құрылысшылар мен монтажниктер қысқа уақыт ішінде 2 млн 400 мың тонна куб жер өңдеді, сонымен қатар, 225 мың тонна көмірді өндіріп, арттырды, 17 мың тұрғын үй салды, энергетикалық шаруашылық, 28 км темір жолын салды.

Соғыстың аяқталу кезеңінде, 1944-1945 жылдары карьерлердің ашық құрылысымен қатар, жұмыс жасайтын шахталар кеңейді. Қарағанды еңбекшілері Жеңіс күнін күтті. Олар 1944 жылы Бастапқы командалық соғысқа жоспардан тыс 110 эшелон көмір артып жіберді. Жоспардан тыс көмірдің 19 эшелоны Киров атындағы шахта ұжымының есебінен болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағанды көмір бассейнінің шахтерлары 45722 мың тонна көмір өндірді, ол көмірлі Қарағандының жұмыс жасаған мерзімінен бір жарым есе көп. Соғыстың соңғы жылдарында шахтада 43 мың адам жұмыс істеді. Отан кеншілердің ерлік еңбектерін бағалады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағанды тау-кеншілері бүкілодақтық жарыста төрт рет Мемлекеттік Қарулы Комитетінің Қызыл Туын иеленді, олардың екі жүздейі КСРО орденімен және медальдарымен марапатталды.

Жауларын жеңу үшін қарағандылықтар көмір өндіруді екі, үш есе көбейтті. Еңбек ерлігінің үлгісін көптеген шахталар көрсетті.

Қарағанды бассейні елдің халық шаруашылығына отынды қамтамасыз ететін негіз болды. Негізі металлургиялық өндірісте кокстенген көмірдің өте қажеттілігі болды. 1943 жылы маусымда КСРО-ң көмір өндірісінің Халық Комиссариатымен комиссия құрылды, олар Қарағанды көмір бассейніндегі шахталардың өндірістік қуаттылығын анықтап, бірінші орында кокстенген көмірдің өндірілуін жоғарылатуға арнайы шаралар өткізілуін қадағалайды. Барлық жұмыстар КСРО Ғылым Академиясының Оралдың, Қазақстанның және Батыс Сібірдің қорларын жұмылдыру комиссиясымен тығыз байланыста болды.

1945 жылы сәуірде өндіріс кәсіпорындары ұжымының арасында және Қазақстанның басқа да өндіріс салаларында Қазақ ССР-ң 25 жылдық мерейтойын қарсы алу үшін әлеуметтік жарыстар күшейді. Бұл еңбек жарысында «Қарағанды көмір» комбинаты сәуір айында жоспарды 103,1 % орындап, екінші орын алды.

 Өндіріс еңбегін жоғарылатуда жоспарлық тапсырманы орындауда басты рөл, ғылыми-техникалық, инженер-техник жұмысшыларының ғалымдардың шығармашылығы болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағанды көмір бассейнінің кеншілері 45722 мың тонна көмір өндірді, ол көмірлі Қарағандының жұмыс жасаған мерзімінен бір жарым есе көп.

Отан кеншілердің батырлық еңбектерін бағалады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағанды тау-кеншілері бүкілодақтық жарыста төрт рет Мемлекеттік Қарулы Комитетінің Қызыл Туын иеленді, олардың екі жүзі КСРО орденімен және медальдарымен марапатталды. 1987 жылғы 17 қаңтарда СОКП Орталық Комитеті арнайы қаулы шығарып, онда соғыс даласында мерт болған ерлер есімін мәңгілік есте қалдыру мәселесі көтерілген. Осы қаулыға сәйкес Қарағанды облысынан аттанып, майдан даласынан оралмаған боздақтар туралы 3 томдық «Зерде» кітабы жарық көрді.

Темірғали АРШАБЕКОВ, тарихшы-этнограф

Суреттер автордың жеке мұрағатынан

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?