1998 жылдың маусымында Астананың тұсаукесерінің қалай өткенін еске алайық. Мұрағат құжаттары оқиғалар хроникасын қалпына келтіріп қоймай, сонымен қоса қызықты жай-жапсарды да білуге мүмкіндік береді
Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында белгілі фактілер мен оқиғалардың жаңа беттерін ашатын өте көп қызықты құжаттар бар. Мысалы, 424-ші қорда 1998 жылғы астана тұсаукесерінің материалдары сақталған, онда іс-шараның барысы, процестің негізгі оқиғалары, негізгі қатысушы тұлғалар жайлы егжей-тегжейлі сипатталған. Құжатпен жақынырақ танысайық.
424-ші қор, 1-ші тізімдеме, 1-ші іс – Астананың тұсаукесері бойынша материалдар (1-бөлім)
Папкадағы бірінші құжат – «Астана қ. тұсаукесері бойынша іс-шараларға шақырылғандардың саны». Бұл қызықты құжатта шақырылған тұлғалар, мерекелік күндерге жоспарланған барлық іс-шаралар көрсетілген. Тізімнен кестенің өте тығыздығы, іс-шаралардың көптігі көрінеді. Мерекелік іс-шаралар бастауы 1998 жылдың 9 маусымынан басталады.
1. «Отан қорғаушыларына» ескерткішінің тасын қалау. ҚР ІІМ қарама-қарсы орналасқан белгілі сәулет кешені. 300 кісі шақырылған: Қазақстан Республикасының жоғары басшылығы, Үкімет мүшелері (15 адам), Президентке бағынысты органдардың басшылары (13 адам), Парламент депутаттары толық құрамда (108 адам), облыстардың және Алматы қ. әкімдері (14 адам), соғыс ардагерлері (100 адам), ҚМ өкілдері (20 адам), ұлттық компаниялар мен банктердің басшылары (14 адам).
2. Түркітілдес мемлекеттер басшыларының құрметіне қабылдау. Тек 47 адам шақырылған. Олардың ішінде ел басшылығы мен бекітілген министрлер, шетелдік түркітілдес мемлекеттердің басшылары (Демирель, Кәрімов, Ниязов, Ақаев, Алиев), шетелдік түркітілдес мемлекеттердің делегацияларының мүшелері (30 адам).
3. Стадиондағы театрландырылған мереке – 2312 адам қатысқан ең бұқаралық іс-шара. 1997 жылғы 10 маусымдағы іс-шаралар жоспары бұдан да ауқымды болған еді.
4. Мемлекет басшылары мен құрметті қонақтар аллеясының іргесін қалау, оған 350 адамның қатысуы жоспарланыпты.
5. Конгресстер Сарайындағы ресми рәсім және концерт (1622 адам).
6. «Астана ЭКСПО» көрмесі (1415 адам).
7. «Абылай хан» спектаклін көру (990 адам).
8. Іскерлік және мәдени ынтымақтастық орталығы ғимаратының жанындағы алаңда өтетін мерекелік карнавалға қатысу (2288 адам).
9. «Интерконтиненталь» қонақ үйіндегі қабылдау (477 адам).
10. Орталық алаңдағы гала-концерт (2410 адам).