Алматы қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Шығыс тілдері институтын бітірген.
1957-1966 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері. 1966-1979 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі. 1979 жылдан бері Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде істейді. 1986-1987 жылдары - Орталық Ұлттар институтында (Пекин) 1993-1994 жылдары Қара теңіз техникалық университетінде (Трабозон, Түркия) түркітанудан, қазіргі қазақ тілінен лекциялар оқыды. 2012 жылы қайтыс болды. А.Аманжоловтың ғылыми зерттеу еңбектері негізінен көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеу мәселелеріне, тіл типологиясы мен графикалық лингвистикаға арналған. Ғалымның түркі филологиясына және тіл біліміне арналған 200-ге жуық мақаласы, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген 7 монографиясы бар. Бірқатар жарияланымы ағылшын және түрік тілдерінде басылған. Халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама жасаған. Ол 17 филология ғылымының кандидатын және 1 докторын даярлаған. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған. Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.