Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Орта ғасырлар кезеңінің антропологиясы

3109
Орта ғасырлар кезеңінің антропологиясы - e-history.kz
Орта ғасырлар кезеңінің антропологиясы

Орта ғасырлар кезеңінің антропологиясы — ертедегі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жергілікті мекендеуші- лердің бүкіл қоғамдық-саяси құрылысы мен этникалық-мәдени өмірінің мүлдем өзгеруімен ерекшеленеді. Сол кезден бастап Орталық Азияның ұлан-байтақ аумағы, соның ішінде Қазақстан да ертедегі түріктердің қуатты этникалық-мәдени қауымдастығының өрісіне енді. Бұл аумақ ауқы- мында түрік тайпалары үшін ең белсенді тарихи орталық Алтай болды, шамамен алғанда, б. з. б. V ғасырда Ашина әулеттік руының өмір сүруі кезінен одан әрі солтустік-батысқа қарай қоныстанып, Оңтүстік Сібірдің көп бөлігін, Қазақстанды, Орта Азияның солтүстік және шығыс бөлігін, Еділ бойын, Шығыс Еуропаға дейін қамтыған көшпелі түріктердің негізгі көпшілігі сол жерден шыққан. Бірқатар ғасырлар бойы Орталық Азиядан шыққан өзге тайпалардың экспансиясынан гөрі, жергілікті мекендеушілермен бірте-бірте және ұзак уақыт бойы этникалық-мәдени бірігу, көбінесе қан араластыру басты орын алған Ұлы дала белдеуінің тарихи дамуының бүкіл барысы түркі тілдес тайпалардын бір-біріне одан әрі ықпал етуі мен этникалық-саяси одақтары мен мемлекеттерінің құрылуы үшін берік негіз дайындады.

Түріктер заманының (VI г. — XIII ғасырдың басы) жинақтап алынған храниологиялық деректеріне талдау жасау Қазақстан аумағынан еуропеоидтік элементтер монғолоидтік элементтерден біршама басым болатын аралас антропологиялық тұрпатқа тон морфологиялық белгілер кешенін анықтады. Орта есеппен алғанда бұл кезеннің халқында: бас сүйегінің ұзындығы орташа (179,1 мм), жалпақ (147,3 мм), биіктігі орташа (133,2 мм), брахикранды (82,4), мандайының кендігі орташа (96,0 мм) жэне еңістенуі орташа (83,90), кеңсірігінің үсті біршама дөнес және қабағының доғасы орташа жетілген, бет сүйегі шығыңқы (73,3 мм) және жалпақ (139,1), тайқылау, көлденеңінен қарағанда бұрыштану шамасы орташа (назомалярлық — 143,70°, зиго-максиллярлық — 133,60°), мұрны біршама ұзын (биіктігі — 53,2 мм, ені — 25,4 мм), мұрын сүйегі біршама шығыңқы (26,20°) және кеңсірігінің биіктігі — 3,8 мм, көз аңғарының биіктігі орташа (33,5 мм), азу тіс шұңқырының терендігі орташа болған. Үйсіндер заманынан шыққан морфологиялық өзгерістер негізінен алғанда бас сүйек төбесі биіктігінің аздап кемуіне, брахикрания дәрежесінің күшеюіне, бет жағының біршама кеңеюіне және көлденеңінен де, ішінара тік жазығынан да барлық деңгейде оның сәл көбірек толығуына қатысты болды. Өзгерістердің мұндай бағыты, анығын айтқанда, монғолоидтік тектер (гендер) қосылуының одан әрі жалғасуының нәтижесі болып табылады, жоғарыда атап өтілгеніндей, ол ертедегі темір дәуірінде басталды, сонан соң Қазақстан аумағына Орталық Азия тайпаларының, соның ішінде ғұндардың, ал қарастырылып отырған кезенде — түріктердің келуіне байланысты біртіндеп ұлғая берді.

Қазақстанның түрлі аймақтарына Орталық Азия түріктерінің ену дәрежесі мен олардың жергілікті мекендеушілермен араласып-сіңісу үрдісі біркелкі болған жоқ. Бұл ескерту көбінесе физикалық қарым-қатынасқа қатысты, ал этникалық-мәдени кірігу (этнонимнің, тіл мен сөздің, мәдениеттегі дәстүрлердің, шаруашылықты жүргізу элементтерінің араласуы), неғұрлым терең және жедел сипатта болса керек.

Храниологиялық материалдарды аймақтық тұрғыдан зерттеудің көрсет- кеніндей, Қазақстанның шығыс және көбінесе оңтүстік аудандарынан табылған алдыңғы орта ғасырлардағы бас сүйектерінің сан жағынан ең көп тобында Орталық, Солтүстік және Батыс Қазақстан топтарына қарағанда еуропеоидтік белгілер едәуір көп екенін айта кеткен жен. Мәселен, Жоғарғы Ертіс өңірінің орта ғасырлардағы ескерткіштерден алынған бас сүйектердің топтарында беттің брахикраниясы орташа (80,9), кейбір топтарда мезокрания, биіктігі орташа (72,0), ал кейде аласа (66,0 мм) болуы, ені орташадан (134,0 мм) үлкен (141,2 мм) көлемге дейін араласып отыруы, мұрын сүйегінің едәуір шығынқы болуы (24,0—32,30°) байқалады. Сол арқылы бұл топтар, бір жағынан, өзінің алдындағы үйсін халқымен тығыз тектік байланысын аңғартады, екінші жағынан, Алтай тауының етегіндегі ұқсас халықпен морфологиялық жақындыкты көрсетеді, ал Таулы Алтайды мекендеушілерге қарағанда, ол да біршама еуропеоидтік сипатта болатын. Атап өтерлік қызғылықты бір нәрсе, Жоғарғы Ертіс бойындағы қимақтар мен Солтүстік-Батыс Алтай сросткиндіктері ескерткіштерінің археологиялық материалдарындағы мәдени сипаттарда да белгілі бір ұксастық табылады. Халықтың солтүстік-шығыс байланыстарының басым, ал оңтүстік-шығыс байланыстарының әлдеқайда аз дәрежеде болганын Ертіс бойы топтарын- дағы оралдык түрпатты белгілері бар бірлі-жарым бас сүйектер дәлелдей алады, оның Батыс Сібірдін орманды және орманды-далалық өңірінің орта ғасырлардағы мекендеушілеріне тән болғаны мәлім.

Еуропеоидтік компоненті көп бас сүйектер топтары шоғырланған басқа бір аймақ — Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық, археологиялық кешендері. Атап айтқанда, Тектұрмас қорымдарынан алынған топтарда өздерін Арал өніріндегі Миздахқан зиратының және Өзбекстандағы Фринкент135 мазарының X—XII ғасырлардағы қабірлерінен алынған материалдармен жақындастыратын морфологиялық ерекшеліктер бар. Бұл жәйтті Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы көшпелі және отырықшы халық арасындағы өте тығыз генетикалық қарым-қатынаспен түсіндіруге болады.

Антропологиялық материалдарды зерттеу ертедегі орта ғасырлардағы Қазақстан халқының этникалық тарихы мен нәсілдік-генезіндегі бірқатар өзекті тұстарын атап өтуге мүмкіндік береді. Бұл ең алдымен белгілі бір аумақты ертедегі және орта ғасырлардағы мекендеушілер арасындагы негізгі антропологиялық белгілердің тікелей сабақтастығына қатысты. Келесі жағдай — Қазақстанның әр түрлі аудандарында қан араласуының қарқыны мен дәрежесінің бірдей болмауы. Аумақтық храниологиялық топтардың нәсілдік құрамындағы еуропеоидтік және монғолоидгік компонентгердің әр түрлі арақатынасына байланысты жалпы полиморфизмнен басқа, компоненттердің өз ішіндегі кейбір ала-құлалықты атап өтпеуге болмайды. Еуропеоидтік компонент ертедегі андроновтық түрпатпен қоса, шығыс Жерорта тенізіне тән тұрпаттың (Қазақстанның онтүстігі мен батысында) және Орта Азиядағы қос өзен аралығындағы нәсілге тән брахи- краниялық еуропеоидтік тұрпаттың (Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысында) элементгерін де қамтиды. Монголоидгік компонентте де Орталық Азиядағы тұрпаттағыдан басқа, Орал тұрпатты нәсілдің қосындылары бар (Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде). Басқа бір маңызды жағдай мынада: антропологиялық материалда біз ден қойып отырған аумақта халықтың толық немесе едәуір дәрежеде араласқаны туралы мағлұматтар жоқ. Барлық жағынан алып қараганда, келімсек түркі тілдес топтар жаппай бір мезгілде ағылып келмеген, қайта, біртіндеп, шағын топтар болып келген. Түркі тілдес атауларға келетін болсақ, олардың Қазақстан мен көршілес аумақтардың орта ғасырлардағы халқы арасында кеңінен және салыстырмалы түрде неғұрлым тез әрі оңай таралуы бірқатар жағдайларда азды-көпті тәуелсіз, яғни тектік (генетикалық) қарым-қатынассыз немесе қалай дегенмен де, едәуір әлсіз дәрежедегі тәуелділікте болуы мүмкін. Мұндай құбылыстың түркі тілдес халықтардың этногенезіндегі шектен тыс көрінісі ретінде әзірбайжандар мен Анадолы түріктерін мысалға келтіруге болады, олардың ертедегі еуропеоидтік физикалық негізіне азиаттық нәсілдік ділдің ықпалы тиген жок, ал лингвистикалық жағынан ертедегі үнді-еуропалық тілді түрік тілдерінің біреуі (бұл ретте — оғыздардын шагын тобының) толық алмастырды.

Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан. Петроглифтер кездейсоқта табылғанмен, бұл жаңалықтың мәні төмендегідей болды, Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енді.

Өткен жарты ғасырда осы жерлерде ондаған ғылыми экспедициялар болып, әрбір дала маусымында ғалымдар көне дәуірдегі адамдардың өмірі туралы жаңа дәлелдемелер тауып отырған. Бүгінгі, ауданы 3800 га қорық - датасы біздің жыл санауымызға дейінгі ХІҮ-ХШ ғасырдың ортасы – ХІХ-ХХ жүзжылдық аралығымен көрсетілген елді мекендер, мазарлар, тас қашалған орындар, петроглифтер галереялары (ал олардың бәрін қосқанда 5000-н астам суреттер) және діни құрылыстар (құрбан шалынатын жерлер) түрлі кезеңдегі жүзге тарта ескерткіштерден тұратын қорық бірегей археологиялық кешен болып табылады. Міне осы кездің бәрінде, бірнеше мыңжылдықтар бойы мұнда адамдар тұрғылықты өмір сүрген, бұған дәлел – тастан қаланған үйлер мен мал кіргізетін қоралардың орны, ыдыстардың сынығы және тастан, темірден, сүйектен жасалған бұйымдар.

Петроглифтер Тамғалы шатқалының аса маңызды және көптүрлі ескерткіштерінің бірі болып табылады. Тастағы суреттердің бәрі пикетаж техникасында, кейде ғана темір аспаптың немесе тастың көмегімен ойып жасалатын, бояумен жасалғандары кездеспеген. Тастағы суреттер галереясын арғы ата бабаларымыз орта қола, кеш қола, өтпелі дәуір (ертедегі сақ), ертедегі темір дәуір (сақ және үйсін), ортағасыр (ертедегі түрік) және жаңа заман (жоңғар және қазақ) сияқты әртүрлі тарихи дәуірде құрған. Тамғалы тастағы суреттердің көне және ең әсерлі сериясын құрайтын, орта қола дәуірдің петроглифтары эстетикалық және мәдени құндылықтарға ие. Сол кездегі тастағы бейнелеу өнерінің шеберлерін солярий құдіреті («күнбастылар»), «маскарадшылар», шоқпарұстаушылар, қасқыр маскасындағы садақшы, қару ұстаған жауынгерлер, малдар мен адамдарды құрбандыққа шалу көріністері, эротикалық көріністер, жас босанған әйелдер, арбалар, түрлі белгілер, символдар, сондай-ақ бұқаларды, құландарды, аттарды, түйелерді, қабандарды, қасқырлар мен бұғыларды бірнеше рет бейнелеу сияқты ойларының кеңдігі ерекшелендіріп тұрған.

Белгілі де зерттелген петроглифтердің бірі Тамғалы болып саналады. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысына қарай 170 км, Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Петроглифтер мерзімі б.э.д ХIY ғ., б.э YI -YIII ғасырлар аралығы, яғни қола дәуірден түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Петроглифтер кең аймақта жайғасып, өлшемі 3 км х 10 км құрайды.

Олардың ең маңызды бөлігі 250 м х 500 м, онда 2 000 петроглифовтер бар, жалпы Тамғалыда 5 000 суреттей бар.

Тамғалы – Балқаш бассейні аймағында Семиречьядағы 50 орталықтардың бірі Орталық Азия аясында ғана емес әлемдік масштабта ауқымдылығын таралды. Тамғалы петроглифтері сұлулығымен, кеңістік көрінісінде ежелгі адамның әлемді тануын білдіртеді.

2004 жылы Тамғалы археологиялық петроглифі Юнеско Әлемдік Мұралар Тізімі енген.

Юнеско қорғауындағы Тамғал ескерткіші әлемдік маңызы бар қазына болып табылады. 2006 жылдан Юнеско ескерткіш өмірінде белсенді қатысып келеді және оны сақтауда қолайлы орта туғызуда. Шатқал маңындағы қола дәуір молалары (б.э.д. ХI-Х ғғ) орналасып ертедегі көшпенділер ( б.э.д III мен II ғғ.) және олардың қоныстары орын тепкен.

Тамғалы шатқалында мекендеген ежелгі адамдар табиғаттың көркем жерлерінде ерекше, қайталанбас ландшфатар енгізді. Тамғалы әлемдік танымал мұражай-қорығына «RGB-Studio» ЖШС-нің мультимедийлік энциклопедиясы арналған. Қазақстанның қазіргі аймағында қырма өнерінен шыққан ежелгі ескерткіштер орналасқан. Петроглифтер (гректің «тас» пен «кесу»сөзінен шыққан) - қырма суреттер. Бейнелі өнер түрі ретінде петроглифтер Қазақстан аймағында ежелде пайда болған. Көптеген тарихқа дейінгі шығармалар біздің күнге дейін жетіп, мәдениет туралы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік беріп, ежелгі тайпа мен діни нанымдар рәсімін бейнеледі.

Қазақстандағы қырма бейнелері туралы ХI ғасырдың ғалымы әл-Бируни атап өткен, ол қимақтар еліндегі жұмбақ суреттерге жергілікті халық табынуын айтқан. Х1Х ғасырдағы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан петроглифтер шоғырланған ірі аудандар болып саналды. Өткен жүзжылдықтың 40-50 жылдарында республиканың шығысында республиканың шығысында Тарбағатай, Нарын, Қалба, Моңрақ, Сауыр тауларында «картиналар көрмесі» сериясы ашылады. Шығыс Қазақстан қырма суреттерге толы еді. Алайда, бұл өлкеде ешкім петроглифтермен айналыспады.

Таңбалы деп шатқалды жергілікті халық атаған. Жартылай шөлейт аймақтарында орналасқан шатқалдың жылы мезгіл кезінде қалың бұтамен жабылып, көктемде гүлдерден көмкерілген кілем төселеді. Тамғалы тек табиғатымен қызықтырып қоймай, бұл жерден сирек өсімдіктер мен жабайы қасқыр, түлкі, қоян, тасбақа, жылан және балабан, сұңқар, дала бүркіті сынды құстарды кездестіруге болады. Бәрінен де адам қолынан туындаған Тамғалы петроглифы қызықтырады. Тамғалы – бұл ежелгі шығармашалық көрме, оның суреттерінде адамдар мен жануарлар, ежелгі адамдардың өмір қалпы суреттелген.

Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи «Тамғалы» қорығына 10 мультимедийлық энциклопедиялар арналып, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «RGB-Studio» ЖШС-і құрған «Мультимедийлық энциклопедия коллекциясына» енді.

Тамғалы шатқалындағы алғашқы петроглифтер 1957 жылы 19 қыркүйекте Қазақстанның кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимова жетекшілігіндегі ғылыми зерттеушілер тобынан шыққан А.А.Поповпен суретке түсірілді.

Ғылыми экспедиция қола дәуіріндегі Қарақұдық шатқалындағы молалар қазбасын зерттеді. Соңғы уақытта А. Г. Максимов пен А.А. Попов Тамғалы петроглифінің жерін жіті зерттеу жасап, құнды композиция ретінде суретке түсірген. А.Г. Максимов ашуға өз септігін қосқан ғалым ретінде шаттықтан күнделігінде жазбалар жүргізген. 1958 жылы А.Г. Максимовтың бірінші дүниесі «Тамғалы шатқалындағы қырма суреттер» жарық көреді, онда естеліктің жартығасырлық тарихы берілген.

1977-78 жылдары Тамғалы ескерткішін зерттеу А.Г.Максимов жетекшілігімен жалғасты. Біріншіден, Тамғалы аймағы толығымен зертеліп, петроглифтер жиналған негізгі орындардың кестесі құрылады.

1980 жылдардың аяғында ғылыми мақалалар мен қырма суреттерге байланысты Тамғалы зор танымалдыққа ие болып, шетелдік және отандық мамандардың назарын аударды.

1990-1994 жылдары Тамғалы ескерткішін зерттеген ғалымдар петроглифтерді сақтауда алға қойған есептері болды. «Тамғалы шатқалының қырма суреттері консервациясы» атты Мемлекеттік жоба қабылданып, мәліметтер қоры өңделіп, петроглифтерді суреттейтін дала бейнелірінің 3000 суреті берілген.

Б.э.д, екінші мыңжылдықтың ортасындағы мерзімге жататын ерекше композициялар мен бейнелер болды. Оның бірі Күнбасты құдай. А. Г. Максимов, А.С. Ермолаев, Н. Марьяшевтың «Тамғалы шатқалының қырма суреттері» кітабында Тамғалының күнбасты алыптары ежелгі антропоморфты құдайдың бейнесі болса керек деп жазған.

Петроглифтер бейнелері ішінде ежелгі құдайларды бейнелеген дөңгелек, тамға, дұға жазбалары, салттық билер көрінісі, керемет түйелер бейнесі, доңыздар болған. Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген халықтар үшін Тамғалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну, ата-баба рухына тағзым жасалды. Аспан астында біріккен сарай болды.

Суреттер тақырыбы әртүрлі: адамдар, жануарлар, ат шабармандар, аң аулау сәті, адам өміріндегі құрбанды шалу рәсімі, салттық-жоралғылық билер. Ежелгі шеберлер тас заттарын тегістігіне қарай қолдануда, Күнге қарай төзімділігін үнемі ескеріп жүрген. Күн сәулесінің түсуі тәулікке қарай жылжып, суреттер түрлі-түсті болып көрінген. Петроглиф орындарының ыңғайлылығы сондай, бірнеше срует көруге мүмкіндік болатын. Алқап бойында шатқалды бірнеше суреттерін топтасқан түрде көріп, күрделі композицияларға біріліктірілгенін аңғаруға болады.Сол жерде акустика мықты, дауысты қатты шығармай-ақ 100 метрден қашық жерде естіледі.

Атқарылған жұмыстар Тамғалы петроглифтер кешенінің мәдени-тарихи маңыздылығын тереңдетсе керек.

1994 жылы петроглифтерді зерттеу қаржының жоқтығынан тоқтатылады. Алайда, Тамғалы петроглифтерінің танымалдылығынан 1995-2001 жылдар аралығында туристер ағымынан ескерткішті бақылау қиындап кетеді. Оның ақырында естеліктерге қауіп төнгені бар.

Тек 1998 жылы Тамғалы кешенінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңғырып, Қазақстанның мәдениет министрлігімен Тамғалы кешенін сақтау мен кешенді бағдарламасын өңдеу басталды. Сол жылы Тамғалыны Қазақстан атынан Юнесканың Әлемдік Мұралардың Алғашқы Тізіміне енгізу негіздемесі дайындалады.

1999 жылы Юнесконың Әлемдік Мұралар Комитеті Тамғалыны беделді ескерткіш ретінде 2001-2002 жылдарда номинацияға қосу қажет деп анықтайды. 2001 жылдың тамыз айында Қазақстан Премьер-Министрі И. Тасмағамбетов пен Юнесконың Бас директоры К. Мацуура Тамғалы шатқалында болып, ескерткіш маңздылығын бағалап, Қазақстан мамандарының ескерткішке қолайлы жағдай туғызғанын көріп, тәнті болады. 2001 жылдың 5-қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тамғалы Археологиялық кешені республикалық маңзы бар ескерткіш мәртебесін алып, қорғау аймақтары белгіленіп, 2003 жылдың 14-қазанында № 1052 Үкіметтің арнайы қаулысымен Мәдениет министрлігінің қолдауымен Алматы облысы Тамғалы шатқалында 3,8 га жалпы ауданы бар «Тамғалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени, табиғи қорық-мұражай ашылады. Ескерткіш кешенінде 2-мыңжылдық бойы адамдармен қолданған молалар, петроглифтер, діни орындар орныққан.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?