Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Жалаңаш барып жауға ти, ...Ажалымыз қайдан дүр»

1504
«Жалаңаш барып жауға ти, ...Ажалымыз қайдан дүр» - e-history.kz
Соғыстың қысылтаяң кезеңінде қара жұмыстан бастап майдан шебіне дейін «Бәрі де жеңіс үшін!» деп ұрандатқан қазақ комсомол жастарының ерлігі – бүгінгі бейбіт күннің бір белгісі

Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандық БЛКЖО (бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағы) жасағы Кеңес Әскеріне әскери запас даярлауда көп жұмыс жасап, үлкен маңызға ие болды. 1941 жылы 1 қазанда барлық комсомолдық комитеттер бойынша әскери хатшылар бекітіліп тағайындалды. 1- қазан мен 10-қазан аралығында хатшылардың қатысуымен жиын өтті. Комсомол жастар бөлімшесінде жаппай оқытатын алғашқы ұйым құрылды. Алматы облысында 13 әскери оқыту бекеті аудандық және әскерикомитет біріге отырып, 20 комсомол жастардан құрылған бөлімшелерді жинап, команда басшылары мен саяси міндеттерін діттеп берді.

Семей облысынан 40 комсомол саяси бөлім командирінің орынбасары болып тағайындалды. Партиялық органдар өз тұрғысынан мүшелері арасынан ең тәжірибелі және беделді деген жастарды саяси жетекші есебінде жіберді. Семей облыстық Лениншіл комсомол комитеті Марченко И.К., Сметанкина П.М., Гетманова К.П., Говорухина, С.С. Клименко М.И. сияқты комсомолдарды бағыттады.

Еліміз бойынша аз уақыт ішінде 300 оқу бекеті мен әскери қала жабдықталды. Жасөспірімдер мен жеткіншектер әскери оқу бекеттері мен оның материалдық базасын құруда белсенді атсалысты. Аталған әскери оқу бекеттеріне жастардың өз күштерімен дайындалған - 29905 винтовка макеті, 32918 жарылғыш қалпы, 3455 кішкентай сапер күрегі, 2320 көрсеткіш, 570 көздегіш білдегі, 1388 найзағайласқан ұрысқа арналған тұлба, 1813 белтемір, 370 автомат пішіндері, 1651 пулемет пішіндері, 607 кілт және тағы басқа қажетті заттар.

Ұлы Отан соғысы басталғаннан бастап республика комсомолдары жастардың әскери дайындығын күшейітті. Жамбыл облысының Байқадам ауылында 150 жас жігіт пен қыздар күн сайын жұмыс уақытынан кейін үш сағат әскери дайындық жүргізіп отырды. Жасақ командирі запастағы кіші лейтенант, Сарысу райкомының әскери-дене шынықтыру бойынша комсомолдар комиссияының төрағасы Абдолла Досмұхамедов болды. Осы облыстың Талас ауданында әскери оқумен 598 жас азамат, оның 261 комсомол қамтылды.

1941 жылдың қарашасында Батыс Қазақстан облысында 30 комсомол радио ісі бойынша курстан өтті. Әскери оқумен БЛКЖО-ның 1716 мүшесі қамтылды, оның ішінде 66 жас активистері жаппай оқыту бекеттерінде саяси жетекшілердің орынбасарлары болды. Алматы облысы, ШҚО, Жамбыл облысы, ОҚО облыстарында тау мергендерін даярлайтын арнайы бөлімше құрылды. Соғыс басталғаннан танк жойғыштарды даярлауға аса мән берілді, ОК жергілікті органдарға жастарды танк жою ісі бойынша курстарға тартуға тапсырма берді. Комсомол ұйымдарының әскери-оқу бекеттері майданмен байланысты нығайтты, облыстық, аудандық жауынгерлерді жаппай оқыту слеттері өткізілді.

Соғыс жылдары КеңесӘскеріне комсомол-жастар бөлімшелері жаппай оқытудан өткізіп 80 мыңнан астам мамандарды даярлап берді, олардың ішінде: 10973 танк жойғыш, 10738 орнықты оқшашар, 13101мерген, 9958 қол пулеметшілері, 8201 автоматшы, 7813 мина атқыш, 6128 танкке қарсы күрес жауынгері, 1353 сапер-бұзғыш, 6123 кіші командир.

Комсомол комитеттері жауынгерлер мен халық арасында орыс тілін үйрететін үйірмелер ұйымдастырып қол ұшын созды. Сол үйірмелерден 17213 қазақ және басқа да жауынгерлер ауыз екі сөйлеу орыс тілін үйреніп шықты.

Мамандарды даярлау тек қана жаппай оқыту жүйесімен ғана жүргізілген жоқ.1941 жылы 27 маусымда Қостанай комсомолдар облкомы «Қызыл Крест пен авиация және химиялық құрылыс қорғанысына жәрдемдесу қоғамы (Осоавиахима) жүйесінде комсомолдарды міндетті әскери оқыту» туралы Қаулы қабылдады. Бір ғана СҚО облысының өзінде 1066 қыз медбикелік курсынан өтті. Ал 1942 жылы шілде де республикада 2753 медбике және 3581 медбике көмекшісі даярланды. Олардың көбісі ҰОС жылдары өз кәсібиліктерін көрсетіп қана қоймай айтарылқтай ерлік жасады. Мысалыға, Әсия Бекетова 1944 жылы 37 солдатты жеке қаруымен бірге алып шыққаны үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

1943 жылы Авиация және химиялық құрылыс қорғанысына жәрдемдесу қоғамы (Осоавиахима) республикалық ұйымы мергендерді даярлау 140 %, орнықты пулеметшілер 120%, қол пулеметшілері 173% -ға жоспардан жоғары орындалған. 1944 жылы осы еңбектері үшін КСРО Орталық Президумы «Қызыл ту» табысталды. Бұл жерде комсомолдардың еңбегі зор. Республика жастарының барлығын әскери оқумен қамту мақсатында Қазақстан комсомол ұйымы комсомол жастар арасында әскери сынақ өткізді. 1944 жылы 1 қаңтарда әскери сынақ тапсырған комсомолдар саны 148569 болса, осы жылдың мамыр айында 179246 жетті немесе барлық құрамның 84,2 % болды.

Денешынықтыру жұмысы комсомолдардың негізгі қамқорлығындағы істің бірі болды. Кәсіподақпен бірлескен жүгіруден жарыс тұрақты түрде өткізіліп отырды. Жас спортшылар 1943 жылы республикалық, Орта Азиялық спорт жарыстарынан І орын, ал 1944, 1945 жылдары ІІ иеленді.

Ұлы Отан соғысы жылдары денешынықтыру ұйымдары 182842 қорғаныс еңбегіне әзір жас азаматтарды, 240556 қолкүрес жауынгерлері, 287717 граната жарғыштар, 15311 автоматшылар және басқа да қорғаныс мамандары.

Адамзатты алапат әкелген алпауыт соғысқа қазақ комсомол жастарының үлесі зор, оған дәлелде жетеді. 1941 жылы наурызда Ақтөбе облыстық комитеті комсомол жастардың 1940 жылы ерен еңбегі аталып өтіліп, Қызыл Әскерге қосқан қорғаныс жұмысы нәтижесінде Орталық Азия өңірінен ІІ орын иеленді. Жастар өз елінде жүріп, соғыс майданындағы отандастарымен бірдей тер төкті. Бұл дегеніміз сол қиын қыстау заманда қазақ жастарының қай кезеңде де еңбекқор, отан алдында қашанда өзіндік үлесі, отан алдындағы борышын өтеуге дайын екендігін көрсетті.

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?