Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Абылай хан және Қазақ мемлекеттілігі конференциясы

1618
Абылай хан және Қазақ мемлекеттілігі конференциясы - e-history.kz

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлының І-ші оқулары аясында Абылай ханның 310 жылдығына орай «Абылай хан және қазақ мемлекеттілігі: тарихи үдерістер мен сабақтастық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына көрнекті ғалым т.ғ.д., профессор., ҚР ҰҒА академигі Б.Е. Көмеков құттықтау сөзін айтып, т.ғ.д., синолог, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының (ЮНЕСКО-ның 2-санаты) бас ғылыми қызметкері К.Ш. Хафизова, т.ғ.к., Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Ірі қоғам қайраткері, ғұлама тарихшы Зардыхан Қинаятұлының тағылымы» тақырыбында Д.Әлімғазы, докторанттар мен магистранттар қатысып баяндамаларын оқыды. 

Конференцияда Зардыхан Қинаятұлы атындағы стипендиямен Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері Морякова М.Т., Зикирбаева В.С. және Бұрханов Б.Б. марапатталды.

Болат Емұхамбетұлы Көмек, тарихшы, шығыстанушы: 

- Құрметті әріптестер, Зардыхан иманды болсын! Жақсы адам еді. Білікті ғалым, қоғам қайраткері, моңғол жерінде туып-өскен, моңғол жерінде біраз биікке жеткен. Парламент депутаты болған, Моңғолия мемлекетінің уәкілі ретінде Мәскеуде жұмыс істеген. Мәскеуде ғылыммен шұғылданған. 5 жыл бойы ғылыми институтта жұмыс істеген. Зардыхан – тұлға. Ол бойына сіңген өзінің қасиеті зор, кішіпейіл, ішкі мәдениеті жоғары, отырыс-тұрысының өзі Зардыхандікі. Сөз сөйлеу мәнері – Зардыхандікі, мінез болса, қалыптасқан. Өз сөзінде тұратын, өз принципін қорғайтын жақсы адам еді. Осында келгеннен кейін бөлім меңгерушісі болды, сол мезгілде біраз әлі де басылмаған әңгімелер жайлы, Шыңғысхан қазақ па, моңғол ма? Осыған кәсіби маман ретінде ой-пікірлерін білдірген. Шыңғысхан моңғол болып туған, моңғол болып қайтқан. Ешқандай қазақ емес. Дұрыс, тарихи шындық – осында. Шыңғыс ханды неге тарта беретінінің арғы жағында бір астар бар. Сонда ол саяси жағдайға Шыңғыс ханды қазақ ретінде айта ма деп тартқан, көнбеді. Тарихи шындық – Шыңғыс хан моңғол. Моңғол болып келді, жаулады. Содан біздің анау бірінші басылымда, 5 томдық басылымда ол кездерде Пищулина Клавдия Антоновна жұмыс істеп жатыр отделде, мен болсам Астанада Мақсұт Нәрікбаев атындағы университте едім. Біздің концепциямызда мемлекеттілік сабақтастығы бар. Бірінші басылым да негізгі мемлекеттік сабақтастық, сақ дәуірінен бастап осы 19 ғасырға дейін, Рессей патша өкіметі жойғанша, қазақ мемлекетінің дәстүрін сол Зардыхан екі томдық кітап етіп шығарды.Осы концепцияны дұрыстап, мемлекетке байланысты қазақ-орыс тілінде, орыс тілінде  кітап қылып, сақ дәуірінен бастап найман уысына дейін өзіміз жазып, авторлар жинақтауымыз керек. Ой-пікірі өте дұрыс. Сол кезде «қазақта мемлекет болды ма, болған жоқ па?» деген әңгімеге Зардыхан нақты «қазақ мемлекетінің тарихы» деп шығарып кеткен. Сол Шыңғыс ханға байланысты «Шыңғыс хан және қазақ мемлекеті» деген тақырыпқа керемет кітап шығарды. Ғылыми тұрғыда, осы мәселе күрделі мәселе еді. Мынау ғылымды саясатқа айналдырмау. Бұның бәрі де «Шыңғыс ханды» қазақ па, деген саясат шындыққа жатпайды. Кезінде Қырғыз елінің 2200 жылдық халық аралық конферециясына шақырды. Онда жыл сайын барып тұрамыз. Асқар Ақаев он ғалымды шақырып тұрды. Мен сол жерге 4 рет бардым. Сол 10 ғалымның ішінде. Сөйтіп шақырғанан кейін мен бірден тезис жазу керек дегеннен кейін жаздым. « Соотношение этнонима и этноса» олар қазақ елінің 2200 жылдығын көздеді. Сонда тезиспен көз жеткіздім мен. «Этноним» қашанда сақталады. Ғасырлар бойы өзгермейді. «Этнонимнің» аты қырғыз болса, көне де қырғыз, қазір де қырғыз. Бірақ «Этнос» ретінде өзгерістер ол динамикада, таксономиялық шектер бар. «Таксономический уровень теорий этноса» солай деп аталады. Сонда қырғыз көнеден тайпа болған. Содан кейін бірте-бірте тайпа бірлестігі болды. Одан соң халық болып қалыптаса бастады. Содан кейін міне, ұлт болды. Сөйтіп, осыны жақсы білетін, сезінетін осындай жағдайда, яғни ғылыми тәсілді зерттеудеЗардыханның еңбегі өте зор болды. Сондықтан бұндай бастаманы қолдау керек. Зардыхан сияқты әсіресе білікті ғалымдарға көңіл бөліп отыру керек. Рақмет!

Әлімғазы Дәулетхан:

- Ассалаумағалейкүм! Қадірлі жиналған қауым. Бөке, өте жақсы, қысқы да нұсқа  сөйледіңіз. Зардыхан Қинаятұлын бір кісідей білетін адам ретінде, сіздің берген бағаларыңыздың өте орында екеніне, ғылыми тұрғыдан берген бағаңыздың бәрін жүз процент қолдап, қуанып отырмын. Өйткені мен Зәкеңмен сол бір бөлмеде, тұп-тура өстіп 20 жыл қатар отырған  екенбіз. Қайтыс болған күннің алдында, бір жарты жылға дейін. Сонда бұл кісінің маған еткен әсері, енді жасымыз бар болғаны екі-үш ақ жас үлкендігі бар екен ол кісінің. Ол кісі менің әкем сияқты ма, ағам сияқты ма, ұстазым сияқты ма, сондай бір керемет тұлға болып менің көз алдымда қалыптасып кетті. Кейін қарасам үш-ақ жас екен арамыздың айырмашылығы. Бір-ақ сол шын мағынасындағы ол кісінің кішілігі, адами қасиеті, білімі, интеллегенттік ерекше қасиеттері, қазақшылдығы, ұлтшылдығы, Алашқа деген жалпы түрік халықтарына деген ол кісінің махаббаты, білімділігі мен сондай ерекше құрметтейтін адам ретінде менің көз алдымда қалыптасқан шығар. Мен сол үшін өзімді «бақыттымын» деп есептеймін. Өйткені мен әдебиетшімін дедім ғой. Қытай тілі әдебиетін меңгердім, ұйғыр әдебиетін меңгердім, қазақ әдебиетін меңгердім. Ал тарихшы ретінде кеш келдім. Содан менің көптеген методологиялық тұрғыдан, жазу мәнері жөнінен Зәкеңнің маған еткен ықпалы өте зор болды. Ол кісіге мен айтып қоямын кейде: «Зәке, менің беліме екі-үш килограмм тасты байлап қойыңызшы,мен  әдебетке қарай кетіп қалуым мүмкін,ә дебиетке ауып кетуім мүмкін»-десем, күлетін. «Иә, байлап отырмыз ғой. Сен оны білесің ғой» дейтін. Ендігі әңгіме, мінекей Зардыхан ағаның осындай бір оқулары өтіп жатқанда, сіздердің, мынау ғалымдардың назарына екі-үш нәрсені салғым келеді. Қанша айтқанмен біздің ұғым-түсініктерімізге орыстан, еуропадан кіріп кеткен нәрселер көп қой. Мысалы, мен осы Зардыхан оқулары дегенді, мысалы, профессорлардың оқулары дегенді қабылдай алмадым. Мен орысша ойлап, қазақша айтатындар қатарынан емеспін. Мен қазақша ойлап, орысша айтатын қазақпын. Оқулар деген сөздің, сөздіктен қаншасын іздеп көрдім, дәл мынау ғылымға арналған нәрсе емес бұл. Ғылымға меніңше болса, тағылым деп алсақ. Тағылым ол бізге не берді өзі? Академик па, профессор ма,селенкор ма, басқа ма, бізге не берді өзі? Яғни тарих ғылымына не берді? Деген мәселені айтқан уақытта, соғыста құрбан болғандарды еске алу, тағы көсемдерді еске алу, тағы бірдеңе деген мағынасына кетіп қалмас үшін керек. Бұл – ғалымға деген құрмет. Оның тарихқа қосқан үлесі тұрғысынан мысалы, тағылым деп алғанымыз жөн деп білеміз. Ал енді, екінші мәселе, Зардыхан біздің тарих ғылымына не берді? Осы тұрғысынан алғанда. Біріншісі, жаңағы Болат аға айтқандай, тарих ғылымындағы біздегі дәстүр жалғастығы. Қазақ мемлекетінің дәстүр жалғастылығы, үздіксіз деген мәселені былайша алып айтылғанымен, ресми түрде дәлелденіп үлкен ғылыми анализ, синтезден өтпеген жай сөз еді. Осыны Зардыхан аға өзі біздің бөлімге бастық болып келген уақытта «қазақ мемлекеттерінің дәстүр жалғастылығы» деген тақырыпты беріп, сонымен біз 5 жыл айналыстық. 2005 жылы сол кітап болып шықты. Сонда анау ежелгі сақ-ғұнан бері, бүгінге дейінгі дәстүр жалғастылығының ғылыми тұрғыдан біз дәлелдедік қой деп ойлаймын. Оған бәлен адам қатысты, бәленбай ғалымдар, әркім өзінің саласы бойынша қосылды. Сондықтан Зәкеңнің тарихқа қосқан бірінші еңбегі бұрыннан айтылып келген. Бірақ жүйелі зерттелмеген. Әсіресе мынау орыстың еуропалық тұрғыдан көзқарастары жазылған дүниелердің ықпалынан болуы керек, көрнекіленбей қалған. Енді осыны көрнекілендіру мәселесін Зардыхан Қинаятұлы орнықтырып кетті ғой деп ойлаймын. Екіншісі, біз оқыған уақытта «Монголо-татарской иго» деген сөзден басқа, одан қалса «Жестокий век» дегенен басқа, Шыңғыс хан дәуіріне қатысты ұнамды сөз естіген жоқпыз. Ал шын мәнінде бұны Зәкең екі түрлі кезеңге бөлді. Біріншісі, жаулаушылық кезіндегі қырғы. Екіншісі, мынау Шыңғыс ханның ұрпақтарының, немерелерінің былай қарайғы балаларының хандық құрылу, Алтын Орданың құрылуы, одан кейін қазақ хандығының құрылуы тағы сол сияқты хандықтардың құрылу дәуірі. Мұны «Моңғол ұлыстық билік дәуірі» деп атады. Бұл – өте дұрыс. Әрине, бүкіл адамзат тарихында атақты хандар, империялар құрылғанда, олар қып-қызыл қанмен адам сүйегінің үстіне құрылған. Басқаның бәрін қойғанда, бүгінгі әлемге үлгі болып отырмыз деп отырған Американың өзі – 20 млн үндістің сүйегінің үстіне құрылған мемлекет. Демек ол дәуірде не болмады? Құл саудасы кешегіге дейін болды. Бірақ соған қарап Американың бүгінгі жетістігін жоққа шығара алмаймыз ғой. Сол сияқты Шыңғыс ханның да, алғашқы жаулау кезіндегі қырғыншылығы бұл – адамзаттың тарихындағы жалғасып келе жатқан сұмдық. Жаулаушы бағындыру керек. «Бағынбағанның басын кеседі, бастан идіреді,т ізеден бүктіреді» деген. Ал енді екенші кезең, бұл – моңғол ұлыстық билігі дәуірі. Бұл біздің қазақ мемлекеті қалыптасуының алғашқы сатылары болды. Сондықтан «моңғол ұлыстық билігі дәуірі» дегенді біздің тарихымызда бір  атау ретінде, ғылыми баға ретінде қабылдаумыз керек деп ойлаймын.Үшіншісі, осы тарихқа қалай баға беру мәселесі, жаңағы Шыңғыс хан мәселесі, тағы сол сияқты бірдеңелер. Бұның арғы жағында үлкен саясат жатыр. Оны енді мына әлемдік саясаттану тарихынан хабары жоқ кейінгі ұрпақ білмейтін шығар. Бірақ та біздің көз алдымызда өткен нәрсе. Мен 1962 жылы Қытайда дайындық курсын оқып жүргенде, Шыңғыс ханның 800 жылдығы деген үлкен науқан жүрді. Қытай тарихында одан бұрын да, бүгінге дейін де, Қытайдың небір-небір императорлары да болды. Оның пәлен жүз жылдығы деген әңгіме мүлдем жоқ. Бір-ақ неге екен, сол кезде Шыңғыс ханның 800 жылдығы атала қалды. Сөйтсек оның айтайын деп отырғаны, Шыңғыс хан жаулап алған жердің бәрінің «мұрагері – біз, біз» деген ар жағындағы үлкен агрессиялық империялық көзқарас тұр екен.Сөйтіп оны анау Моңғолиядағы бір жерден таптық сүйегін деп, үлкен науқан болды. Газет-журналдардың бәрінде. Содан кейінгі кезеңдерде де солай болып жатыр. Мынау кейінгі уақыттардағы Қытайдың насихат оқулықтарын қараңыздар. Қытайдың Батыс өңірі дейді. Батыс өңірінде шекарасы жоқ. Қара теңізге дейін бе, жоқ анау Еуропаға дейін бе, Батыс өңірі дейді. Ал Батыс өңірінің ішіндегі ең негізгісі, оқулықтарын да Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстанның жерлері, Қытайдың жерлері картасында тұр. Солай оқытылып жатыр. Міне, осындай жағдайда келіп, Қытай мен біздің арамыздағы тарихи қатынастағы, Шыңғыс хан туралы тағы сол сияқты дүниелерді айту – бұл Қытайдың тікелей өздерінің мемлекеттік саясаты. Ал біздің ақымақтар осыны түсінбей, абыройлы-атақты боламыз деп немес сол Қытайдың қолдауына ие боламыз деп, бізге шатастырып келді. Мен өзім өткенде жиналыста, осындай отырған жерде айттым. Академик призидеттің жорлығының өзіне «Оу, ағатай-ау бұның не сенің? Біздің тарихта не жұмысың бар? Біздің тарихты білмейсің ғой. Әбіновты әкеліп, академик қылып, сауатсыз, өмірінде тарихпен айналысып көрмеген. Қытайда көмір шахтасының инжинері мына жерге келіп, бірден бізге тарихшыларға келіп Шыңғыс хан кім?» деп лекция оқып, оны академик қылып, академик көзқарасы қылып дәріптеп келдік. Бұл – ұят нәрсе ғой. Әркім өз ісімен айналысуы керек қой. «Мен сіздің химияңызды білмеймін ғой. Химия туралы айтуға хақым жоқ. Ал сіздер, мына біздің тарихқа келіп, біздің қазағымызға қол тыққанды қойыңыздар»-деп ашық айттым осы жерде. Оны бір адамдар жақтырмаған шығар. Жақтырмаса өз  алдына, өзі білсін. Бірақ бұл нәрсе осындай мемлекеттік деңгейде, ғылым басында тұрған адамдардың деңгейін де, кешегі өкіметті басқарысып отырған сенатордың деңгейінде көтеріліп кетті. Бұл ауыл арасындағы әңгіме боп немес іріген артық әңгіме боп, әуесқой тарихшылардың арасындағы әңгіме болса мейлі ғой. Ондай болса, біз басымызды қатырып ешкімнің көңіліне келетін сөз айтқымыз жоқ. Бірақ бұл мемлекеттік тип аталып отыр. Сондықтан мына бүгінгі Зардыхан оқуларының негізгі мақсатының біреуі осы тарихтың методологиясынын қалай жүйелейміз, ендігі ұрпаққа не қалдырамыз? Анау энциклопедияға кіріп кеткен, оқулықтарға кіріп кеткен, хрестоматияларға кіріп кеткен, онан қалса жоғарғы оқу орындарында арнайы бұрыштардағы қайдағы бір тарихшылар туралы, қазақ тарихының бұрмаланған тарихын оқытып келеді. Осыған тосқауыл қоюымыз керек. Келер ұрпақты шатастырмаумыз керек. Ол Захаңның айтқаны, менің айтқаным немесе доктор Болат ағаның айтқанымен келер ұрпақ есептесек, екі талай. Олардың білетіні – энциклопедия, олардың білетіні – хрестоматия. Өйткені солай ғой, ол мемлекеттік үлкен деңгейде жасалған дүниелер болғандықтан, олар соны тыңдайды. Сөйтіп біз келер ұрпаққа тағы үлгі үлкен мәселені қалдырып кеткеніміз жоқ. Мүмкін болса осы мәселеге қорытынды, қоғамдық ғылымдардағы ахлет мусорды күресуге лақтыру керек. Келер ұрпақ осыны білу керек. Оны ғалымдарды және мемлекеттік деңгейдегі көзқарасы болып қалыптасып айтылуы керек. Сонда ғана біз жаңа қазақстан құрамыз деген сөзге өзіндік үлесімізді қосқан боламыз, ағайындар. Мынау Зәкеңнің еңбегі еленеді, еленіп те келе жатыр. Бірақ өздеріңіз білесіздер, сонша еңбек қылған айналып бір 20 жылдың ішінде 10 неше кітап шығарған. Онда да керемет тарихи, мән-мағынасы жоғары, ғылыми мәні жоғары еңбек қалдырған Зардыхан ағаға бір грамота да берілмепті. Өйткені ол кісі кезінде қазақта шекара болмаған дегенге, бірінші болып баспасөз де Назарбаевтың хаттамасына жауап берген адам. Қазақта шекара болған деп дәлелдеген кісі. Екіншісі, мынау – еуропацентризм, евразия бағдарламасына қарсы шыққан адам. Үшіншісі, мемлекеттің басында отырған адамдардың отбасының мемлекет ісіне араласу дұрыс емес деген. Үш үлкен Қазақстанның сол кездегі дерті болып тұрған осы үш мәселеде де Зардыхан батыл ортаға қойды. Баспасөзді де ортаға қойды. Ал енді бұны өстіп Назарбаевтың көзіне шұқығандай болып әңгіме айтқан ғалымдар,онша көп емес. Сондықтан ол кісіге ешқандай құрмет көрсетілген жоқ. Және ол кісі оған зәру де болған жоқ. Ол туралы бір еңбектеніп немесе жоғары төмен бір ізденгенді жоқ. Мынау Еуропада бір атақты ғалымның атын ұмытып отырмын, нағыз ғалым, патшаның шақыруымен барады. Ал енді жағымпаз тарихшылар, өздері ізденіп барады.Зардыхан ондай сұранысқа зәру адам емес еді. Құдайға шүкір, еңбек деген далада қалмайды. Біздің институттың көлемін де, жалпы тарихшылар көлемінде жалпы құрметі Зәкеңнің құрметіне күндердің айналуы және оны жылда өткізіп тұруы институттың арнайы шешім қабылдауы – өте қуанышты нәрсе. Аққа құдай жақ екеніне сіздер де, біз де куә болып отырмыз. Осы баянды болсын. Рақмет!

Конференция барысында конференция материалдарының жинағының тұсаукесер рәсімі, «Библиографический словарь кипчаковедов» кітабының тұсаукесері өтті.

Орал Хасенқызы, тарихшы:

- Қадірменді ғылыми қауым, біз сіздермен бүгін тағылымды шара өткізіп жатырмыз. Қазақ халқы тегін айтпаған «өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді. Ал тарихшылардың басты міндеті – тарихи жадты жаңғырту. Егер тарихи жады жаңғырмаса, онда біздің тарихымыз ешқашан байымайды. Қазақ мемлекеттігі тарихтағы өзекті әрі толғамы тоқсан тарау мәселе екені белгілі. Бастауымыз Сақтар мен Ғұндардан алатын, көк түріктермен сабақтасатын мемлекет құру үдерісі, ғасырлар бойы жалғасып, ақыры қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуіне әкелді. Қазақ мемлекеті құрылған кезден бастап, түрлі конфереденцияларды бастан кешірді, трансформацияланды. Нәтижесінде заманауи халқы, шекарасы, ата заңы, тілі, астанасы, төл валютасы, әскері бар құрлымдық жүйе ретінде қалыптасып, дамып келеді. Оның тарихы қазан  революциясына дейінгі және кейінгі кезеңге дейін зерделеніп ғылыми тұжырымдар түйінделген. Дегенмен қазақ мемлекеттік тарихын, оның даму кезеңдерін айқындау үшін бұрынғы орыстық немесе кеңестік көз қарастардан тазартылған, тың методологияға негізделген ұстаным қажет. Осы орайда ең алдымен, қазақ мемлекеттік тарихын дәуірлеу мәселесін шешу қажеттілігін туындайды. Мемлекеттің өзінің нақты кезеңдерге бөліп тұтас тұжырым жасау – оны терең, әрі шынайы зерттеудің кепілі. Ол үшін оның қалыптасуының, өркендеуінің, жойылуының, қайта жаңғыруының мерзімдемесі нақтыландыруға тиіс. Қазақ мемлекетінің тарихын, дәуірлерге байланысты біраз пікірлер айтылды. Соларың арасында Зардыхан Қинаятұлыны ұсынған кезеңдеу назар аударарлықтай. Ғалым мемлекеттіліктің жүріп өткен жолын 6 кезеңге бөлді.

Конференция жұмысында Зардыхан Қинаятұлының ғылыми зерттеулері, олардың тарихи маңызы, Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы тарихының мазмұнына тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер, Қазақстан тарихын зерттеудегі қазіргі тарихнамалық және деректанулық жетістіктер, қазақ хандығының тарихындағы билеушілердің, билердің, батырлардың және т.б. қызметі терең талқыланды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?