Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Парсыларды ойсыратқан Томирис

13070
Парсыларды ойсыратқан Томирис - e-history.kz
Алғыр стратег Томиристің халық арасындағы беделі зор болды. Ол дүниеден өткен соң үш бірдей әмірші сақ мемлекетін басқарды

Тұмар [Томирис] бұл шайқастың шешуші болатынын білген. Ол салқынқандылықпен ұрыс тактикасының егжей-тегжейлерін жоспарлап отыр. Өзінің әскери киімін киіп, қолына қару алып, қанатты қар барысының рухын шақырып, екпіндеп басып, киіз үйден тысқа шықты. Сыртта оны қалың әскері күтіп отырған. Соғыс жүргізуге қабілетті барлық тайпаластары бұл шешуші айқасқа аттанғалы отыр. Бәрі де жеңіске жеткеніне сенімді... 

2831927eb37e1be30c60e07db5b4d687.jpg

Үш мың жыл бұрын Қазақ даласында атақты арғы аталарымыз – қуатты сақ тайпалары өмір сүрген. Гректер оларды кентаврлар (ежелгі Грекия мифінде ат басты адам) деп атап, оларды аңыз қылған. Көне грек тарихшысы Геродоттың дерегіне сүйенсек, әйгілі Геракл да сақ халқынан шыққан. 

Сақтардың жерлерін ешкім жаулап ала алмаған. Дұшпандар сақ әйелдерінен өлердей қорқатын, өйткені олар ер азаматтармен тең дәрежеде соғыс өнерін көрсете білген. Сонымен бірге, батырларды ерлікке жігерлендірген. 

ddf7cfd7931b1093a9d8e63ac0d6f9b2.jpg

Сақ патшайымы Тұмардың есімі ежелгі жазбаларда Томирис деп көрсетілген. Тұмар – массагеттердің патшайымы, скиф халқының көсемі Ишпақайдың ұрпағы, скифтердің патшасы Мадийдің шөбересі, массагеттердің патшасы Сыпырдың қызы немесе немере қызы. 

Ол бала кезінен әскери іс-қимылдар мен қару-жарақ пайдаланылатын ортада өскен. Әкесімен бірге қуғыншылардан көп рет қашып құтылған. Ал бес жасынан бері асау атқа мініп жүрген. Алты жасында қолына ақинақ – қысқа семсерді ұстап, жаттыға бастаған. Патшайымның анасы Томиристің сәби шағында бақилыққа болған. Кішкентай қызды әкесі тәрбиеледі. 

Томирис бой жеткен соң тиграхаудтардың билеушісі Рустамға тұрмысқа шықты. Ханша ұзақ уақыт бойы үйлену тойының дұрыстығына көп шүбә келтіріп жүрген. Алайда, бір күні Рустамның жадыраған күлкісін көріп, отау құруға келісті. Үйлену тойынан кейін көп ұзамай Томиристің әкесі дүниеден озды. Осыдан соң өкімет Томиристің қолына көшті. 

Әкесі өлгеннен кейінгі жалғыздығы жанына қатты батты. Ал күйеуі бар уақытын той-томалаққа арнап, аң аулаған. Жұбайлардың арасы салқындай түседі. Бұл кезде Тұмар және сақшы Бақтиярдың арасында махаббат сезімі оянды. Томирис Бақтиярды қатты жақсы көргеніне қарамастан, ол опасыздық жасады... 

Б.з.д. 530-529 жылдары Мидия елінің патшасы Кир көптеген елдерді өзіне бағындырып, «Азия әміршісі» атағына ие болып, Ұлы Далаға қарсы жорыққа шықты. Шайқастардың бірінде Кир патшасы Томиристің жұбайы Рустамды өлтіріп, Тұмардың баласы Сыпырды қолға түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы да мерт болды. Ал Кир көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын сұрады. Сонымен бірге, бір халыққа бейбіт жолмен бірігу туралы ұсыныс жасады. Тұмар Кир патшасының ұсынысын қабылдамай, оның қанға тоймас басын қанға тұншықтыруды уәде етеді. Ақыры, сөзіне тұрған патшайым парсыларға қарсы ұрыс жүргізеді. Осылай массагеттер жеңіске жетеді. Шешуші айқасқа сақ әйелдері қатысқан. Бұл оқиғаны грек тарихшысы Геродот «ең кескілескен және ұлы шайқас» деп суреттеген. 

7938d8917b6c592820f8252ecd8f6c16.jpg

Ал Бақтияр жасаған опасыздықтың кесірінен көптеген сақ жауынгерлері ұрыс даласында қаза тапқан. Томирис Бақтияр мен Кирдің бастарын шауып алып, қан толтырылған сабаға тығып, «Аңсағаның қан еді, іш енді соны!» – деп айқайлады. 

Алғыр стратег Томиристің халық арасындағы беделі зор болды. Ол дүниеден өткен соң үш бірдей әмірші сақ мемлекетін басқарды. Сонымен бірге, халық арасында мынадай әңгіме бар. Сақ әйелдерінің жауынгерлерінің рухы биік болғаны соншалық, олар өз тайпаларын қорғау үшін бәріне де дайын болған. Осылай ұрысты тиімді, қолайлы әдіспен жүргізу және садақпен ату үшін жауынгер әйелдер кеудесіндегі сүт бездерін алып тастаған дейді.

Айта кету керек, 1906 жылы ашылған астероидке Томирис есімі берілген. Томирис – қазақ қыздарының арасында ең танымал есімдердің бірі. Кейбір деректерге қарағанда, «темірді майыстыру», «темірді қирату» мағыналарын білдіреді. Сонымен қоса көне ирандық Томруз (үйлі) сөзінен шығуы мүмкін. 

Мирас НҰРЛАНҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?