Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Дін істері агенттігі бостандықты қорғау және экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстар жасайды

13278
Дін істері агенттігі Қазақстанда бейбітшілік пен үндестіктің одан әрі қозғалуы үшін үкіметтің, діни топтардың және азаматтық бірлестіктің өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіреді.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін және 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң, еліміздегі дін саласы қайта жаңартылды, себебі адамдар қандай дінді таңдауда немесе тіпті таңдамауда еркін болды. Екінші онжылдықтан кейін, 2011 жылы Қазақстанның Үкіметі дін жағдайын тиянақты реттеу және бақылау уақыты жетті деп шешті. AstanaTimes эксклюзивті сұхбатында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осы агенттіктің пайда болу себебін түсіндіреді және іс-қимылдардың басым бағыттары мен әдестерін талқылайды.

Қайрат Лама Шариф

- Қазақстан Республикасының Конституциясы кез-келген дінмен жүруге немесе жүрмеуге мүмкіндік береді ме? Онда неге Дін істері агенттігін құру қажеттілігі пайда болды?

Негізінен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында «Әркімнің діни наным бостандығына құқығы бар»  деп нақты айтылған. Еліміздің негізгі Заңының осы ережесіне сәйкес, діни наным әрбір азаматтың ажырамас құқығы болып табылады және қандай да бір мән-жағдайға байланысты шектеу мүмкін емес. Алайда, дін саласындағы мемлекеттік саясатты реттейтін негізгі принциптер 2011 жылы қазанда қабылданған «Діни қызмет және Діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында  нақты көрсетілген. Өзіңіз білетіндей, біздің агенттік Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Дін естері агенттігі туралы» Жарлығына сәйкес 2011 жылы 18 мамырда құрылды. Осы Жарлыққа сәйкес, агенттік таратылған Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Дін істер комитетінің міндеттерін құқық қабылдаушы ретінде танылды. 2009 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев күмәнді-діни ұйым қызметінің жолын кесу тәртібінде, Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясында Дін істері агенттігін құруға қатысты ұсыныстар енгізді. Дін істері агенттігін жеке мемлекеттік орган мәртебесінде құру туралы шешімді мемлекет Басшысы дін саласындағы орын алып жатқан оқиғаларға байланысты қабылдады, қоғам және ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды стратегияларға қол жетті. Бір жағынан қоғам өміріндегі діннің оң рөлі сөзсіз өсті, алайда  тұрақтылыққа және еліміздің прогрессивті дамуына қауіп төндіретін зиянды діни ағымдардың елімізге енуі секілді, теріс жақтары да сол деңгейде өсті. Нәтижесінде, дін саласында орын алып жатқан процесстерді реттеуге үкіметтің белсенді араласу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта Дін істері агенттігі құрылды, ол Қазақстанда  бейбітшілік пен үндестіктің одан әрі қозғалуы үшін үкіметтің, діни топтардың және азаматтық бірлестіктің өзара  іс-қимыл жасасуын үйлестіреді. Осы мақсатта агенттік бірқатар құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар қабылдауда. Өзге дінге сенетін кейбір мүшелерді белсенді тарту нысанындағы насихатқа байланысты проблемалар мульти діни өмірді сынақтан өткізудің бірі ретінде қарастырылуы қажет. Біздер халықтың жекелігін, яғни жалпы мемлекеттің жеке ерекшеліктерін қалыптастыратын діни дәстүрлерді және қоғамдық принциптерді бұрмалауға жол бермеуіміз керек. 

- Агенттік діни құжаттарды тексеруді қалай жүзеге асырады? Агенттік және оның мамандары қолданатын өлшемдердің тізбесі Агенттікте бар ма?

-  Діни әдебиеттерді және ақпараттық материалдарды зерделеу Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің қызметінде маңызды орын алады. Негізінен діни мәтіндерді тиянақты зерделеу мемлекеттегі экстремистік діни әдебиеттер ағымына қарсы тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Осы себепті агенттік ұйымның сатылары мен механизмдері,  стандарттары мен ережелері қамтылған, алты норма мен құқықтық актілерге негізделген, мәтіндерді теологиялық тексеруді жүзеге асырудың жаңа жүйесін құрды. Осы күнге дейін агенттік 4,344 діни әдебиеттер мен өзге де ақпараттық материалдарды тексерді. Оның ішінде жүз қырық сегізі теріс ойды құрайды деп танылды. Қазіргі таңда агенттік тағы да 1,923 діни мәтіндерді тексеруде. Жалпы, діни мазмұн туралы шешімдерді дін ғылымы саласындағы мамандар қабылдайды. Әртүрлі мемлекеттік агенттіктердің өкілдері де қажеттілігі бойынша көмек көрсетеді. Дін мамандарының міндеттеріне діни материалдардың мазмұнына қатысты нақты және алаламайтын ойларды қалыптастыру кіреді. Алайда, зерттеу нәтижелерінің жан-жақтылығын қамтамасыз ету тәртібінде мамандар мәтінге бірқатар сұрақтарды қолдану қажет. Мәтіндерді тексеру барысында мынадай тармақтар ескеріледі: материалдарда конституциялық жүйенің негізін өзгерткені және Қазақстан Республикасының бірлігін бұзғаны үшін қаталдықты қолдануға шақыру; негативтік эмоционалды баға және кез-келген этникалық, діни және әлеуметтік топқа қатысты кері қарым-қатынас; индивидтердің әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни қажеттілігіне негізделген, олардың ерекшелігін, артықшылығын жылжытуға бағытталған шақырулар. Діни мәтіндерге тексеріс жүргізу Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет мәртебесінде жүзеге асырылатындығын ескерген жөн.

- Аталған материалдарды тарататын, зиянды қозғалыстарға қарсы агенттік қандай бақылау шараларын қолдануда? 

- Бұзушы қозғалысқа қарсы тұру қызмет агенттіктің басты рөлі болып табылады. Агенттік біздің азаматтарды діни қызметтің және күмәнді діни қозғалыстардың салдарынан қорғау бойынша бірқатар тәжірибелік шараларды жүзеге асырады және радикалды діни идеялар мен экстремизмді таратудың жолы кеседі. Бұл бағытта агенттік  діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұрудың мемлекеттік бағдарламасын дамытуға қатысады. Агенттік сонымен қатар, халық арасында мәліметтер таратуды арттыру бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады. Сондай-ақ агенттіктің командасы дінге қатысты мемлекеттік саясаттың ашықтығымен, ұлттық дәстүрді және Қазақстан халқының рухани құндылықтарын жылжытумен айналысады, радикалды идеялардың қауіпті екендігін көрсетеді. Осы мақсатта қарсы-насихаттау тобы 2012 жылы 3,450 іс-шара өткізді, оны өткізуге 218,000 адам тартылды. Осы жылдың бірінші тоқсанында 100,000 адамды тарта отырып, шамамен мыңға жуық мультиформатты іс-шаралар жүргізілді. Сонымен бірге, конфессияаралық және дінаралық үндестіктерді жетілдіру мақсатындағы материалдарды БАҚ-та жариялау бойынша бәрін қамтитын жоспар бар. Бүгінгі күнге дейін агенттіктің командасы БАҚ-та 510 мақала жариялады және сұхбат берді. Агенттік ел ішінде жыл басынан бері мынадай тақырыптарда үш халықаралық іс-шара және алты форум өткізді: Алматыда, Атырауда және Көкшетауда «Дін және Әйел»,  Жамбыл облысында «Таблиғи Жамағат – бұзушы ағым», Атырауда «Жастар және Дін» конференциясы және «Жастар Экстремизмге қарсы» жастар конференциясы, Көкшетауда «Ислам Терроризмге қарсы» конференция, Жезқазғанда «Такфиризм Діни Экстремизимнің ең қауіпті түрі ретінде», Ақтауда «Ислам және Джихатизм», Астанада «Қазақстан Республикасындағы Дін бостандығы», «Қазақстан – біздің ортақ үй» және «ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достығы) елдеріндегі Діннің рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Жылдың соңына қарай еліміздің әрбір өңірлерінде бұзушы діни қозғалыстар тарапынан әртүрлі қауіптерге қарсы тұру және жас ұрпақтарға рухани және моральдық білім беру мақсатында, күштерді біріктіруге бағытталған маңызды іс-шаралар өткізіледі. Осы жылы агенттіктің қамқорлығымен он төрт облыс орталықтарында бұзушы діни қозғалыстың құрбандарына көмек көрсету қызмет етті. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары және қорғаныс агенттіктеріне, сонымен қатар кейбір түзеу мекемелері үшін діни басылымдардың сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді.  Жалпы, Дін істері агенттігі мемлекет пен діни ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасуын жетілдіру, дінаралық үндестікті жетілдіру және бұзушы қозғалыстарға қарсы тұру бойынша жан-жақты қызметтерді жалғастырады.

- Дін істері агенттігі әртүрлі діндер үшін діни қауымды даярлаумен, лицензиялар және сертификаттар берумен айналысады ма? Аталған сауал қалай реттелген?

- Мемлекетті діннен бөліп қарауды көздейтін, зайырлы мемлекеттің жоғарыда аталған принциптеріне сәйкес агенттік діни қауымды оқытумен айналыспайды. Білім және ғылым министрлігі елде рухани (діни) білім беретін ұйымдарды қоса алғанда, білім беретін мекемелерге патент береді. Аталған сауал білім беру саласындағы уәкілетті органдардың осы бағыттағы қызметін айқындайтын, тиісті реттеуші заңнамалық актілермен реттеледі.

- Сіз Сауд Аравиясында және Кувейтте Қазақстан Республикасының Елшісі ретінде қызметте болдыңыз ба? Аталған елдердің жұмыс тәжірибесі Қазақстан жағдайындағы Сіздің бағалауыңызға қалай әсер етті?   

- Мен осындай бай тәжірибе алғаныма, шетел мемлекеттерінде жұмыс жасауыма мүмкіндіктер болғанына, олардың тарихын, мәдениетін, саяси және рухани өмірін зерделеу мүмкіндігін алғаныма алғысымды білдіремін. Дипломатиялық саладағы менің мансабым аталған мәселеде кең болашақты көруіме, оны геосаяси процесстер арқылы көруіме мүмкіндік береді. Қосымша Араб әлеміндегі менің тәжірибем және Араб тілін игергендігім маған шынайы қайнар көзге негізделе отырып, Исламды, елдегі кеңінен таралған діни топты зерделеуге мүмкіндік береді, және ол өз кезегінде жағдайды құндылық пен діл деңгейінде тиянақты түсінуге және талдауға көмектеседі. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап біздер Сауд Аравиясын Араб және Мұсылман әлеміндегі маңызды одақтас ретінде қарастыратынымыз құпия емес. Біздің еліміз Хаджа ұйымын қоса алғанда, гуманитарлық және діни салада, діни қауым және басқа салалар арасында діни білім беруді қамтамасыз ету және қарым-қатынас орнатуда ынтымақтастық жасайды. – Біз Исламмен бірге мән-жайды және Араб елінде діни мәселелерді реттеу сипатын тиянақты зерделейміз. Алайда, сонымен бірге, әрбір мемлекет өзінің теңдессіз жағдайына ие екендігін түсінуіміз қажет. Әрбір мемлекет өзінің жеке тарихи мұрасына, менталитет ерекшеліктері мен саяси мәдениетіне ие. Сондықтан, шетел тәжірибесін қолдану Қазақстан қоғамының дәстүрін, мәдениетін және рухани өмірін назарға ала отырып, біздің ұлттық мүддеміздің призмасы арқылы мүмкін болады.

- Дін істері агенттігі тағы да қандай рөлдер атқарады? Мысалы Агенттік әлеуметтік құрылымда жұмыстар жүргізеді ме?

- Агенттік негізін қалаған кезден бастап біз күштің барлығын елдің рухани қауіпсіздігіне әсер ететін басты сынақтарға шоғырландырдық. Қолданыстағы заңнама шегінде жүзеге асырылатын тиімді шараларды уақытылы қабылдау бізге дін саласында мемлекеттік саясатты орындау үшін мықты ұйымдастырушылық шеңбер орнатуға және Елбасының алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл сатыда талдау және адвокаттық қызметке негізделген діни экстремизмді және терроризмді болдырмау бойынша агенттік белсенді жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, діни экстремизмге және терроризмге қатысты іс-шаралар бойынша әрекет ету курсы БАҚ-та жарияланады. Сонымен қатар құқық қорғау органдарындағы қызметкерлердің діни сауаттылығын арттыру үшін іс-шаралар ұйымдастырылуда. Пенитенциарлық жүйеге тартылғандар арасында діни экстремизмнің алдын алуға, сондай-ақ радикалды діни қозғалысты таратуға қарсы әрекет ету үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде іс-шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Агенттіктің Түрік Дианеті арасындағы (Түркияның Дін істері төрағасы) ынтымақтастық жасау туралы хаттама, сонымен қатар, біздің агенттік пен Ислам істерінің Бас агенттігімен және Біріккен Араб Әмірлігінің Вакуфы арасындағы Түсіністік Меморрандумы қазіргі таңда талқылануда. Агенттік сонымен бірге дін саласында мемлекеттік саясат істері жөніндегі халықаралық ұйымдармен және гуманитарлық ұйымдармен диалог жасайды. Агенттік Астанадағы ЕҚЫҰ (Еуразиядағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы) орталығымен және Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғары Комиссарының Өңірлік Кеңсесімен бірге өткен жылы қазанда өткен дөңгелек үстелде «Діни Белсенділік және Діни Қауымдастық туралы» заңның орындалуын талқылады. Біздің қоғамда діни қауіпсіздік үшін тағы бір маңызды мәселе діни экстремистік және лангестік топтардың жолын кесу тәртібінде, Ғаламтордағы діни көздердің мониторинг мәселесі болып табылады. Аталған қызметтің контекстінде, тек қана 2012 жылы шетелдік интернет ресурстардан заңсыз материалдарды қамтитын 1,900-ден астам сайт анықталды, осыған байланысты олардың қол жетімділігіне сот шешімі қабылданды. 2013 жылдың бірінші тоқсанында агенттік 500 сайттың мазмұнына талдау жасады. Оның ішінде 20 шетелдік Ғаламтор сайттары зиянды материалдарды құрайды деп танылды және сот тәртібінде қудалау үшін негіз бар деп ұсынылды. Сонымен қатар танымал бейне және әлеуметтік желілерде агенттіктің аккаунттары бар, мысалы, осы жылдың екінші жартысында E-ISLAM деп аталатын мәдени-білім беретін Ғаламтор ресурсын ашу күтілуде. Аталған ресурс  дінге сенетіндерге және дінге мүдделілерге дәстүрлі Исламның рухани және мәдени құндылықтарындағы мүдделерді арттыруға, сондай-ақ зиянды Ислам қозғалысы туралы идеяларды және қызметтерді тарату әрекетінің жолын кесумен қатар, Қазақтың рухани және мәдени дәстүрлерін алға жылжытуға бағытталады.