Оралдағы көпестер үйі немесе Чикагодағы ЭКСПО
23.04.2017 3368
XIX-XX ғасыр архитектурасының жауһарлары «Ванюшиндер үйі» мен «Кареев үйі». Көпке белгілі ғимараттар 100 жылдан астам уақыттан бері Оралдың мәдени орталықтарының бірі болып келеді

National Digital History порталы «Орал қаласының тарихи ғимараттары» деп аталатын арнайы жобасын бастайды. Жоба барысында тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріне бай қала Оралдың  көне тарихи ғимараттарын оқырман қауымға таныстыруды көздеп отырмыз. Өткеннің куәгері саналатын ғимараттардың ғасыр тарихына бүккен сыры мен салыну ерекшеліктері туралы тарихи деректер көпшілік қызығушылығын тудыратыны анық. Ендеше туристер мен шетелдік қонақтардың қызығушылығын оятқан ғаламат ғасыр жобалары, XIX-XX ғасыр архитектурасының жауһарлары «Ванюшиндер үйі» мен «Кареев үйін» таныстыруды бастамақпыз. Көпке белгілі ғимараттар 100 жылдан астам уақыттан бері Оралдың мәдени орталықтарының бірі болып келеді.

Ванюшиндер үйі немесе Чикаго ЭКСПО-сында жүлде алған қазақстандық

ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші болып табылатын зәулім ғимарат - «Ванюшиндер үйі». 1880 жылдар шамасында  ағайынды көпестер Ванюшиндер  салған  бұл үйде коммерциялық клуб, сауда орындары болған. Үш қабаттан тұратын бұл ғимараттың кірпіштен қаланған жертөлесі бар. Шатыры металдан күмбезделіп жасалған. Үй шығыстық және солтүстік жағы сол уақытқа сай бейнеленіп қаланған. Үйдің артқы бөлігі тегіс салынып біткен. Төбесі шығыс үлгісіне тән ағаш айдаршалары бар шатыр тәрізді. Бұл Орал қаласының ХІХ ғасырдың екінші жартысында шығыс архитектурасының ұлттық үлгісінде салынған ең ерекше ғимарат болып табылады.

Ванюшиндер үйі Мәскеудің Кремль аумағында орналасқан көне сарайдың (17 ғ.) архитектура үлгісіне еліктеп салынған. Құрылысқа жергілікті Оралда өңдірілген зауыт кірпіші пайдаланылған. Жобаның авторы белгісіз. Көпес Ванюшиндер отбасы бұл үйді жеке меншік үй иелігінің коммерциялық клубына жалға беріп, кейіннен көпестер қоғамына сатып жібереді. 1872 жылы Санкт-Петербургтің Солтүстік сақтандыру қоғамы Ванюшиндер үйін өз қарамағына алды. Ғимараттың алғашқы иесі — шарап ашыту шеберлігімен аймаққа әйгілі болған А.Ванюшина.

Кейін бұл үй Оралдың, Бузулук пен Самараның көпестері балагур, кегельбан ойнап, демалатын коммерциялық (көпестік) клубқа айналды. 1917 жылға дейін «Ванюшиндер үйінде» облыстың бірінші басқармасы жұмыс істеді. Кейінгі жылдары бұл ғимаратта губерниялық өнім комитеті, ауылшаруашылығы техникумы орналасқан. Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл ғимаратта Одессаның әскери-техникалық училищесі қоныстанды. Ұлы Отан соғысынан кейін мұнда ауылшаруашылығы техникумы орналасты.

1984 жылдың қазанында ауылшаруашылық техникумының ғимараты пионерлер сарайына берілді. Қазіргі кезде қаладағы бұл әсем ғимаратта №38 қазақ орта мектебі орналасқан. «Бұл ғимаратта 1937-1940 жылдары Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиев оқыған» деген жазуы бар мемориалдық ескерткіш қойылған. Ғимарат тарихи және архитектуралық ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғауына алынған.

Ағайынды Ванюшиндердің  үлкені көп жылдар бойы Орал орманшылар қоғамының төрағасы қызметінде болып, Орал қаласының көшелері мен саябақтарын көгалдандыру қызметін атқарды. Ал  інісі №1 ратификациялау зауытының қожайыны болды. Оның зауытынан шыққан асханалық шараптың тіл үйірер дәмі үшін 1893 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласындағы Бүкіләлемдік көремеде медаль алған. Қазақ тарихында ЭКСПО көрмесіне барған тұңғыш қазақстандықтардың бірі десек артық емес.  

Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасов көшесі, 16/1.

Карев үйі – Орал көпестерінің байлығы мен беделі

1900 жылы Орал қаласындағы Үлкен Михайлов және Мостовой көшелерінің қиылысында ірі ғимарат салынады. Ол жергілікті Орал өңіріне танымал көпес Александр Каревтің құрметіне аталған «Карев үйі» болатын. Жергілікті халықтардың айтуынша, бұл ескерткіш көп жылдар бойы Орал қаласындағы ең зәулім, әрі ең биік ғимараттардың бірі болған. 

Күні бүгінге дейін өз дәуірінің тарихынан сыр шертіп тұрған ғимараттың құрылысы Оралға келген туристер мен қала қонақтарын бірден назарын аудартады. Әйгілі Достық көшесін бойлай жүріп, Карев көшесінің қиылысында орналасқан үш қабатты, төбесінде биік мұнарасы бар шатырмен көмкерілген «Карев үйін» көресіз. Қалаға қыдырып келген қонақтар мен туристерге бұл үйді табу қатты қиындық тудырмайды. Өйткені қала тұрғындары «Карев үйі» деп атап кеткен ғимарат жүз жылдан астам уақыттың ішінде көпес Каревтің (қожаларының) тегін иеленіп келеді.

Каревтің үлкен үйі XIX–XX ғасырлардың бойында Орал көпестерінің байлығы мен беделін көрсетсе керек. Ол үйді бастап салған миллионер көпес Александр Карев. Тарихи деректерге қарағанда қожасы осы үйдің құрылысын тексеріп жүргенде баспалдақтан құлап кетіп мерт болған. Құрылысты оның әйелі Д.Ф. Карева аяқтаған. Ол жігерлі адам болды, бірақ 1919 жылы Серебряково ауылында кезікпен ауырып қалып, қайтыс болған.

Ғимарат қаладағы ескі құрылыстар арасынан қаланың бір бөлігіне жуық көлемді алып жатқан зәулімділігімен, қалыптан тыс үш биік қабатымен және тағы бір қабат секілді көкке самғаған төбешатырымен ерекшеленеді. Бұл орыстық емес кірпіш-тас қалау тәсілімен тұрғызылған Орал қаласындағы бір ғана ғимарат. Ғимараттың алдыңғы беті  сылақсыз әшекейлі кірпішпен қаланған. Қабат бойынша бөлінісі қабатаралық ернеумен, тік бөлінісі жауырындық қабырғамен көмкерілген. Екінші қабаттың терезелері кірпішті жақтаулардан, ал үшінші қабаттың терезелері – жақтаулардан, маңдайша кенереден, жиек қабырғадан құрастырылған. Балкон да көз қызығарлық - әшекейлі шойын құйма материалмен қосарлай жиектелген. Ғимаратты түрлендірілген арықтық ернеу тәжілей түседі.

Жалпы Каревтер тұқымы бұл үйде тұрмаған, оны жалға, қонақ үйге өткізген. 2000 жылдағы үйдің сырлауына дейін оның солтүстік жағында қара бояумен «Нөмірлер» деп жазылған. Иә, бастапқыда мұнда қонақтарға арналған нөмірлер болған. Екінші қабатта 1871 жылдың өзінде ашылған кітапханасы бар офицер жиналысы орналастырылды (1909 жылы ол әскерлерден қайта жасалған), үшінші қабат қонақүйлік нөмірлер ретінде пайдаланылды. Кейін екінші қабатта коммерциялық клуб орналасқан.

1908-1909 жылдары екінші қабаттағы залда «Электро – Биоскоп Пате» және «Париждық кинематограф» жұмыс істеді.

1914 жылы үйдің жоғарғы қабатына 1912 жылы ашылған ерлер гимназиясы орналасты.

1919 жылғы Қызыл әскерлердің қаланы қорғау кезеңінде атаулы ғимаратта еріктілер мен жұмысшылар дружиналары жасақталды. Мұнда қиын күндерде алынған Лениннің жеделхаты оқылған. Жеделхат Орал қорғандарына арналған болатын.

1919 жылғы 14 желтоқсанда Карев үйінің екінші қабаты Карл Маркс атындағы Еңбек сарайының пайдалануына берілді.

1934 жылғы ОК-інің мен Ленинград облыстық партия комитетінің хатшысы С. М. Кировтың өлімінен кейін елде оның есімін халықтың есінде мәңгі қалдыру мақсатын көздеген шаралар басталды. Осы кезде Каревтің үйі өз атауын өзгерген. Енді ол Кировтың үйі деп аталып кеткен. Оған іргелес Мостовой көшесі Кировский көшесі деген жаңа ат қойылған. Киров бұл жерде ешқашан болмаса да, ол туралы тіпті ешкім естімеседе, Қазыналық әскери бақшаға да Кировтың есімін берілген.

Азамат соғысынан кейінгі және 50 – ші жылдарды қосып есептегенге дейін мерзім бойына үшінші қабат қонақ үй болып қала берді. Мұнда Орал қаласына келген көптеген даңқты жазушылар: С.Сейфуллин, П.Вершигора, Н.Рыленков, Е.Пермитин, Т.Жароков, Г.Мүсірепов, Х.Есенжанов, А.Алдан-Семенов және басқалар мейман ретінде тоқтады.

Кеңес Үкіметі кезінде бұл ғимаратта көптеген мекемелер орналасты. Соның ішінде облыстық «Орал өңірі» және  «Приуралье» газеттері де осында болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңестік Қызыл Армияның әскерлеріне арналған үлкен әскери госпиталь болды, ал 1944 жылы оған облыстық кітапхана қоныс аударды.

Қазіргі уақытта ғимараттың бірінші қабатынан бастап, екінші және үшінші қабаттарында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония мен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы орналасқан. ХІХ ғасырдың тарихи ескерткіші болып табылатын бұл ғимарат мемлекет бақылауында.

Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Карев көшесі, 47

Мақала Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік мұрағатымен бірлесе дайындалды.