Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1896 жылы 5 мамыр күні актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Серәлі Қожамқұлов дүниеге келді.

1910 жылы 5 мамыр күні т.ғ.д., профессор, Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Киікбаев Нығметолла дүниеге келді.

- = -

Совет Одағының Батыры Николай (Қайырболат) Сайынұлы Майдановтың туған күні

26320
Совет Одағының Батыры Николай (Қайырболат) Сайынұлы Майдановтың туған күні - e-history.kz
Николай Саинович Майданов (кейбір басылымдарда Қайырболат және Қайыргелді Сайынұлы Майданов деп аталып жүр) (қазақша – Николай Сайынұлы Майданов) (1956 жылғы 7 ақпанда, Қазақ ССР, Орал облысы, Жамбейтін ауданы, Тасқұдық – 2000 жылғы 29 қаңтардан бастап Ресей Федерациясы, Шешен Республикасы, Аргун шатқалы) – Совет Одағының Батыры, Ресей Федерациясының Батыры, 325-жеке әскери көліктік тікұшақтық полкының командирі, полковник. Николай Сайынұлы Майданов (алғашқы аты Қайыргелді) қазақ, қазақ және неміс отбасында Қазақ ССР, Орал облысы Жамбейтін ауданының Тасқұдық кентінде дүниеге келген. Мектепті тәмамдаған соң, Ақтөбе азаматтық авиация училищесіне түскен, алайда оның досы дәрігерлер комиссиясының сынынан өтпеген соң, училищеге түсуден бас тартқан. Әскерде Германиядағы совет әскерлерінің тобында борышын атқарады. Қызметі аяқталғаннан кейін, 1976 жылы Саратов ұшқыштар училищесіне түседі. Училищені тәмамдап, Одессалық, Байкал және Түркістан әскери округтарында қызмет еткен. Ми-8 тікұшағында ұшқан. 1984 жылы алғаш рет Ауғанстанға іссапармен жіберіледі. Екінші рет Ауғанстанға Майданов 1987 жылы жолданған. Панджшер, Ташкудук, Мазари-Шариф, Газни, Джелалабад аудандарында десант операцияларында қатысқан. 1988 жылғы 29 шілдеде осы ерлігі үшін Майданов КСовет Одағының Батыры атағын иеленді. Ауғанстанға іссапармен барған уақыттарында Майданов 1250 әскери ұшу жасады. Жалпы ұшқан сағаты – 1100 сағатты құрады. Өзі жеке майдан даласынан 85 жарақаттанған солдат пен офицерді алып шығып, 1000 десантшы мен 100 тонна жүк тасыған. ССРО Жоғарғы Совет Президиумының 1988 жылғы 29 шілдедегі Жарлығымен әскери борышын атқарған кездегі батырлығы мен қаһармандығы үшін Николай Сайынұлы Майдановқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Золотая Звезда» медалы ұсынылды (№ 11582). 1992 жылы Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-ауа академиясын бітірді. Қызметін Құрлықтағы әскер авиациясында жалғастырды: Санкт-Перетбург маңында Агалатово кентінде орналасқан Ленинград әскери округының тікұшақ полкін басқарды. 1999-2000 жылдары 325-жеке әскери көліктік тікұшақтық полкінің командирі, полковник Н.С. Майданов Шешен Республикасындағы Ресей әскерінің лаңкестікке қарсы операцияларға қатысты. 2000 жылғы 28 қаңтарда Майданов Солтүстік Кавказ округі әскерінің басшысы генерал-полковник В.Г. Казанцев пен тілшілер тобын құтқарды. 2000 жылғы 29 қаңтарда әскери операцияны өткізген кезде полковник Майданов өлімші болып жараланады, тікұшақты жерге қондыруға тырысып, борттағы отырғандарды құтқарып алуға соңғы күш-жігерін салған ол өз машинасының кабинасында қаза табады.