Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1998 жылы «Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты

- = -

Жауынгер-интернационалистерді еске алу күні

26334
Жауынгер-интернационалистерді еске алу күні - e-history.kz
Жыл сайын 15 ақпанда аталып өтетін, жауынгер-интернационалистерді еске алу күні Отан шекарасынан тысқары жерлерде интернационалдық борышын өтеген жауынгерлерге арналған. 1979 жылғы 25 желтоқсанда кеңес әскері Ауғанстан шекарасынан өтті, ал тоғыз жыл, бір ай және он екі күннен кейін 1989 жылғы 15 ақпанда 40-армия қолбасшысы генерал Громов Ауғанстан жерінен әскерлерді шығарады. Осы күндер аралығында: осы соғыста 22 269 қазақстандықтар қатысты, оның 924 қаза тапты, 1015 мүгедек боп қалды, 21 жауынгер хабарсыз кетті. Ауғанстанға «бауырлас интернационалды көмек» көрсетудің нәтижесі осындай. Түрлі елдердегі осы соғыстың атауы да әр түрлі, алайда мәні бір боп қалады. 1989 жылдың осы күні Ауғанстан аумағынан кеңес әскерінің соңғы колоннасы шығады, осы күннің таңдалғаны да сол себептен. Термездің жанында шекарадағы Амудария өзенінің көпірін соңғы кеңес солдаты өткен соң, онжылдыққа созылған және де Кеңес Одағы азаматтарының он бес мыңға жуық өмірлерін алып кеткен, Ауғанстандағы соғыс аяқталды.