Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шәмші туралы 5 қойылым

1429
Шәмші туралы 5 қойылым - e-history.kz

Сурет: М.Әуезов атындағы театр сайтынан

Бүгін – қазақтан шыққан ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. 

Шәмші Қалдаяқов дүниеге келгенде оған Жәмшид есімі қойылғанын білетіндер аз. Кейіннен «Жәмшид» «Шәмші» болып өзгертіліп, құжаттарға осылай жазылып кеткен. Осы арада Жұбайы Жәмилә Шәмшінің әкесінің аты Қалдаяқ емес, Әнәпия екенін еске алады. Оның айтуынша, аяғындағы белгіге байланысты жеңгелері «Қалдаяқ» атап кеткен.

Маэстро үнемі өте музыкалық, сазға жақын отбасыда өскенін айтушы еді.  Әкесі темір ұстасы болғанымен, музыка өнеріне жақын болған. Ол домбыра, қобыз, гармоньда ойнауды жетік меңгерген. Ал анасына келсек, ол өте жақсы ән айтатынын.

Шәмші Қалдаяқов өзінің ұзақ жылдар бойы композиторлық өнер жолында үш жүзге жуық шығарма жазды.

Қазіргі өмірі өнегелі тұлға туралы түрлі сахналарда спектакльдер қойылып жүр. Соларға тоқталып өтуді жөн көрдік.

«Сыған серенадасы» поэтикалық драмасы

Әйгілі Шәмшінің шынайы, әсерлі әндері әр қазақтың аузында. Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» поэтикалық драмасы Шәмшінің сығандар табырында өткізген күндерін баяндайды. 

Еркін халықтың әндері мен билеріне еліткен шығармашылық иесі сыған баронының қызы Изольдаға қалай ғашық болғанын аңғармайда қалды. Қарашаның бір таңында Изольдамен қоштасқаннан кейін қойылым аттас ән пайда болды.

Бұл драманы бірнеше қазақ театрлары сахналады, соның ішінде қарашаңырақ Мұхтар Әуезов атындағы театр қойылымының орны ерек.

 

«Шәмші» мюзиклі

Astana Musical мемлекеттік  Жастар театрының репертуарындағы бұл туынды мэтрге арналады.

Бұл махаббатты романтикалық лирикамен жырлаған қазақ даласының аты аңызға айналған сазгер-композиторы туралы музыкалық қойылым. Оның өмірі, қызметі және қиын тағдыры туралы. 

Мюзиклдің авторы Мадина Омарова, қоюшы режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. 

Тағдыры әнге айналған тұлғаның әр әні өзінше бір пәлсапаға ие. Ол автордың өмір жолында кездесіп отырған тулаған түрлі сезімдер мен сұрықсыз күңгірт кезеңдерінен сыр шертеді. Оның өмірлік ұстанымы, өмірге деген өзіндік сұлу көзқарас, адам жанын баурап алардай ұлы туындыларға септік болған бай жандүниесінен хабар беретін бұл қойылым қай жастағы көрерменнің де назарын жаулап алады. 

"Өмір – Өзен" музыкалық театрландырылған қойылымы

"Өмір – Өзен" музыкалық театрландырылған қойылымын Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында ұсынылды. 

Қойылымның режиссері Еркебұлан Қабдылдың мақсаты ұлы композитор туындыларын жастар арасында насихаттау еді.

Сазгер туындылары жүректерге егетін ізгі қасиеттер, махаббат, сүйіспеншілік сынды сезімдерді келер буын өкілдеріне өз мәнерлерінде жеткізуді мақсат тұтты.

«Әнім сен едің» спектаклі 

Ілияс Омаров атындағы Қостанай драма театрында режиссер Әлия Баймұханованың «Қазақ вальсінің короліне» арналған қойылымы сахналанады.

Спектакльдің сюжеті композитордың жас кезінде басынан өткен драмалық махаббат хикаясына негізделген. Композитордың өмірінде сығаннан шыққан Изольда деген сұлу пайда болады, ол жас музыкантқа ғашық болып, оны өз табырына шақырады. Шәмші бас тартады. Туған жерін, халқын тастап кете алмайды. «Әнім сен едің» қойылымында жауапсыз махаббат, композитордың кешкен жан азабы бейнеленеді. 

«Шәмші» элегиясы

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сазгерге арналған қойылым бар. Элегия авторы – белгілі лирик ақын Серік Тұрғынбекұлы, ал оны сахналаған режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Композициясы эмоционалды-поэ­тикалық, жанры моноспек­так­ль­ге бұратын «Шәмші» – ә дегеннен жастық сезімнің шалқарына ай­на­лып, құс қауырсын сұлулық үйіріліп ке­те барады; жас өскін, бал құрақ жас­тардың оң әсері анық көрінеді, жас­тар табиғи харизмасымен спек­такльді қанаттандырып жібергені анық.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?