Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Президенттің жолдауын насихаттау – біздің жауапты міндетіміз

3180
Президенттің жолдауын насихаттау – біздің жауапты міндетіміз - e-history.kz
ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Талғатбек Аминов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында айтылған мәселелерге тоқталды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы көшіліктің көптен күткен ерекше маңызды оқиғасына айналып отыр. Бізді қуантатыны - Мемлекет басшысы елімізде жер жаһанда зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасып жатқан кезде өзінің кезекті Жолдауының басым бөлігін дағдарыс тұсындағы және дағдарыстан кейінгі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арнаған. «Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу» - деді Президентіміз.  Пандемия басталғаннан бері, осы құжатта көрсетілгендей, халықтың әлеуметтік жағдайы мен денсаулығын қолдау бойынша біршама шаралар қолданылды. Мәселен, уақытша табыссыз қалған 4,5 миллионнан астам азаматымыз 42 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Бұған 450 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Миллионннан астам азаматқа азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді",-деді тарихшы. 

«Нұр-Отан» партиясының бастамасымен 550 мыңнан астам отбасы «Біргеміз» қорының қолдауымен біржолғы қаржылай көмекке ие болды. «Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырдық. Бұл кейбір мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы. Алайда ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі де жалғасуда. ДДСҰ болжамы бойынша, пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластыруымыз керек», –деді Мемлекет басшысы.

"Осыған орай, пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Әлеуметтік төлемдерді индаксациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, Президент мұндай істерді дағдарыс жағдайында ғана емес, жүйелі негізде жасап отыру қажеттігін айтты. Пандемиядан зардап шеккен бизнесті қолдау бағдарламасын 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды тапсырды", - деді Т. Аминов.

DSC06703.jpg

Экономика саласын басқаруды түбегейлі жақсарту мақсатында Қазақстанда стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі құрылатын болды. «Жұмысты мемлекеттік басқару ісі, кадр саясаты, шешім қабылдау және оны орындау жүйесіне деген көзқарасты өзгертуден бастаймыз. Мемлекеттік басқару саласы пандемия мен дағдарыс жағдайында бар мүмкіндігінше жұмыс істеп отыр. Жедел шешім қабылдау процесі көп уақыт пен ресурсты қажет етеді. Дегенмен, әрқашан алда болатын жағдайларды да бақылап, болжап отыруымыз керек. Сол себепті, стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігін құру туралы шешім қабылдадым», – деді Президент.

Тарихшы ғалымның айтуынша, Мемлекет басшысы осы тарихи құжатында еліміздің қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайда алдағы уақытта дағдарыстын жылдамырақ шығуға бағытталған, экономикасының тұрақты әрі серпінді дамуына арналған кезекті талаптары мен мен міндеттерін ұсынып отыр. 

"Соның ішінде Мемлекет басшысының ғылым мен білім саласына да ерекше көңіл аударып отырғаны бізді қуантады. «Ғылым саласын дамыту туралы да айтқым келеді. Бұл мәселеде бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек. Сондай-ақ халықаралық тәжірибеге арқа сүйеу қажет. Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1 мың грант бөлуді тапсырамын», – деді Президент. Оның айтуынша, ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі - ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты. «Тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат компаниялардың ішінде бөлініске түсіп кетеді. Үкіметке осы қаражатты жинақтау ісін орталықтандыруды және оны бюджет арқылы жалпы ұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Президент Жолдауында. Сөйтіп, мен осы пікірімде Мемлекет басшысы Қ.-Ж.Тоқаевтың Жолдауындағы кейбір бізге аса маңызды тұстарына тоқтауды жөн көрдім. Ендігігі біздің міндетіміз - осы құжаттың мазмұны мен онда көтерілген көкейтесті талаптарды ғылыми тұрғыдан жұртшылыққа түсіндіре отырып, оның орындалуына тиісті үлесімізді қосу",-деді ғалым. 

Арман Сулейменов

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?