Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ең ащысы – сұм соғыс, ең тәттісі – Ұлы Жеңіс

2093
Ең ащысы – сұм соғыс, ең тәттісі – Ұлы Жеңіс - e-history.kz
ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Көбі келместің кемесіне мініп кетсе, біразы жағада тұрған ардақты соғыс ардагерлеріне қанша құрмет көрсетілсе-де артық болмасы анық. 4 мамыр күні ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде ардагерлерге арналған «Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!» мюзиклі және «Жеңіс Ізбасарлары» көрмесі ұйымдастырылды. Оған ҰОС ардагерлері: Бекмәди Ахат Бекмәдиұлы, Фролов Алексей Федорович, Кальсин Владимир Васильевич, Кальсина Раиса Егоровна, тыл еңбеккері Алексеев Василий Игнатьевич арнайы шақырылды. Сондай-ақ бұл іс-шараға Астана қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сыздықов Аманкелді Хамзаұлы, оның орынбасары Дүйсенов Есболат Қасымұлы қатысты.

2efd5582c9ce9d602b5266102b69b8a9.jpg

Мюзикл: аналардың өрімдей ұлдарын соғысқа шығарып салу сәті

Астана қаласы № 17 мектеп-гимназиясының оқушыларынан құрылған шығармашылық топ Қаһарман қонақтардың құрметіне Музейдің мәдени-білім беру қызметі аясының серіктестерімен бірлесе отырып, Қазақстандық солдаттар — Кеңестік Одақтың батырлары: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, генерал-майор И.В. Панфилов бастаған 316-атқыштар дивизиясының батырларына арналған «Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!» мюзиклін қойды. Бұл көріністен әсер алған көрермендердің көзіне жас үйіріліп, кеудесін мақтаныш сезімі кернеді. 

e0f803d4921b2bafefcbf4c9f4628272.jpg

Мюзикл: майдангерлер өмірінен үзінді

Іс-шара «Жеңіс Ізбасарлары» атты Музей қорынан ұйымдастырылған көрмемен жалғасты. Онда Ұлы Жеңістің пырағын бейбітшілік шырағына айналдырып, бақыт бәйтерегіне байлам қылған, соғыс ардагерлері және Мәскеудегі Қызыл Алаңда Ұлы Жеңістің шеруіне қатысқан шетелдік делегациялар мен тәуелсіз Қазақстанның қазіргі таңдағы Қарулы Күштері туралы материалдар іс-шараның басты тақырыптарына арқау болды. 

e0ea97fd0ff7da6d59879e31e4b42d99.jpg

Мюзикл: майдангерлерге бұйрық түсті

— Біз, соғыс ардагерлерін айтқанда, тыл еңбеккерлерінің еңбегін ерекше елеуіміз керек. Бұл тағдырдың тәлкегімен трактор айдаған, және тонналап көмір тасыған нәзік қыз-келіншектердің батырлығы. Бұл өздері өндірген өнімдері өңешінен өтпей, майданға азық-түлік, көкөніс, шикізат жіберген шаруалардың ерлігі. Біз Жеңіске үлес қосқан әрбір соғыс майдангері мен тыл еңбеккерлеріне басымызды иіп, құрмет көрсетеміз, — деді өз сөзінде Астана қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сыздықов Аманкелді. 

a0bbc538cf5bb98093028ae0528c3224.jpg

Мюзикл: майдангерлер өмірінен үзінді

— Майдан туралы артық айтылмаса, кем айтылмайды деп ойлаймын. Ең бастысы, біз үшін ең ащысы — сұм соғыс, ең тәттісі — Ұлы Жеңіс, — деген ойымен бөлісті ардагерлердің бірі Кальсин Владимир Васильевич.

Кездесу соңында Отан Соғысының қатысушыларына арналып естелік сыйлықтар табыс етілді.

ac6ea861995b33da4927a92dda72a2a5.jpg

Ардагерлер «Жеңіс Ізбасарлары» көрмесінде бас қосты


Гүлжанат ӘБДІКӘРІМ


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?