Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ресей империясының орыс шаруаларымен қоныстандыруының жекелеген қорытындылары тарихи деректерде

2911
Ресей империясының орыс шаруаларымен қоныстандыруының жекелеген қорытындылары тарихи деректерде - e-history.kz
Орыс қоныстанушыларының мүддесін қамтамасыз ету, олардың ешқандай да кедергісіз бағындырылған аймақтардағы қалаған жерлеріне орналасуды іске асыруға барынша назар аударылды.

(нәтижесі, мақсаты)

ХІХ ғасырдың соңынан бастап Ресей империясының Сібір, соның ішінде оның батысы, Алтай аймағын отарлаудағы алды­на қойған мақсаты –  ұлан-ғайыр өлкені барынша орыс адам­да­рымен қоныстандырып, оның байлығын толығымен мен­шігіне айналдыру, осы арқылы оны Ресейдің заңды құрамдас бөлігі ету болды. Сонымен қатар аталған аймаққа Қытайдың да назарының аууы өлкені екпінді тұрғыда игерудің басты себебіне айналды.

752c756e7cc7b8cd1c2fa9b2b0d257ea.JPG

Бірнеше кезеңге созылған осындай отарлаудың, оның со­ңы­нан жүргізілген көрсетілген аймақтарды жаппай қоныстан­дырудың нәтижесінде ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы­на Батыс Сібір, Алтай өңірінің негізгі тұрғындары орыстар болып қалыптасты.

92d84630c13902432d46f175d44f8f02.JPG

Бүкіл Сібір жерін, соның ішінде оның неғұрлым табиғаты әсем, жер қойнауы аса бай, шаруашылыққа қолайлы батысы, Ал­тай өңірін иеленіп, оны шаруашылықтық тұрғыда игеру  арқылы Ресейдің территориясын одан ары кеңейту арқылы мем­лекеттің қуаттылығына жетісу ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасыр­дың басындағы мемлекеттік саясаттың негізіне айналды. Осын­дай мақсаттағы отарлауды жүзеге асыруға Ресейдің барша қоға­мы қатысты. Бұл мәселе Ресейдің аса үлкен отарлы империя бо­луын аңсап, соған жетісуге асыққан мемлекеттік ұйымдардың, ғылым өкілдерінің, баспасөз орындарының бастыжұ­мыс бағыттары болып қалыптасты. Олардың көтерген мәселелерінің тақырыбы да қосылған аймақтардағы орыс халқының жағ­дайы, оны отарланған өңірлердің қожайыны, иесі ретінде қалыптастыруға бағытталды.

Орыс қоныстанушыларының мүддесін қамтамасыз ету, олардың ешқандай да кедергісіз бағындырылған аймақтардағы қалаған жерлеріне орналасуды іске асыруға барынша назар аударылды. Батыс Сібір, Алтай өңірін  орыс шаруаларымен одан ары қоныстандыру, бұл шараның болашақтағы империялық тұрғы­да­ғы бағыты мен іс-қимылы әХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы мемлекеттік тұрғыдағы зерттеулердің, тал­даулардың негізгі мазмұнына айналды. Атап айтқанда, 1910 жы­лы жарияланған “Сибирь. Оттиск о переселении” [1] атты кітап­та Батыс Сібір, Алтай аймағын ХХ ғасыр басындағы орыс шар­уа­ларымен қоныстандырудың маңызы айқындалып, осы сала­дағы атқарылған істер сараланды. Кітапта әсіресе аймақты ата қонысы еткен қазақтардың жерлерін одан ары алудың жолдары мен оның империя мүддесі үшін қажеттігі көрсетіліп, бағыттары тұжырымдалды. Осы тұрғыда кітапта: “Сібірдегі мемлекеттік істің маңыздылығы қоныстандыру болып табылады. Адамдар­дан басқаның барлығына бай Сібір мұнда нақты орыс жұмыс күшінің келуімен шаруашылықтың және мәдени өмірдің  нақты өркендеуіне жетіседі. ... Қоныс аудару мұндағы нақты қозғаушы күш болып табылады. Аталған күштің әсерімен басқа барша қаты­настар орындарынан жылжып, жаңаша жағдайға ие болады. 

Қоныс аударушылардың келуімен қалыптасатын жаңа жағ­дайларға сай барлық шаруашылықты жүргізу, көне тұрғын­дар мен көшпенділердің ғасырлық қауымдық құрылысы және жергілікті жұмыс нарығы да бейімделуі тиіс. Міне осындай та­лаптың өзі ғана қоныс аударудың маңызын аша түседі және мем­лекеттің ерекше назарына алынады. Қоныстандырудың ба­рысы Сібірдің барша экономикалық болашағында айырықша орын алады. Сонымен қатар қоныс аудару өзінің мәні жағынан аса күрделі және сөзсіз болып тұратын шығыны және шектеу­лерімен үкімет тарапынан қамқорлық мен көмекті қажет етуде.

Соңғы жылдары қоныс аударусанының өсуімен өзінің на­зарын аударта түсті. Біздің Сібірді иеленуіміздің 300 жыл­ды­ғында ондағы орыс тұрғындарының саны 4,2 миллион адамға  жет­ті, ал соңғы 15 жылда бірден 3 миллион адамға қосылды, оның бір­жарым миллионы 1907-1909 жылдар аралығындағы үш жылда келді.

Таяу уақыттағы атқарылған нақты шаралар негізінде қоныстандыру ісін жүйелеу мақсатында Мемлекеттік Дума жа­нынан Ерекше қоныстандыру комиссиясы құрылды. Үкіметтің қоныс аудару комитеттерінің жұмысы барынша жандан­ды­рыл­ды. Бірлескен қимылдар нәтижесінде көптеген істер атқа­рыл­ды. Сібірдің жер қоры, оның сапасы анықталды, қоныс аударушы­лар қозғалысы зерттелді, бұл істің жүйесі жаңартыл­ды, ... Сібірді отарлаудағы қоныстандырудың маңызы айқындалды.

Өткен жылдың күз айындағы біздің Сібір мен Дала өл­ке­сіне жасалған бірлескен сапарымыз 6 уезд, 4 губерниялар мен облыстарды қамтып, ... қоныстандыру үшін жағдайлары әртүрлі ... аудандар анықталды.

1. Қырғыз даласының құнарлы солтүстік және Алтайдың далалық бөлігі –қоныстанушылар армандайтын жерлер;

2. Бос жерлер аса мол, алайда салыстырмалы түрдегі су қоры аз қырғыз даласының оңтүстік аймақтары.

Осы айтылғандар негізінде құрғақшылыққа ұшырап және екі рет астық шықпаған барша Далалық өлкедегі Семей облысы­ның нақты мәліметтер бойынша ең қолайсыз деп саналатын Пав­лодар уезінде  болдық.

Сібір темір жолына жақын орманды аймақ және ... сапар кезіндегі жасалған бақылаулар мен қорытындылар қысқаша түрде төменде беріледі: (1910 жылдың,-Ғ.Қ.) 1 қаңтар мен 1 қыркүйек аралығында Оралдан ары 323 мың адам қоныстанушы өтті. Өткен жылғы осы мерзімде екі есе көп-639 мың адам өтті. (Қоныстанушылар көлемінің артуы,-Ғ.Қ.) ... Төмендегі екі ық­палға байланысты түсіндіріледі: Еуропалық Ресейдегі астықтың шықпауы және Сібірдегі жақсы астық түсімі.

... Қалай дегенмен де қоныстанушылардың жартысы еш­қандай (мемлекеттік,-Ғ.Қ.) жоспарсыз, жер алу кепілдігінсіз, қо­лында қоныс аударушыға берілген құжатсыз аттанды. Осынд­ай орналастырылмаған, “өз еріктерімен жылжушы” қоныстану­шы­ларды баратын жеріне жеткізудің барша жоспарына қиындық әкелген қоныстанушылардың Сібірге жылжуы Оралдан арғы жерде 700 мың адамға жетіп отыр. Мұнда олар жерді жалдау­шы­лар, бұрын қоныс аударғандардың жерлерінде жұмысшылар ретінде өмір сүріп, олардың жағдайлары ауыр болып отыр.

... Қаулыға сәйкес, Мемлекеттік Думаның қоныстану­шы­ларға арналған жақсартылған вагондар жасауға 48 миллион рубль босатуы қоныстанушылар үшін аса маңызды, ... бірінші кезектегі міндет болып табылады.

... Шекараны нығайтудың нақты шарасы біреу-адам­дар­дың саны аз шет аймақтарды қоныстандыру. Шет аймақтарға қоныстанушылардың келуі ылғал беруші нәрлі шырын сияқты Сі­бірде орыс ағашының жанды қабырғасы негізделуі тиіс. Орал­дан арғы қоныстандыру қозғалысының еркіндігі осының негізі болып табылады.

... Батыс Сібірге, Далаға, Алтайға жол ертеден-ақ қоныста­ну­шыларға әбден белгілі. Қоныстанушылардың  түгелге жуығы бұл жерлерді жақсы біледі. Сондық­тан да Батыс Сібірдің осы бөлігін одан ары қоныстандыру жаңадан келетіндердің бұрынғыға қарағандағы шаруашылық­тық күш-жігеріне, ... байланысты.

... Статс-хатшы Куломзинның Сібірге барған сапары негі­зін­дегі жасалған 1896 жылғы есебінде қоныстанушыларға арнал­­ған таяу жылдардағы нақты жерлер 130 мың адамдық екен­дігіанық­талды. Содан бері 15 жыл өтті, көрсетілгеннен 10 есе артық жер бөлінді, жыл сайын қажетті саннан үш есе артық жер анық­талы­нып, қоныстандырылуда. Қоныстандыру басқар­ма­сының 1908 жылдың басындағы есебі бойынша болашақтағы қоныс­тан­дыру үшін жарамды жер қоры 6 миллион екі жынысты қоныстанушы­ларға арналған 3 миллион бөлікке жететін жер болып белгіленіп отыр, соның ішінде оның үштен бірін Дала өлкесінен іздеу жос­парланды. Бұл есеп сол мерзімге көбіне артық көрсетілген мәлі­мет, “арман” ретінде көрінді. Үш жыл өтті, қоныстандыру қоры­на жарты миллион жер бөлігі алынды, ал Сібірдің жер қоры тау­сылғанның орнына өсе түсуде. Атап айтқанда, Ақтөбе облысын­да артық жер көлемі 1908 жылы 6,5 миллион десятина немесе600 мың жер бөлігі деп белгіленсе, оның ширек бөлігі бөлініп болды. Осыдан кейінгі жүргізілген бүкіл облысты қамтыған ке­лесі зерттеунәтижесінде онда 1910 жылы бос жерлер 6 миллион десятина емес, 12 миллионға (11877мың) жуық десятина екенді­гі анықталды.

Батыс Сібірдегі қоныстанушыларға арналған жер қорын атағанда  1904 жылғы 31 мамырдағы заңға сәйкес казак әскер­ле­рінің жеріне қосылған 3 миллион десятинадан тұратын он ша­қы­рымдық жерді атамай кетуге болмайды. Осы жер көлемі­нің үлкендігін оның басым бөлігінің станицалар мен әскерлер­ге, әскер басыларына берілгеніне қарамастан қалғанының 800000 десятина екендігін білуге болады. Кезінде бұл өңір өз мерзімін­дегі бізге жат бұратаналардың даласы мен казак ста­ни­цалары арасындағы осы өңірдегі ащы-тұзды көлдердің мол­ды­ғынан “Горькая” атауын алған шекаралық жүйе(қызметін ат­қар­ды,-Ғ.Қ.).

... Горькая жүйесі Орынбор губерниясы шекарасынан сол­түстіктегі Ақмола облысы арқылы Ертіске дейін, одан кейін­гі Ертіс жағалауымен оңтүстігінде Омбы уезі мен Семей облы­сына дейін жетеді.

... Қазіргі күні оншақырымдық шекара аймағы және Горь­кая шекара жүйесі жерлері біріктіріліп, қырғыз даласының ең жақсы және бай жерлерін иеленген казактар иелігіне жатады.Оншақырымдық жүйеде құнарлы, жыртылмаған жерлер әлі мол, ...

1904 жылғы заң қабылданған мерзімде әскерлер тер­ри­ториясына қосылған жерлерде осы өңірде тұрып келген, әс­кер­лергеалым төлеу арқылы көрсетілген жерде қалу құқығын алған 4 мыңға жуық қырғыз жанұялары бар. Аталған қырғыз­дардың жерге орналастырылуы туралы заңда қаралмаған.

... Қазіргі күні қырғыздар жалға алушылар ретіндегі өзде­рінің жағдайларын  нақты айқындауды қажет етеді. ... Сібір ка­зак әскерлерінің басқармасы жалдама ақысының мөлшері жер құнына қарағанда аз екендігін мәлімдей отыра қырғыздарды әскерлер территориясынан тыс қазына жерлеріне орналас­тыру­ды қажет деп есептейді, алайда қырғыздар өздерінің мекендеген жерлерінде қалуды қалайды.

... Таулы Алтай: Батыс Сібірдің бүкіл ең жақсы жер қоры1906 жылдың 19 қыркүйегі күнгі Жоғары мәртебелі заңға сәй­кес қоныстандыру қорына өткен патша Кабинетінің жерлерін құрай­ды.

Бұл жерлерде қырғыздардың көш жолдары болды. Енді жоғарыдағы жарлыққа сәйкес оның Томск уезіндегі 400000 де­сятинасы  (қоныстандыру қорына алынады,-Ғ.Қ.).

...Бұрынғы келген қоныстанушылар жерлерінің арасын­дағы бос аймақтар қоныстандырылған, ал Барнаул уезінде қо­ныс­тандыру қоры белгілеген жерлерге соңғы келушілер орналастырылып, ауқатты шаруашылықтар негізделіп, жаңа өмір басталған.

... Алтай округінің кең аумағындағы анықталған 40 мил­лион десятина жерінің 18 миллионы шаруаларға алдыңғы мер­зімде берілген және 3 миллионы (жаңадан адамдар келетін,-Ғ.Қ.) қоныстандыру қорына босатылған, осылармен бірге 1906 жылғы заңға жатпайтын ормандар мен тау-кен зауыттары жер­лері саны өте аз тұрғындары бар 13 миллион десятина аймақты  құрайды.

...Сібір бұратаналары, соның ішінде негізінен алғанда қыр­ғыздардың жағдайы күрделі мәселе болып табылады. Қара топырақты аймақтарда көшіп жүрген қырғыздар және осында ұмтылушы орыс жер өңдеушілері арасындағы бөліс ... қырғыз­дардың көшпелі мал шаруашылығын жүргізу ережесіне сай жерлерін босатып, осы босаған жерлерді бірден қоныстандыру қорына беру ... (арқылы іске асырылуы тиіс,-Ғ.Қ.)

... Далалық өлкедегі су мәселесі  аса назар аударарлық. (Ондағы су,-Ғ.Қ.) қазіргі және болашақтағы жер өңдеуші ха­лық­қа жете ме? Қырғыз даласындағы су шындығында да ең бағалы, ең пайдалы  қазына байлығы болып табылады.

... (Сібірдегі,-Ғ.Қ.) ... қоныс аударушылардың малы бұ­рын­ғы отандарындағы көлемінен орташа алғанда бір жарымжәне екі есе, атап айтқанда ірі қара 45%, ұсақ мал 117% артық болды. Әр қоныстанушы шаруашылықта (қоныстанушы жанұя­сында,-Ғ.Қ.) орта есеппен бес бас ірі қара және алты бас ұсақ мал­дан бар. Мұндай байлық туралы олардың көпшілігі өз­дерінің шық­қан жерлерінде ойламайтын да еді. Сібірдегі мүлдем малсыз шаруашылықтардың саны жартыға жуық, (атап айтқанда,-Ғ.Қ.) 135-дан 70 %-ға дейін азайды. 

... Қоныстандыру ісінің пайдалы нәтижесі Азиялық Ресей, сонымен бірге Еуропалық Ресей үшін де қоныстанушыларды Оралдың арғы жағына орналастырудың ойдағыдай іске асуына байланысты. Ал ондағы қоныстанушылардың келуінің қазіргі көлемі тұрғындар құрамының үлкен мөлшердегі өсуін береді. Ақмола облысында 1893 жылы отырықшы шаруалар тұрғында­ры 28500 адам немесе облыстың барша тұрғындарының 5%болса, қазіргі күні қоныстанушылар есебі 543 мың 500 генемесе 45%-ға жетті. Томск губерниясында соңғы 3-4 жылда миллионға жуық шаруа қоныстанды.

... Барнаул уезінің қиыр батыс бөлігін құрайтын 913 мың десятинадан тұратын Құлынды даласы Кабинетке жылына бар­лығы 3 мың рубль ғана пайда әкелетін еді. Оны қырғыздар жал­ға алып, жердің бір бөлігін Павлодар қаласы тұрғындарына бе­ріп келді.1907 жылға Құлынды даласындағы осындай қырғыз жалға алушылардың саны 1089 үй болды, оларды қамтамасыз ету үшін қоныстандыру орындары 167 мың десятина (әр жанұя­ға 150 десятинадан) жер қалдырды, ал 745 мың десятинасы қо­ныс­тандыру бөліктеріне алынды.

... Бұрынғы өлі далада орыс өмірі жанданып келеді. Біз Құлынды даласындағы 14 қоныстан өттік. Осы жерлердің бар­лы­ғында шаруашылық жолға қойылған. Көптеген қоныстар мүл­демге нығайған. Архангельск қонысында (187 аула) қоныс­танушылардың 1000-ға жуық негізінен ірі қара малдары бар. Креста қонысында 600 бастан жоғары, т.б.... Дала құдықтарға толып, ... біз болған қоныстардағы 100–жуығын қоныстанушы­лардың өздері қазған. ... Дамып келе жатқан бұл өмір терең сезім қалдырады: сәтті іске асырылған қоныс аударудың халық байлығының  артуына әсер ететіндігін нақты байқауға болады.

... Сібір бұратаналарына, соның ішінде қырғыздарға келе­тін болсақ, қоныстандыру оларды ығыстыра түсуде, алайда жер­ле­рін толығымен алмайды. Миллиондаған десятинаны жоғалта отыра олардың қалған жерлері нарықтық бағаға ие болады.

... Қырғыз жерлерінің белгілі бөлігінің қоныстанушылар иелігіне өтуі қырғыз шаруашылықтарын күйретпейді.

... Қырғыз шаруашылықтарының ауқаттылықтары іске асырылмаған әлі де кең аймақтардағы жерді көшпенділерден өздеріне керекті жерлерді қалыптасқан мөлшерден аз деңгейде қалдыра отыра алу саясатын одан ары жалғастыру қажет. ... Қырғыздардың егін шаруашылығына жарамды жерлерді қалды­ра отыра мал шаруашылығын одан ары жүргізуге арналған талаптары негізсіз.

Қырғыз даласының оңтүстігінде (мысалы Семей облы­сын­да) мұндай жерлерді бағалау керек және де олардың көшпенді малшылардан орыс егіншілеріне өтуіне барынша жағдай жасау қажет.

...Босаған артық жерлерге бірден орыс қоныстанушылары орналастырылмады. ... Далалы Сібір табиғатының өндіргіш күш­терін барынша тиімді пайдалану және де Ресейдің халық байлығын молайтуды барынша қолдау керек. Қырғыз даласын іскерлікпен және жігерлілікпен қоныстандыру қажет.

... Батыс Сібір мен  Далалық өлкедегі 1910 жылғы егістік көлемі 1905-1909 жылдар мерзіміндегі бесжылдықтағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 858 мың 500 десятинаға артты.

Томск губерниясында соңғы 12 жылда Сібірдің негізгі ас­тығы –бидай егістігінің көлемі екі есеге (588 мың десятинадан 1157 мың десятинаға), Ақмола облысында үш есе (98 мың деся­тинадан 279 мың десятинаға дейін) молайды. Томск губе­рниясында соңғы 4 жылда егістік көлемінің артуы (+44%) Сібір тұрғындарының жылдам өсуінен де асып түсті.

... Сібірдегі май дайындау ісі 400 пұд дайындалған 1894 жылдан басталып, онжылдық көлемінде 25 миллионға жуық рубльге бағаланған 2 миллион пұдқа жетті; Сібірден май тасу 1906 жылы 3 миллион пұдқа, 1907 жылы 3,5 миллион пұдқа жуық болды.

... Біздің сыртқы саудадағы май тасымалы толығымен Сі­бір майының өніміне байланысты бола отыра 1896 жылы Ре­сей­дегі май сату 3,2 миллион рубльге бағаланған 310 мың пұд бол­са, 1907 жылы 47,5 миллион рубльді құраған 3,5 миллион пұд болды. Жылына 47 миллион рубль тұратын шетел алтынын әкел­ген осы табыс үшін Ресей Сібірге міндетті.Сібір майы бү­кіл Сібір астық өндірісінен екі есе артық алтын береді”[1.3-54] - делініп, негізінен қазақ­тардың Орта жүзі рулары мекен етіп келген Батыс Сібір, Алтай­ды қоныстандырудың  өткен тарихы баяндалды, бола­шақ­тағы бұл аймақтарды одан ары қоныстандырудың міндеттері са­ра­лан­ды. Одан анықталғанындай, жаңа жерлерді қоныстандыру осы өңірдің негізгі тұрғындары, соның ішінде қазақтар есебінен жү­зеге асырылуы керек екендігі ашығынан көрсетілген.

“Справочная книжка по Семипалатинскому переселен­чес­кому району на 1912 год. Описание Семипалатинского пересе­лен­ческого района” [2] атты келесі жинақта аталған өлкені, со­ның ішінде қазақ тұрғындары басым орналасқан өңірлерді орыс шаруаларымен қоныстандыруға байланысты бос жерлерді анық­таудың барысы талқыланып, жер жағдайларына сипаттама бе­ріл­ген. Құжатта көрсетілгеніндей: “Омбыдағы станицаларда жә­не аймақтарда қоныстандыру орындары орналастырылған. Пав­лодар мен Семейде қоныстанушыларға арналған фельд­шер­лік орындар мен барактар бар.

Семей облысы 442244 шаршы шақырым немесе 465 мил­лион десятинадан тұратын аса үлкен аймақты қамтиды, әкімші­лік тұрғыда ол 5 уезге бөлінеді:

1.Павлодар уезі 103788 шаршы шақырым немесе 11 мил­лион десятинаға жуық;

2. Семей уезі 64781 шаршы шақырым немесе 7 миллион десятинаға жуық;

3. Қарқаралы уезі182431 шаршы шақырым немесе 10 миллион десятинаға жуық;

4. Өскемен уезі 41487 шаршы шақырым немесе 5 миллион десятинаға джуық

5. Зайсан уезі 49752 шаршы шақырым немесе 5 миллион десятинаға жуық.

... Семей облысына негізінен Еуропалық Ресейдің төменгі губернияларынан келген  адамдар қоныстандырылды. 

(1910 жылғы мәліметтер бойынша):Павлодар уезіне негі­зінен Екатеринослав губерниясынан (2811 екі жынысты адам) және Харков губерниясынан (1698 екі жынысты адам), одан кейін Таврия (1653 адам), Киев (1395 адам), Чернигов (770 адам) және Полтава (408 адам) (губерниялары,-Ғ.Қ.);

Өскемен уезіне негізінен Таврия губерниясынан шыққан шаруалар (5060 адам) Харьков (2988 адам), одан кейін Полтава (1588 адам) және Екатеринослав (874 адам) (губернияларынан,-Ғ.Қ.);

... Зайсан уезіне Томск губерниясынан келген қоныс­та­ну­шылар (3636 екі жынысты адам), Кубань облысынан (434 адам) және Таврия губерниясынан (238 адам) келгендер орна­ласты.

... Семей уезінде көбінесе Полтава губерниясынан шыққан шаруалар (654 адам) және Тавриядан (623 адам) қоныс аудар­ғандар орналасты.

... Алтай тауындағы (қоныстандыру,-Ғ.Қ.) бөліктері Қобда өзені, Күршім өзенінің жоғары ағысы, Марқакөл көлі маңайы, Қалжыр өзенінің жоғары ағысындағы жерлерді қамтиды. 

... Зайсан уезінің Алтай, Сәуір, Тарбағатай таулары ара­сында егін шаруашылығын суландырусыз жүргізетін  неғұрлым жылы және құрғақ үлкен аңғар жатыр. Аңғардың ортасында тұщы Зайсан көлі бар және оған биік таулардан ағып келетін өзеншелер және қайтадан ағып өтетін  Ертіс құяды. 

...Көл маңайында егін шаруашылығына қолайсыз, астық суыққа шалдығатын Сәуір тауында, ал келесісі суландыру жағ­да­йында ауылшаруашылығын жүргізуге мүмкіндік беретін Тар­ба­ға­тайда орналасқан екі қоныстандыру бөлігі бар. 

... Бұл Зайсан уезінің Өскеменнің сол жағалауымен жалға­сатын солтүстік-батыс бөлігі. (Қоныстандыру,-Ғ.Қ.) бөліктері тау етегі аңғарына орын тепкен. (Егістік,-Ғ.Қ.) даласының ба­сым бөлігі суармалы. Көпшілігі Өскемен (уезінің,-Ғ.Қ.) сол жаға­лауына ұқсас, тек біршама құрғақтау”[2.3-12].

Батыс Сібірді, соның ішінде жерге ие болушылдарды үне­мі қызықтырып келген Алтай өңірін қоныстандыру ісін ұйым­дастыруды айқындайтын келесі: “Справочная издания пересе­лен­ческого управления Министерства внутренных дел. Выпуск ІІ. Сибирское переселение в 1899 году. (Что знать каждому хо­доку).-” деген анықтамада да аталған өлкелерге барып, жер ал­ғы­сы келетін Ресейдің ішкі губерниялары шаруаларына осы өңірлер туралы анықтама беріліп, оны барынша молынан қо­ныс­тандырудың қажеттігі айқындалған. Яғни,  құжаттағы деректерден белгілі болатынындай: “Сібір тұрғындары кең аймақта қалаған жерлерін жыртып, егістік аймақты молайтты, алайда көпшілігін тастап кетті. Осы тастап кеткен иесіз қалған Сібір тұрғында­ры­ның артық жерлері (қоныстандыру,-Ғ.Қ.) бөліктері­не алынды. Басқа (жер,-Ғ.Қ.) бөліктері даладан дайындалды. Далада қыр­ғыз­дар тұрады... Қырғыздардан да қоныстандыру үшін алынған артық жерлер табылды.

Қазіргі күні ... қырғыздарда (қоныстандыру қорына,-Ғ.Қ.) алатын жер жоқ, сондықтан бұрын жыртылмаған немесе сапасы төмен жерлерді (қоныстандыру,-Ғ.Қ.) бөліктеріне алуға тура келеді.

... 1899 жылғы бөліктер оның алдындағы жылдармен са­лыс­тырғанда едәуір мөлшерде аз. Бұрынғы мерзімде жақсы жер­лер белгілі болатын және де (қоныстандыруға арналған жерлер,-Ғ.Қ.) бөліктерін анықтау жылдам және оңай іске асы­ры­латын. Ал енді жерді айқындау, оның жарамды, жарамсызды­ғын анық­тауға тура келеді. Оны даладан іздейді, алайда  ондағы да­ла­лық жер бөліктері өте аз.

Таулардан іздейді, онда да жарамды жер жетімсіз. Бос жер орманды аймақтардан, соның ішінде Барабы даласынан немесе Барабыдан табылды.

... Алтай округі қазынаға жатпайды, патшаның меншігі бо­лып табылады және де патша Кабинетінің басшылығында. Ок­руг­тың жерлерін Томск губерниясының Барнаул, Бийск, Змеиногорск және Кузнецк уездері және де Томск уезінің Кайлин, Кри­во­щеновск, Ояшинск, Тутаньск, Чауск, Спасск және Ур­танск болыстықтары негіздейді.

Алтай округінде бұрынғы жылдары қоныстандыруға ар­нал­ған жер бөліктері дайындалған болатын, ал қазір бөліктер дай­ындау округке келген қоныстанушыларды орналастырып бол­ған­нан кейін уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Алтай ок­ру­гінің басшылығы мәлімдеді. Сондықтан да Алтай округіне ба­руға тілек білдіргендерге куәлік берілмейді.

... Жер бөліктері әсіресе түгелге жуық темір жолға жақын жерлерден таңдап алынады.

... Ақмола және Омбы уездері: Жері тегіс, қара топырақты ..., бидай жақсы шығады.

... Барабы немесе Барабы даласы деп Томск губерния­сы­ның үш, атап айтқанда Каин, Барнаул, және Томск уездерінің кеңаймағын қамтыған үлкен жазық өңірін айтады. Барабыны дала деп атау дұрыс емес, себебі онда орман далалық аймақтар­да­ғы­дан кем емес.

... Қоныстандыру бөліктері Каин уезінде орналасқан” [3].

“Обзор работы по внутринадельному межеванию на пере­се­ленческих участках за Уралом в 1908-1909 гг.Переселенчес­кое управление главного управления землеустройства и земле­де­лия.,Издание правил 22 июня 1900 года о подворном и ху­торском устройстве на переселенческих участках в Сибири и Степном Генерал-Губернаторстве” [4] атты келесі жинақта ХХ ғасыр басындағы Батыс Сібір, Алтай өңіріне Ресейдің ішкі гу­бернияларынан келетін шаруаларды орналастырудағы хуторлық шаруашылықтар құрудың қажеттілігі мен тиімділігі айқындал­ған. Яғни бұрынғы аймақтарында жерді қауымдық тұрғыда пай­даланған шаруаларды бүкіл село, деревняларымен жаңа жерлер­ге орналастырып, Сібірде жаппай шаруалар хуторларын (білес­тіктерін) құрудың тиімділігі көрсетілген. Осы арқылы Батыс Сі­бір, Алтай аймағын жаңа леппен, қарқынды тұрғыда қоныстан­ды­ру арқылы игерудің мемлекеттік тұрғыдағы қажеттігі тұжы­рымдалған. Яғни, аталған жинақта баяндалғанындай: “Сібір те­мір жолын салғаннан кейінгі Еуропалық Ресейдің батыс губер­ния­ларынан Сібірге қоныстандыру қозғалысының дамуы қо­ныстанушылардың жаңа жерлерде (бұрынғы,-Ғ.Қ.) отандарын­да­ғыдай бөлінген жер бөліктерін ұйымдасып, тіпті жеке хутор ретінде пайдалануға деген елеулі тұрғыдағы ұмтылыстарымен ерекшеленеді.

Мұндай әдістің тиімділігін оларға қауым кезіндегі шаруа­шылықты ұйымдастырудың осындай түрін жүргізген Сібірдің ерте қоныстанушылары (старожилы) көрсетті. Аталған қоныста­нушылардың (ерте келгендер) өздерінің хуторларын еркін орналастырып, оған тиісті жақсы жерлерді таңдап алуларына мүмкіндіктері болды.

Хуторлық жерлерді ұйымдастыруға арналған...Қоныс­тан­дыру бөліктері негізінен алғанда бір аймаққа орналасқан бір­неше ондаған немесе жүздеген адамдарға тиесілі жерлердің бі­ріктірілуі негізінде қалыптасады. Осымен қатар әсіресе Еуропа­лық Ресейден келген қоныстанушылар арасынан дербесшаруа­шылық құру мақсатында қоғамнан шығуға деген ұмтылушылық та байқалады.

... Сондықтан да шаруалардың аталған тұрғыдағы ұмты­лыс­тарын қолдай отыра (бұрынғы мекендеріндегі,-Ғ.Қ.) жаңа жерлермен танысқаннан кейін өздерінің хуторлық шаруашы­лық­тарын жүргізуге деген тілектеріне қолдау көрсетілуі қажет.

... Осындай талаптарды іске асыру мақсатындағы ерекше ереже қабылдау үшін комитет: “Сібір темір жолы комитетінің мүшесі, оның іс басқарушысы және дайындық комиссиясының мүшесінің төрағалығымен” Сібірге қоныс аударушылардың же­ке (хуторлық,-Ғ.Қ.) шаруашылықтарды құруларының ережесі дайындалып, Айырықша кеңеске негіздеу ұсынылды. Комитет­тің Айырықша Кеңес құруға арналған қорытындысы патшаның қол қоюына жіберілді. 

... Жоғары тұрғыдағы кеңестің ұсынысы бойынша аталған бағыттағы (хуторлық шаруашылықты ұйымдастыруға арналған,-Ғ.Қ.) ережелер дайындау  төмендегідей үш түрлі міндет қояды:

1. Шаруалардың өздерінің алға қойған мақсаттарын (ху­тор­лық шаруашылықты негіздеу,-Ғ.Қ.) іске асыруына еркіндік беру;

2. Шаруалар қоғамының жекелеген мүшелерінің заңды құқықтары мен мұқтаждықтарын  қолдау;

3. Соңғыларын (хуторлық шаруашылықты,-Ғ.Қ.) ұйымдас­тыруда шаруалардыңбастамаларын шектемей, бақылау негізін­дегі мемлекеттік орындар тарапынан үнемі қолдауды іске асыру. Сібірге қоныстанушыларды осы үш талапты іске асыруға арнал­ған заңнамалар негізінде аулалық және хуторлық негізде орна­лас­тыруанықталған қоныстанушылар жерінде іске асырылады.

Ерекше кеңес көрсетілген ережелерді қабылдай отыра қо­ныс­тандыру бөліктерін ұйымдастырғанда хуторлық негізді еске алады, осы арқылы кей жағдайларда жарамсыз деп танылған жер бөліктерін де тиімді пайдалануға мүмкіндік туады.

... Соңғы жылдары хуторлық шаруашылықтарды дайын­дау алға қарай жылжи бастады. Бұған, біріншіден, қоныстану­шыларды орналастырудың хуторлық жолын ұйымдастыруға ерек­ше назар аудару оңды себеп болды.

...1909 жылға Оралдан арғы жерлерге 424 жаңа хутор ашу жоспарланып отыр. Соның ішінде: Ақмола ауданында-1, Семей-40,Томск–153.

Осы анықтамадан белгілі болатынындай, хуторлардың ба­сым бөлігі Томск губерниясына тиесілі. Онда өткен жылдарда: 1908-85,1907-103, ал үш жылда-341 хутор негізделді.

... 1900 жылғы 22 маусымдағы заңдар жинағының VІІІ ерекше қосымшасындағы140-144 және 167 баптарында қарал­ған қоныстанушылар бөліктерін негіздеудегі хуторларды анық­тау­ға арналған ережеге сай тиісті орындарға (хуторлық,-Ғ.Қ.) жер бөлуге арналған  126 ұсыныс қабылданды.

... Қоныс аударушылардың жер өлшеушілерді жіберу ту­ра­лы ұсыныстары осында қоныс аударғандардың басым көпші­лігі келетін Томск ауданынан түсті.

... Томск губерниясындағы хуторлық шаруашылықты ұйым­­дастыру мақсатындағы алғашқы жұмыстар 1907 жылға жатады.

... 1909 жыл бойы Ақмола облысындағы жерге орналасу­шылар қоныстары бойынша тиісті жерлерді (хуторлық шаруа­шылық жүргізуге арналған,-Ғ.Қ.) анықтау мақсатындағы 33 ұсыныс түсті” [4.5-52].

Қорыта айтқанда, Ресей патшалығы тарапынан Батыс Сі­бір, Алтай өңірін, соның ішінде қазақтар барынша молынан ор­на­лас­қан аймақтарды отарлап, оны орыс шаруаларының толы­ғымен қоныстандырылған мекені ету ХХ ғасырда өзінің осын­дай кең ауқымдылығы, белсенділігімен ерекшелене түсті.

Ресей империясының көрсетілген өлкедегі жерлері тар­тып алынуы арқылы жергілікті тұрғындарға жаппай күйзелу, қа­сі­рет, жоқшылық әкелген осындай отарлаудың мәні мен мақса­тын, барысын аталған жинақтардың мазмұны толығымен дәлелдей түседі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Сибирь. Оттиск о переселении.-Спб.,1910,С.84

2. Справочная книжка по Семипалатинскому переселен­ческому району на 1912 год. Описание Семипалатинского  пере­се­ленческого района. -Спб., 1912, С.19

3. Справочная издания переселенческого управления Ми­нис­терства внутренных дел. Выпуск. ІІ Сибирское переселение в 1899 году. (Что знать каждому ходоку).-Спб., 1899., сс.4,5,9,10,11 

4. Обзор работы по внутринадельному межеванию на переселенческихучастках за Уралом в 1908-1909 гг. Переселен­ческое управление главного управления землеустройства и земледелия., Спб., 1910, С. 55

Қарасаев Ғ.М., т.ғ.д., ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?