«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Қазақ даласынан шыққан ұлы режиссер

329
Қазақ даласынан шыққан ұлы режиссер - e-history.kz
Шәкен Айманов 1970 жылғы қайтыс болған күні неғұрлым алыстап кетсе, Кеңес Одағы мәдениетінің көрнекті өкілі, қазақ өнерін жасаушы тұлғаның жолы мен ой-өрісінің кеңдігі соғұрлым айқын көрінеді.

Шәкен Аймановтың рухани өмірге қосқан үлесі мол болып, қазақ театры мен киносының болашақ тарихшыларының назарын өзіне талай рет аударады. Қазіргі кезде-де Шәкен Аймановтың шығармашылық жолы биік болды деп ешқандай күмән жоқ. 

Шәкен Кенжетайұлының есімі республиканың мәдени өмірінде мәңгілік алтын әріптермен жазылған. Ол халық құрметіне бөлінген қазақтың әйгілі актері, режиссер. КСРО-ның халық әртісі, «Қазақфильм» киностудиясының жетекшісі, режиссер әрі актер Шәкен Айманов көп қырлы тұлға болды. 

3e0eb587af38609a1fb61b03dff938ef.jpg

Шәкен Кенжетайұлы Баянауыл өңірінде, Торайғыр өзенінің қасында, дүниеге келген. Әкесі дарынды әнші әрі музыкант болды. Өміріндегі қиыншылықтарға қарамай, әкесі домбыраны қолдан жібермеді. Кішкентай Шәкен оның әкесі сияқты музыка және таулардың таңғажайып әндерін жақсы көріп кетті. Шәкен өзінің домбырасын жастықтың астына салып, осылай ұйықтаған. «Елім-ай» — оның орындауындағы алғашқы ән. 

XX ғасырдың 20-шы жылдары болды. Осы кезде Баянауылға көптеген белгілі әншілер — Қали Байжанов, Жаяу Мұса, Майра, қазақ халқының тарихындағы алғашқы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан келетін болды. 

Шәкеннің туған жерінен көптеген дарынды адамдар шықты. Олардың арасында ақындар, халық шеберлері болды. Шәкен Аймановтың балалық пен жастық шағы Қазақстанның жас өміріне тұстас болды. Жас ғалым Қаныш Сәтбаев ғылым іліміне бет бұрды. Жұмат Шанин оқуға түсіп, басқа өңірге көшіп кетеді. 20-шы жылдардың соңында Шәкен Семей қаласына барады. 

Ол мектеп-коммунада білім алып, Луначерский бастамасымен құрылған педагогикалық институтта оқып жүрген. Шәкеннің мамандығы — бастауыш мектебінің мұғалімі. Институт қабырғасында жүргенде, өзінің бос уақытын үйірмелерге арнады. 

Институттың драмалық үйірмесінде көбінесе қазақ ауылының өмірін бейнелейтін пьесалар қойылған. Мұнда Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр», Мұхтар Әуезовтың «Бәйбіше — тоқал», Күләш Бәйсейітова және А. Шалинаның «Зәуре» пьесаларынан үзінділер қойылған. 

Шәкен Айманов Алма-Атыдан Семей қаласына гастрольдерімен келген Қазақ драма театрының актерлерімен танысады. Шәкен М.Әуезовтың «Қаракөз» шығармасының негізінде қойылған пьесаны тамашалады. 1933 жылы Шәкен Айманов институттың үшінші курсында оқып жүрген, осы кезде Риддер қаласынан Семейге Еңбекші жастар театры гастрольдерімен келген. Осы театрдың спектаклінде Шәкен Айманов қатысып, «Зарлық» пьесасында Сафардың рөлін сомдады. Шәкеннің ойнағанын Семей қаласына республиканың Халық Ағарту Комиссариатының тапсырмасымен келген әйгілі қазақ жазушысы Ғабит Мүсірепов көріп қалды. Ол Қазақ драма театры үшін дарынды жастарды іздеді. Айманов, Оғызбаев — екі актерге Алма-Аты қаласының театрында жұмыс істеу туралы ұсыныс жасады...

f34563d79a2445dbb51363a27cbe9a12.jpg

1933 жылы Шәкен Айманов үшін жаңа өмір басталды. Актер кәсібімен енді ғана айналысып бастан адамның өмірінде кездесе беретін қуашыштар мен қиындықтарға тап болды. Мұнда қазақ өнерінің әйгілі шеберлері — Күляш Бәйсейітовамен, Серке Қожамқұловпен, Қалибек Қуанышбаев және Жұмат Шанинмен алғаш рет танысады. Шәкен Айманов М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» шығармасының негізінде қойылған пьесада — Есен, Н. Погодиннің «Аристократы» («Ақсүйектер») туындысының негізінде қойылған пьесада — Садовский рөлдерін сомдаған. Шәкен белгілі театр режиссерлерінің бастауымен жұмыс істеді. Осындай режиссерлердің арасында Соколовский, Маркова және басқалар болды. 

1945 жылдан бастап Шәкеннің өзі-де актер болып жұмыс істей отырып, театрдың режиссері ретінде өзінді көрсетті. Ол он спектакль қойды: «Амангелді», «Американың дауысы», «Ақан сері мен Ақтоқты» және басқалар. 1940 жылы театрда еңбек ете отырып, кино түсіріліміне қатыса бастайды. 40-шы жылдардың фильмдерінде кішкентай рөлдерді ойнай бастады, мысалы, «Ленфильм» киностудиясының «Райхан» фильмінде Сәрсеннің рөлін сомдады. Мұхтар Әуезов фильмге сценарий жазды. Соғыс жылдары кезінде «Белая роза» («Ақ раушан») фильмінде майдангер рөлін ойнап, «Абай әндері» фильмінде — Шәріп рөлін орындады. Шәріп кекшіл, қатал, бар билікті өз қолында ұстағысы келетін адам болып, Абаймен күресу жолына түседі. Осы жылдарда Шәкеннің барлық рөлдерінің ішінде ең маңыздылар — 1945 жылғы Шәріптің рөлі және 1954 жылғы Жамбылдың рөлі. Осы кезде Шәкен Айманов өзінің театрдағы жұмысын бәрінен жоғары қойып жүрді. 

c998d042504a4bebc36f0b0791e5e6de.jpg

1953 жылы сахнаның белестерін бағындыруға ұмтылмай, театрдан бас тартып, өз көңілін театрға аударды. Көптеген қазақ режиссерлері Шәкеннің ізіп қуып, республиканың кино өнеріне атсалыса бастайды... 

8db3dc3ce3a13e0fbacb83fe73d49a82.jpg


4c841269b8a1c6de1788bf04491390d2.jpg


453ef22b57502ee54716150ab0b82286.jpg


Шәкен Аймановтың фильмдері Қазақ кино өнерінің даму жолында алғашқы болып түсірілген. Жанрлар бойынша фильмдер әртүрлі болды: «Махаббат туралы поэма» трагедиясы, «Даланың қызы» драмасы, «Тақиялы періште» киноповесі және басқалар... 

550f77ea930c6330760cbbaf65d26b47.jpg

Шәкен Айманов түсірген кинофильмдердің ішінде ең жақсы картиналардың бірі — «Атаманның ақыры». Шәкен Кенжетайұлы табиғат көрінісінің эмоциалды күшін біле тұрып, Баянауылға —туған жеріне жиі барған. Ол фильмнің мазмұнын терең ашып көрсету үшін табиғатты пайдаланған. «Баянауыл — жер шарындағы ең көрікті орындардың бірі. Баянауылды бар жанымен сүйемін, өйткені бұл шынымен де керемет жер, ал менің туған жерім ғана емес. «Қазақфильм» студиясы Баянауыл жайында бірнеше фильм түсірген. Бұл «Баянауыл» және «Эхо» кариналары...», — деді Шәкен Айманов.

a51561a1072b9dabe1d2281b807f952f.jpg

Шәкен Айманов Кеңес Одағы киносының көрнекті өкілі болды. Оның шығармашылығы шетелде-де белгілі. Ол көптеген елдерге барып келді: АҚШ, Англия, Италия, Франция, Мысыр. Шәкен Кенжетайұлының фильмдері әртүрлі жанрларда түсірілген. 

3f9635dd33fa72fc24cd9af86af96ecf.jpg

56 жасында Шәкен Аймановтың өмірі үзілді — Мәскеу қаласындағы көшелердің бірінде оны машина соғып кеткен еді. Осы кезде режиссердің шығармашылығы шырқау биікке көтірілді. 

Мақала Павлодар облысының Мемлекеттік мұрағаты материалдарының негізінде дайындалған 

Алена Демченко

Сауалнамалар
Қандай бұйым үйіңіздің төрінде тұр?