Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шөптібай Байділдин: Кейкінің басын шауып алып кетті деген жалған

2105
Шөптібай Байділдин: Кейкінің басын шауып алып кетті деген жалған  - e-history.kz
Кейкіні зерттеген, құрметтеген азаматтар нақты дерек көзі емес, қолға түскен материалдарға сүйеніп батыр бейнесін ашқысы келеді

Осылай әрі-сәрі қым-қуыт шақта сырттан Желявтің әй Кейкі! беріл мылтығыңды тастап, қолыңды көтеріп далаға шық. Үй қоршауда енді қашар жерің жоқ, болмаса үйге граната тастап үйді жарамыз деп айғайлайды. Кейкі батыр орысша түсінбейді. Жанында тұрған екі батырдан аналар не деп айғайлап тұр деп сұрайды. Татарлар айтады: үй қоршауда берілесің болмаса үйге граната тастаймыз деп жатыр дейді. Кейкі татарларға айтады: аналарға айт берілмеймін атысып өлемін. Татарлар Кейкі сөзін сырттағыларға жеткізеді. Дым шықпасын білген Желяев татарларға Кейкіні есікке итеріп жіберіңдер біз сен екеуіңе бостандық береміз дейді. Осы кезде екі татар Кейкіге жақындап батыр сізге берілсін деп жатыр дедеп екеулеп есікке таяу тұрған батырды есікке итеріп жібереді. Кейкі барып есікке соғылады. Осы кезде есікті аңдып тұрған сырттағы солдаттар есікті көздеп атады. Кейкінің кіндгінен төмен оқ тиіп жараланып, шалқасынан құлайды. Үйдің іші у-шу, азан-қазан болып шулап жылайды. Солдаттар есікті бұзып кіріп Кейкіні қансыратып далаға сүйреп шығарады. Сол жерде біреуі екінші Кейкі туады деп Ақжанның ішін жарып ішіндегі ұл баланы аударып тастайды. Жәкеннің басқа бір бөлмесінде ұйықтап қалған Шұбарды да сүйретіп алып шығып атып тастайды. Манағы бастарыңа бостандық берем деп өз мүдделеріне пайдаланған екі татар азаматын да атып өлтіреді. Осы кезде таңда толық атып, маңай жарық болады. Кейкі батырдың оң қолын кетпенмен шауып бір солдат қанжығасына байлайды. Түнде атыс болғанда Сүтемгеннің Жәкенінің 1911 жылы туған қызы Бибіжамалдың сол жақ аяғының қалың етіне оқ тиеді. Осы әжеміз 1980 жылы Арқалық қаласы жанындағы Аңғар ауылында дүниеден озды. Ауылдың қасындағы қорымға жерленді. Жас кезімізде талай қолынан дәм таттық. Ақанай атты шалы, Сүлеймен, Сүлман атты балалары болды. Немерелері бүгінде Арқалық қаласында тұрып жатыр. Сонымен Торғайдан Желяев бастап Кейкіні қуып келген топ ақыры батырдың түбіне жетіп атып өлтірді.

Әлгі ұйықтап қалған Шұбарды жақсы танитын үлкен ақсақалдардың бірі Сейтқасым. Ауыл аралас бәрі осы Жыланшық бойының азаматтары. Сейтқасым Жыланшық өңірінен 1932 аштықта Жезқазған-Созақ-Шымкент-Ташкент-Тәжікстан кетіп 1940 жылдары Торғайдың Көкаталатына оралған. 1961 жылы жылы туған жері Жыланшыққа келіп, 1983 жылы 86 жасында дүниеден озды.

Кейкінің ерлігін үнемі айтып отыратын. Қолын кетпенмен шапқанын көп айтатын. Ал басын шауып алып кетті дегенін ешқашан естіген емеспін. Сондықтанда Кейкіні атқан күні басы шабылмағаны анық. Кейбір баспасөз деректерінде 10-15 күн салып Токаревтің баласы келіп көмген мәйітті аштырып басын қылышпен шауып турап тастапты деп жазылып жүр. Мүмкін сол кезде әкетуі. Сонымен бірнеше жыл соңына түсіп аңдыған жау Кейкі батырды, інісін, әйелін қырып тынды. Осы жерде көптеген адамдар Кейкі батырдың басын кесіп әкетіп Торғайдың алаңына іліп қойды деп жазып жүр. Ілінген бастың ұзын сақалы болды дейді.

Ал Кейкі батыр селдір, шошқа сақалды болған. Оған дәлел көп. Кейкінің көзін көргендер де, туыстары да осыны айтады. Жезқазғандық қаламгерлер Кейкі батырдың басын Атбасарға ілген. «Ат Кейкіні, бас Кейкінікі емес» деп жазды.

Сүтемгеннің Жәкенінің үйінің жаны қан жоса болып, жайрап қалады. Жергілікті халық өлген азаматтарды ақ жауып, арулап қоюға орыстардан қорқып Жәкен үйінің жоғарғы жағындағы иірімдердегі жырақанаға апарып бетін жабады. Бұл жырақана үйден 100-120 метрдей жерде.

Батырдың денесі осы жерге жерленгенін қарттардың бәрі айтатын. Кейіннен батырдың денесін қорлайды деп жасырын көшіріп басқа жерге жерлеуі де мүмкін. Кейкі батырға өлгеннен кейін 40 жылдан кейін туысы Әбу Қарақожин темір шарбақ пен көк тас қойды, Жыланшақ кеңшары шағын белгі орнатты, Арқалық қаласы тұрғыны жақын туысы Әбубәкір Қылышбаев Тасты өзені бойынан үлкен кесене тұрғызды. «Жас ұлан» жастар ұйымы жетекшісі Елена Цвентух батырға ескерткіш орнатуға талмай еңбек етті. Нәтижесінде шағын ескерткіш қойылды.

Кейкі батырдың туғанына 2013 жылы 140 жыл, өмірден озғанына 90 жыл толды. Осы ғасырға жуық уақыт аралығында Кейкі жайлы естелік, аңыз-әңгімелер толастаған емес. Қазақ халқының азаттығы үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, алтын басын ажалға байлаған арыс азамат жайлы талай-талай әңгіме, дастан, повесть, спектакльдер жазылды, Кейкі бейнесін көркемдеп кинолар да түсірілді.

Бәрінің де мақсат-мүддесі батырын ұлықтау, ерлігіне тәу ету, батылдығын, батырлығын, ерлігі мен өрлігін, құралайды көзге атқан мергендігіне тамсанып, палуандығы мен азаматтық парасаттылығына, әділетсіздікке төзбейтін туралығына бас иіу болса керек.

Фото: Артем Чурсинов

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?