Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Жақсылық Сәбитов: Біздің тарихта екі Қобыланды болған

2526
Жақсылық Сәбитов: Біздің тарихта екі Қобыланды болған  - e-history.kz
Бізге мәлім эпостық жырдан таныс Қобыландының екі тұлға болғанын білесіз бе? Ортағасырдың біз білмейтін беймәлім мәліметіне жас ғалым Сәбитов Жақсылықпен сұхбат барысында көз жеткіздік

– Жақсылық Мұратұлы бізге жеткен Қобыланды аңыз жыр бойынша қызылбастармен күрескен батыр ретінде таныс, сіздің зерттеуге қарасақ басқаша баяндалады. Неліктен?

– Жалпы біздің ортағасырлық тарихымызға байланысты, оның ішінде осы Қобыланды батыр аңызы да бар, бірыңғай нақты дерек жоқ, әр зерттеуші өзіндік баға беріп, талдау жасайды. Осыдан келіп түрлі дерекөздерін салыстырып отырып тереңінен үңілу мақсатында тақырыпты қолға алдым, бұл жерде басынан бастасақ біз білетін Қобыландының екі адам болғаны белгілі болды.

Қобыландының өмір сүру кезеңін деректерде әртүрлі келтіреді: бір деректерде XIV ғ.басында өмір сүрді, басқа деректе XV ғасырдың бірінші және екінші жартысында өмір сүрген делінеді. А. Қоңыратбаевтың баяндауы бойынша Қобыланды бес кезеңді бастан кешірді (оғыз-қыпшақ, печенег, ноғайлық, өзбек-қазақ және жоңғар). Бұл мәселенің түп тамырына жету үшін Қыпшақ шежіресімен қатар Қазақ шежіресіне үңілуді жөн көрдім. Қазақ шежіресіне келсек біз білетін Қобыланды батыр Тоқтарбайдан тараған. Ал Қобыланды мен Ақжол туралы аңызға келсек себебі кезіндегі көшпелі өзбектердің басшысы Әбілқайыр ханның Қобыланды және Ақжол деген екі кеңесшісі болған, аңызға сүйенсек Қобыланды Ақжолды көреалмаушылықпен өлтірген, ол туралы Ақжолдың әкесі Қодан тайшының толғауында келтіріледі бұл аңызды Ш. Құдайбердіұлы мен М. Тынышбаев тіркеген. Одан өзімізге белгілі І. Есенберлиннің «Көшпенділер»-де әдемілеп жеткізіп берді.

Сонымен ғылыми шындық пен аңыз арасында екіжақтылық бар. 1969 жылы Қазақ хандығына қатысты материалдар басылып шығарылды. Аталған жинақта Шайбанидтер әулетінің шежіресі баяндағандай Әбілқайыр ханның қарсылас жауы ретінде Керей, Жәнібектің аты-жөні аталмайды.

Қазақ хандығының құрылуы тарихы туралы деректерде Керей мен Жәнібек хандардың өз алдарына қазақ хандығын құрып, жеке ел болу емес, Әбілқайыр ханға деген өкпеден кетіп қалған деген дерек бар, себебі кезіндегі көшпелі өзбектердің басшысы Әбілқайыр ханның Ақжолды көреалмаушылықпен өлтірген, кейін сол кездегі беделді тұлғалар Керей мен Жәнібек Әбілқайыр ханнан Қобыландыны жазалауын сұраған, одан нәтиже болмағасын Моғолстанға барып, өз мемлекетін яғни Қазақ хандығын құрды.

Қазақ батырлық эпостарының арасында танымал үш тұлға бар олар: Едіге, Қарақыпшақ Қобыланды, Тама Шора. Едіге мен Тама Шораға қарағанда Қобыланды туралы деректер жоқтық қасы. Сондықтанда біз білетін атақты Қобыланды батырдың өмірі, кім екені қызықты.

– Сонымен шытырман шежіренің түбіне жету үшін қандай болжамға сүйенген дұрыс?

– Қобыландының өмірі туралы тереңінен түсініп, ұғыну үшін Қобыландының батырлық жырына мән беру керек, Осы тұрғыда Қобыланды батырлық жырын 1942 жылы Мұрын жыраудан ауызша жазылып алынған. Ол жерде әкесі Қыдырбай екені және Қарақыпшақтан тарағаны жөнінде айтылады. Тағы бір дерек Әбубәкіров Диваевтың 1922 жылы Ташкентте жарияланған еңбегінде бар. Батырлық жыр Ақмешітте жазылған, бұл жерде Қобыландының әкесі Тоқтарбай деп беріледі, ал басты қарсылас жауы қызылбастар деп көрсетілген. Мен бұл тұрғыда жиналған деректермен таныса келе, төмендегідей сызба жасадым.

Эпостық жырдың жазылып алынған аймақтары, Қобыланды батырдың әкесі

1. Маңғыстау (Кіші жүз) Қыдырбай

2. Қызылорда (Орта және Кіші жүз) Тоқтарбай

3. Орал (Кіші жүз) Қыдырбай

4. Қарағанды (Орта жүз) Тоқтарбай

5. Орынбор (Орта және Кіші жүз) Қыдырбай

6. Қостанай (Орта жүз) Тоқтарбай

7. Ақтөбе (Кіші жүз) Тоқтарбай

8. Қызылорда (Орта және Кіші жүз) Тоқтарбай, Қыдырдың баласы

9. Ақтөбе (Кіші жүз) Қыдырбай

10. Қарақалпақстан (Кіші жүз) Қыдырбай

11. Орал (Кіші жүз) Қыдырбай

12. Ақтөбе (Кіші жүз) Қыдырбай

13. Қостанай (Орта жүз) Тоқтарбай

Көріп тұрғанымыздай, Кіші жүз территориясында Қобыландының әкесі Қыдырбай, Орта жүз аймақтарында Қарақыпшақтан шыққан Тоқтарбай әкесі екенін алға тартады. Ал ноғай мәліметтерінде Қопланлы деп аталады. Ол жерде Қопланлы Едігенің замандасы болғаны туралы сөз қозғалады. Қопланлы әкесінің аты белгісіз. Қопланлы Қарақыпшақ руына жатады, Қопланлы Барақ ханға Алшаңғырдан кек алу үшін көмек сұрайды. Бұдан түйетін ой Қобыландының өз заманында өр тұлға болғандығын, би-басшылар алдында өзіндік пікірі мен сөз өткізе алатындығын көреміз.

– Қорытындысында Қобыланды батырға қатысты сіздің ой-тұжырымдарыңыз қандай? 

– Қарақыпшақ Қобыланды биографиясын мәселесін қарастыра келе қазақ батырлық эпоста бұл қос адам туралы көп ақпараттарды, тарихи дерек көздері мен эпикалық Қобыланды туралы барлық жарияланған нұсқаларын талдап, тарихи ой түйіп қорытындыға келдім. Бірақ, өз зерттеуімді әлі де жалғастырамын, бұл басы деп айтсақта болады, ал сіз қойған сұраққа келсек екі Қобыланды өмір сүрген, бірі Қобыланды Тоқтарбайұлы Едіге, Темірлан,Ер Көкшенің кезінде яғни XIV ІІ жартысы мен XV ғ. басында өмір сүрген. Сонымен қатар сол дәуірде XV ғасыр мен XVI ғ. І жартысында сол тайпадан шыққан Қобыланды Қыдырбайұлыда өмір сүрген. Бұл Қобыланды болжам бойынша Ноғай Орданың билеушісі Мұсаның немересі болуы мүмкін. Ол Ноғайдың Мамай,Алшағыр,Хасан, Ағыша басшыларымен және де Ташкент билеушісі Барақпен замандас болған. 

Сұхбаттасқан Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111) 

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?