Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Өзбекәлі Жәнібеков - ұлт мәдениетінің жанашыры

3413
Өзбекәлі Жәнібеков - ұлт мәдениетінің жанашыры - e-history.kz

Халқымыздың ғасырлар қойнауына кеткен тарихын, әдет-ғұрпын, қолөнері мен фольклорлық ерекшелігін, мәдени мұраларын зерттеп, оның келешек ұрпаққа жетуіне алтын көпір болған, ұлттық өнеріміз бен дәстүрімізді ғылыммен ұштастыра білген ұлтымыздың жанашыры, көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі этнограф, тарих ғылымының докторы Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығын туған жері Отырар ауданы атап өтті. 

Ұлттық рухтың ұраншысына айналған Өзбекәлі Жәнібековке арналған іс-шара Отырар ауданындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектеп-лицейінде қойылған ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етуден басталды. Содан соң Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің Сапар орталығында «Отырардың тағылымды тұлғасы» тақырыбындағы көрмені тамашалады. Көрмеде этнограф-ғалымның өмірі туралы фотоматериалдар, өзіне тиесілі жеке заттары, сыйлықтары, сонымен қатар, Отырар аудандық кітапхана қорындағы кітаптары қойылды.

IMG_5619.JPG

Іс-шара қарымды қаламгер, ойы терең тарихшы, этнограф, өнер зерттеушісі Өзбекәлі Жәнібековтің халыққа сіңірген ерекше еңбегін көрсету, азаматтық, қайраткерлік қасиеттерін, ұлтжандылығын, даналығын, көрегендігін, рухани мәдени мұрамызға деген жанашырлығын жас-жеткіншектерге насихаттау мақсатында «Өзбекәлі Жәнібеков - Ұлт мәдениетінің жанашыры» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн – конференцияға жалғасты.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Арғынбеков арнайы келіп қатысып, министрдің конференцияның ашылуына арналған құттықтау сөзін оқып, қазақтың ұлттық мәде­ниетінің өркендеуіне, қазақ тілінің мем­лекеттік мәртебе алуына көп күш-жігер жұмсаған қайраткер туралы және оның еңбектеріне тоқталды.

ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының, халықаралық Шыңғыс Айтматов Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ергөбек Құлбек Сәрсенұлы алғы сөз алып, халықтың болашағы, өткен тарихы мен мәдениетін түгендеген қайраткердің еңбектеріне жеке-жеке атап өтті.


IMG_5643.JPG

Республикалық айтыстардың жүлдегері, филология ғылымдарының кандидаты Анар Жаппарқұлова Өзбекәлі Жәнібековке арнаған арнауын оқыса, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазретәлі Тұрсұн, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының және Халықаралық Айтматов Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Дандай Ысқақұлы, Этно-педагогикалық колледж құрылтайшысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, білім беру ісінің үздігі, Түркістан қалалалық әжелер алқасынының төрайымы Серім Айғаным Абанқызы, Қаз ССР –нің еңбек сіңірген артисі, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық хареография академиясының профессоры Ізім Тойған Оспанқызы, Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының бас қор сақтаушысы Қалиева Жанар Мұратқызы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми-зерттеу қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Омар Мырзабай Еркінбайұлы және республикалық музей қызметкерлері Өзбекәлі Жәнібеков және қазақ өркениеті, Археология, этнография және музей ісі және Қазақ тарихының мәселелері бойынша баяндамалар жасады.


IMG_5613.JPG

Конференцияда халқымыздың салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі музей ісінің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібеков — ел үшін еткен ерен еңбектері туралы айтылып, ұсыныстар –пікірлер тыңдалды.

Тарих қойнауына үңіліп, халқымыз­дың өмірі мен тіршілігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерттеп, ерлігі мен бірлігін паш етіп, келер ұрпаққа баға жетпес құнды еңбектері мен өсиетін қалдырған еліміздің біртуар ірі тұлғаларының бірі – мемлекет қайраткері, белгілі этнограф, тарихшы-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің еңбегі жыл өткен сайын құндылығы арта түсері анық.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?