Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Маршал Рокоссовский дивизиясының қазақ командирі

2867
Маршал Рокоссовский дивизиясының қазақ командирі - e-history.kz

Осыдан дәл 80 жыл бұрын, 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия Совет Одағына басып кірді. Дәл осы күні Ұлыбританияның Премьер-Министрі Уинстон Черчилль фашистік Германияға қарсы соғыста Совет Одағына қолдау көрсететінін мәлімдеді. 1945 жылға дейін жалғасқан Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан 1,2 млн-нан астам адам аттанды. Айта кетерлігі, Екінші дүниежүзілік соғыста ерекше қабілетімен көзге түскен әскери қолбасшылардың бірі - Константин Константинович Рокоссовский болатын. Ол - екі елдің (1944 жылы Совет Одағының, 1949 жылы Польшаның) маршалы атағын алған жалғыз тұлға. Ал осы әйгілі Рокоссовский дивизиясында Жұмамұрат Ерекешов деген қазақ батальон командирі болғанын көпшілік біле бермейді. ҚазАқпарат тілшісі оқырманның назарын осы мәселеге аудартып, азырақ зерттеуін ұсынады.

Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы толық зерттелмеген. Көпшілік біле бермейтін халқымыздың батыр перзенттері әлі де баршылық.

Бәлкім Жұмамұрат Ерекешовтің танымал еместігінің басты себебі – Қазақстаннан тыс елде өмір сүргенінде болар.

Жұмамұрат Ерекешов 1914 жылы Сыр бойында, Қазалы уезінде дүниеге келген. Ата-анасы діни сауатты болғандықтан, оны да жастайынан ауыл молдасына оқытады.

1930-1933 жылардағы ашаршылық кезінде отбасымен бірге Қарақалпақ жеріне ауып, Төрткүл ауданына қоныстанады.

1942 жылы Төрткүл аудандық әскери комиссариатынан соғысқа аттанады. Қысқа мерзімді дайындықтан өткен соң Сталинград майданындағы соғыстың алдыңғы шебіндегі атқыштар бригадасының құрамында соғысқа қатысқан.

Жауынгерлік тапсырмаларды мүлтіксіз орындағаны үшін басшылық көзіне түсіп, әскери шені өсумен бірге ерлігі үшін марапатталып отырған. Жылға жетпей-ақ партия қатарына қабылданып, саяси жетекші (политрук) болады.

1944 жылы «ГОЭП 204 А» әскери бөлімінің басшысы подполковник Межевич қол қойған марапаттау парақшасында II дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендері және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

 2106221110493829g.jpg

Константин Рокоссовкий Орталық (02-10.1943), Белорус (10.1943-02.1944), 1-Белорус (02-11.1944), 2-Белорус (11.1944-05.1945) майдандарында корпус басқарғаны тарихтан белгілі.

Жұмамұрат Ерекешов соғысқа Сталинград майданында кірісіп, осы даңқты қолбасшы Совет Одағының екі дүркін батыры, маршал Константин Рокоссовский басқарған дивизия құрамында батальон командирі лауазымында Берлинде аяқтаған.

Аға лейтенант Жұмамұрат Ерекешов елге 1945 жылдың қазан айында оралған. Соғыстан келген соң Жақсыбике Төлегенқызы есімді аруға үйленіп, 3 ұл, 2 қызды болған.

Бірнеше жыл орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ береді. Аудандық партия комитетінде істеді. 1952 жылы ҚҚАССР Дін істері министрі болып тағайындалып, зейнетке шыққанша осы лауазымды атқарған.

Ол Дін істері министрі болған кезде Қарақалпақстандағы Сұлтан Уәйіс баба, Нарымжан баба, Нұрпейіс баба сияқты көптеген үлкен қорымдарға жауапты діни қызметкерлерді тағайындап отырған.

Ол діни қызметкерлер шырақшының қызметін атқарып, қорымның жай-күйіне қарап, зияраттап келушілердің ата-бабаларының рухына құран оқумен айналысқан.

Соғыс және еңбек ардагері Жұмамұрат Ерекешов 1982 өмірден озды. Қарақалпақстан Республикасы Беруни ауданындағы Сұлтан Уәйіс баба қорымына жерленген.

Жоғарыда архив фотосы: Оң жақтан бірінші Рокоссовский, оның артында тұрған Ж. Ерекешов

Бегабат Ұзақов

https://www.inform.kz/

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?