Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мұсылман елдері арасындағы ең үздік басқару жүйесі» сыйлығы тапсырылды

- = -

Елбасының қатысуымен Қазақстанның Германиядағы жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті

26318
Елбасының қатысуымен Қазақстанның Германиядағы жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті - e-history.kz
2009 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары және Қазақстанның Германиядағы жылының ашылу барысында Қазақстан және Германияның іскер топтарының қатысуымен Қазақстандық-германдық бизнес-форум өтті. Осы іс-шара екі ел арасында экономикалық ынтымақтастықтың үдемелі дамуында маңызды кезең болып, бірлескен өндірістерді құру үшін жаңа перспективаларды ашты, германдық инвесторлардың қазақстандық экономикаға деген сенімін арта түсті. Қазақстанның Германиядағы жылының жоспары өзіне 100-ге жуық іс-шараларды қамтиды, соның ішінде жоғары деңгейдегі саяси кездесулер, экономикалық форумдар, мәдени-гуманитарлық, білім беру және де екіжақты байланыстың әрі қарай дамуына бағытталған өзге де нақты жобалар. Бизнес форумда германдық және қазақстандық компаниялар арасында 8 құжат жасалды: 1. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы және Германия Федеративтік Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім; 2. «Тұран-Профи» халықаралық кәсіби академия Біліктілікті арттыру институты» мекемесі және «InWEnt»қоғамы арасындағы экономика саласында менеджерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде ынтымақтастық жөніндегі бірлескен өтініш; 3.ТиссенКрупп ГфТ Баутехник ГмбХ және «Central Logistics» ЖШС арасында Каспий теңізінде жылжымалы платформаны құрған кезде қызмет көрсету жайында ынтымақтастық жөніндегі меморандум; 4. «НК СПК «Каспий» АҚ және «Функе Группе ГмбХ» компаниясы арасындағы жарық мөлдір құрылғыларды өндіру бойынша зауытты салу жөніндегі ниет туралы хаттама; 5. «Dr.Hein Gruppe» германдық компаниялар тобы және «TASSTONE» қазақстандық компания және ҚР Солтүстік Қазақстан облысы арасындағы шыны зауытын құру бойынша ниеттер жөніндегі меморандум; 6. «Technology Broker Bremen» неміс концорциумы және Әл-Фараби атындағы Қазақстан Ұлттық Университеті арасындағы магистралды мұнай-газ құбырлары үшін пайдаланылатын өнеркәсіптік лазерлі технологиялар саласында ынтымақтастық туралы ниет жөніндегі хаттама; 7. «Авангард» ЖШС және «Агралис ГмбХ» компаниясы арасындағы Батыс Қазақстан облысында сүт-тауар фермасын ұйымдастыру туралы ниет жөніндегі хаттама; 8. «Petraluxe GmbH» компаниясының Саксония Ангальтте қаптайтын материалды жасау жөніндегі зауытты құру жобасы.