Патшасыз биліктің алғашқы отырысы
06.02.2017 3727
Билік үшін бұрқасын. Қазаншылар төңкерісі немен аяқталды? Жаңа үкімет құрамына кімдер еніп, билік алдымен қандай құжаттарды қолға алды? Кеңес үкіметі қабылдаған алғаш декреттер.

1917 жылы 25 қазанда әскери –революциялық комитет Петроград Кеңесінің атынан Уақытша үкімет жойылды деген үндеу шығарды.

Сол күні кешке ІІ бүкілресейлік Кеңестер съезі өтті. Аталған жиынға 670 делегат қатысты. Оларды ішінара тарқатсақ, 390-ы большевик, 160-ы эсер, 72-і меньшевик, 38-і басқалар. Съезд шешімін басым делегаттар қолдады.

Кеңес отырысында бар-жоғы екі сағаттың ішінде Уақытша үкімет жұмысын тоқтата отырып, екі декретті бекітті 1-і «Бітім туралы декрет», 2-і «Жер туралы декрет». Бірінші декрет бойынша қайта жасақталған мемлекет ретінде дүние жүзі елдеріне бейбітшілік жолмен әділетті және демократиялы түрде бітімге келуге шақырылды. Елдер арасындағы бітім арқылы құпия келісімдерді азайту, одан қалды соғысты тоқтату мүмкіндігі мен өзара аракідікті жоюға септігін тигізетініне пайымдалды. Дегенмен Ресейдің бұл пайымдауының барлығы орындалмады, себебі Ресей одақтастары келелі келіссөздерден бас тартты.

«Жер туралы декрет» шаруалардың талаптарына және эсерлердің бағдарламаларының негізінде, 242 жергілікті шаруаның тәжірибелеріне сүйене отырып жасалды. Жерге жеке меншік жойылып, жер мемлекетке берілді. Одан өзге бай-тотайлардың да жерді қалауынша иеленуіне шектеу қойылды. Керісінше ол жерлерді шаруаларға беріп, ісін дөңгелету жағы қаралды. Сонымен қатар жерді жалға беруге тиым салынды және жалдамалы шаруалардың еңбегін пайдалану тоқтатылды. Осылайша қоғамда бай және кедей деген екі тап пайда болды. 

Съезде бірпартиялық жүйе енгізіліп барлығы большевиктер үкіметіне шоғырландырылды ( солшыл эсерлер Кеңес үкіметі құрамына тек 1917 жылдың желтоқсанында енді) - Совнарком ( Халық комиссарлар кеңесі). Басшысы В.И.Ленин болды, одан әрі А.И. Рыков — ішкі істер халық комиссары; Л.Д. Троцкий — сыртқы істер халық комиссары; А.В. Луначарский — ағарту ісі жөніндегі халық комиссары; И.В. Сталин — ұлттық істері жөніндегі халық комиссары; П.Е. Дыбенко, Н.В. Крыленко и В.А. Антонов-Овсеенко — әскер және теңіз ісі жөніндегі халық комиссарлары.

Сонымен қоса, БОАК-тың (бүкілресейлік орталық атқару комитеті) құрамы сайланды. Төрағасы Л.Б.Каменов. Оның құрамында 62 большевик, 29 солшыл эсер және бірнеше басқа да партия өкілдері болды.

Кеңес үкіметі Қазан төңкерісі кезінде осы аталған екі құжаттан кейін ізін суытпай бірнеше саяси және экономикалық мемлекеттік маңызы бар декреттер қабылданды.

1917 жылдың қазан және желтоқсан айы аралығында қабылданған құжаттар тізімі:

- 8 сағаттық жұмыс күні туралы декрет;

- Баспа ісі туралы декрет;

- Сословиелік және азаматтық шендерді жою туралы декрет;

- Жұмыс тәртібі туралы ереже;

- ХШЖК-нің (Халық шаруашылығының Жоғары Кеңесі) Білім туралы декрет;

- Әскерді демократияландыру туралы декрет;

- Бүкілресейлік төтенше комиссия құру (Ф.Э. Дзержинскийдің басқаруымен);

- Халық соты мен революциялық трибуналдар құру туралы декрет.

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)