Қазақ тарихындағы елеулі кезеңдердің бірі – ағарту ісі. Жалпы халқымыз ұрпақ тәрбиесі, сапалы білім беру мәселесіне ежелден мән бергені белгілі. Әр дәуірде қолында мүмкіндігі бар азаматтар өз ауылынан арнайы мектеп ашып, оған ең мықты деген мұғалімдерді алдырып отырған. Мәселен, Алаш зиялыларының бірі – Міржақып Дулатұлы Семей өңіріндегі азаматтардың шақыртуы бойынша елге келіп, қазақ балаларының көзін ашады. Сол секілді белгілі ақын, талантты ұстаз Сұлтанмахмұт Торайғыр да Катонқарағай, Зайсан мен Тарбағатай өңіріне барып бала тәрбиелеп, ағартушылықпен айналысқаны белгілі. Осындай елге деген жанышырлық пен асқан қажыр-қайраттың арқасында қазақ даласында оқыған азаматтар саны көбейіп жатты.
Бұдан бөлек осындай зиялы азаматтар тек мектеп, гимназия, медресе ашып қана қоймай, қажетті оқулық, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп отырды. Мұғалімдерге жеткілікті көлемде жалақы төлеп отырды. Бұл 1905-1906 жылдардың шамасы болатын.
Әдетте қазақ даласындағы оқу ағарту ісі 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кеін қолға алынғаны айтады. Бірақ бұл бұған дейін қазақ даласы мүлдем хат танымады дегенді білдірмесе керек. Көптеген дерек көздері 1914-1915 оқу жылында бүкіл Қазақстанда 2011 мектеп болғанын айтады.
Шын мәніндегі жаппай ағарту жұмыстары 1917 жылғы Қазақ революциясынан кейін басталып, екінші дүниежүзілік соғысы (1941-45 жж.) қарсаңында өз мәресіне жетті. Нақты уақыт есебімен атар болсақ, ширек ғасырға жуық уақытты қамтыды. Бірақ осы уақыт аралығында төңкерістен кейінгі ішкі-сыртқы саяси тартыстар, 1921 жылғы аштық, 1922-1923 жылдарғы шаруашылықтағы күйзеліс, 1931-1933 жылдары қайта айналып соққан аштық зұлматы, 1937-1938 жылдар жүргізілген саяси репрессиялар болғанын атап өту керек Әрине бұлардың барлығы да жаппай ағарту ісіне үлкен кедергі болды. Бірақ соған қарамастан айналасы 15 жылдың ішінде (ширеке ғасырдың он жылы қуғын-сүргін, аштықпен кетті) 3 млн-ға жуық адам жазу-сызу меңгеріп шықты.
Расын айту керек, Қазақ даласындағы оқу-ағарту ісіне Ресей онша мүдделі болмады. Нақты айтар болсақ, түпкі мақсаты отарлау болған орталық Қазақ даласындағы мәдени-рухани дамуын қамтамасыз етуге еш ынталы емес еді. Басты мақсаты қазақ даласының байлығын ғана игеру ғана болды.
Осыған байланысты 19 ғасырдың басында Қазақ даласында көзі ашық зиялылар көп болғанымен жалпыға бірдей сауат ашу мүмкіндігі болмады. Оның үстіне отаршыл Ресей империясы халықты рухани мешеулікте, қараңғылықта ұстауға тырысқаны тағы белгілі.
Белгілі зерттеуші Х.Б Табылдиевтің деректеріне сенсек, 1897 жылғы бүкіл россиялық халық санағыАқмола губерниясында 9 жастан асқандардың 14%-і, Семей губерниясында 8 %-і, Торғай облысында 6%-і Жетісу облысында 5%-і, Сырдария облысында 5%-і, ғана оқи-жаза білетіндер екенін көсеткен.
«Түркі-татар тілдерінде сөйлейтін халықтардың әр мыңнан 96 еркек пен 50 әйел қара танитын дәрежеге көтеріліпті. Арада 10 жыл еткен соң Түркістан өлкесіндегі сауаттылық 0,4 процентке ғана артқаны анықталды. Егер ғасыр басындағы Россияда 89 губерния мен облыс болса, сауаттылык деңгейі жағынан осылардың арасында Жетісу облысы 86-шы орында, Орал облысы 76-шы орында, Ақмола облысы 75-ші орында тұрған еді», - деп көрсетілген зерттеушінің еңбектерінде.
Амалсыз ұланғайыр алқапты алып жатқан даланы ағарту миссиясын Ахмет Байтұрсын, Құдайберген Жұбан, Мағжан Жұмабай, Жүсіпбек Аймауыт, Қошке Кемеңгер, Елдос Омар сияқты ұлт зиялылары өз мойындарына алды. Қазақ әліпбиін жасау, оқулықтар жазу, оны басып шығару, қазақ тілін зерттеп қоғамға бейімдеу, ғылымның әр саласын дамыту сияқты келелі проблемаларды нақты іс жүзінде осы тұлғалар жүргізді. Осы істің денін арыстар жаппай қуғын-сүргін, айдауда жүріп жасады.
Қазақ даласында кәсіби тұрғыда ағарту ісі Қазақ АССР-ы құрылған соң қолға алынды. Яғни 1917-1920 жылдары аралығындағы саяси оқиғалар (Алашорда үкіметінің құрылуы) Қазақ даласындағы ағарту ісіне снақты айтар болсақ, сауатсыздықты жоюға үлкен серпін берді. Кейіннен Халық ағарту комиссары болып Ахмет Байтұрсынұлыының бекітілуі жаппай ағарту ісіне үлкен екпін әкелгендей болды.
Аз уақыттың ішінде өлкеде 72 мыңнан астам адам хат танып шықты. 1914 жылмен салыстырғанда мектептер жүйесі 40, окушылар саны 36 пайызға ұлғайып, мұғалімдер қатары 3,4 мыңнан 4,8 мыңға өсті.
Белгілі зерттеуші Х.Б. Табылдиев өзінің зерттеу еңбектерінде Қазақ даласындағы ағарту жұмыстарын орталықтың шын мәнінде шектен тыс идеологияландырып жібергенін айтады. Ол аздай сол кезеңдегі қазақтың басынан өткен ауыр оқиғалар да үлкен кедергі болған.
«1920 жылдың қысындағы жұт 1921 жылы ашаршылыққа ұласып, халық шаруашылығын тұралатып тастады. Бұл жылдары млн. адам аштықтан, әртүрлі эпидемиядан өлді немесе басқа республикаларға босып кетті. Сауатсыздыкты жою ісі маңдымады. Барлық губернияларда сауатсыздықты жоюға қабілетті мамандар жетіспей жатты. Бар деген оқытушылар, нұсқаушылар, әдістемешілер қиын материалдық жағдайға душар болды. Олар 3-4 ай бойы еңбек ақыларын, тиесілі азық-түліктерін ала алмайтын. Сауатсыздарға қағаз, қалам, кітап, қарындаш, т.б. жетіспейтін. Қажетті оқулықтар жетіспеді. Оқу орындарының жүйесі мейлінше тар, материалдық базасы төмен күйде қала берді. «Мектептерге отын табылмады. Оқығысы келген сауатсыздардың енді бір бөлігін әміршіл-әкімшіл жүйенің тиесілі мекемелері астық жинауға, оны бастыруға, темір жолдарды тазартуға, ат-арба айдауға міндеттеп, айлап-апталап соған жегіп қойды. Сауатсыздыққа байланысты қабылданған мемлекеттік қаулылар, олардағы талаптар орындала бермеді.
Сауатсыздықты жою науқанының қожырағанын байқаған сауатсыздар да бұрынғы ынта-жігерінен айырылайын деді. Олардың көпшілігі азды-көпті хат танып, әліппені үйренген соң, 3-4 айға созылатын оқудың артын күтпестен, өз шаруаларымен кетіп отырды. Мәселен, 1921 жылғы он ай ішінде өлке бойынша 2362 сауатсыздықты жою мектептерінде 72 мың адам хат танып жүрген еді. Осылардың 3 мыңы ғана саужай мектебін толығымен аяқтап шықты. 1922 жыл да айтарлықтай нәтижеге кол жеткізбеді, өлкеде бар болғаны 4,1 мың ғана адам хат танып шықты», – деп жазады белгілі зерттеуші Х.Б Табылдиев өзінің зерттеу еңбегінде.
Сондай-ақ ол сол кездегі ағарту ісіне азамат соғысы мен шет ел интервенциясы орасан зор қиыншылық әкелгенін айтады. «Қолдан қолға өткен қалалар мен ауылдарда, облыстар мен уездерде, болыстар мен станцияларда мектеп үйлері, кітапханалар, ауруханалар, кітаптар мен оқулықтар талан-таражға түсіп, оқу ісінің материалдық базасы әлсіреген үстіне әлсірей берді. Онсыз да аз мұғалімдер қатары сиреп кетті. Соғыс жылдарында жалғыз гана Петропавл уезінде 13 мың қазақ құрбан болса, Атбасар уезінде 55 мың адам шығын болыпты. Бүкіл республика бойынша 260 мыңнан астам шаруашылық күйреп қалған еді. Ымырасыздық тап күресі, әлеуметтік идеологиялық жіктелу ақтар жағынан да, қызылдар жағынан да ауыр қылмыстарды туғызды. Кеңес өкіметінің тәртібіне наразылар Семей облысы Арқат ауылының азаматы, мұғалім Сауық Кемелбайұлы, әйелі Күлекен екеуін киізге орап, мектебімен бірге өртеп жіберген. Осы өңірде кеңестік мұғалім Рамазан Әбішевті 1918 жылы кескілеп өлтірді. 20-30-шы жылдары болған аштық репрессиялардың, демографиялық апаттың, білім беру саласын шектен тыс идеологияландыру мен саясаттандырудың халықты жаппай сауаттандыруға тигізген зиянын айту мүлде мүмкін емес еді», – деп көрсетілген зерттеушінің «Қазақстандағы сауатсыздықты жою тарихы: (1917-41 жж.)» атты еңбегінде.
Қазақ автономиялық республикасы құрылғанша яғни 1920 жылдарға дейін қазақ даласындағы ағарту ісімен жергілікті кеңестер айналысқаны белгілі. Осыған байланысты ағарту ісінде де нақты тұжырым, ереже бола қойған жоқ. Соған сәйкес, бұл кезеңге қатысты статистикалық деректер де нақты емес.
«1918-1920 жылдар аралығында өлкеде қанша адам сауаттылық деңгейі қаншалықты көтерілді деген сұрақтарға архив қорлары мен статистикалық жинақ беттерінде жауап жоқ. Бірақ жұмыстың тоқтамағаны анық», - деп жазады », - деп жазады Табылдиев Хисмет Бозанұлы.
1920 жылдың жазында Петропавл уезінде 19 ересектер мектебі, қалада 7 ересектер мектебі жұмыс істеп тұрған екен. Торғай облысында мұндай мектептер саны 24, Ақмола уезінде 10 болатын. 1920 жылдың күзінде Семей губерниясындағы саужой мектептері қатары 160-тан асқан.
Осы жерде саужой сөзіне тоқтала кетейік: «Сауатсыздық жою» деген сөзді (орысша ликбез) сол кездегі архив құжаттары мен БАҚ беттерінде Саужой деп қысқартып атаған екен.
Табылдиевтің жазуынша, бұл мектептерде 105 мыңнан астам ғана бала оқыған.
«Яғни әр мектепте 50 баладан ғана келіп отыр. Егер сол жылдарғы өлке тұрғындарының үштен екісін қазақтар құраса, мектеп оқушылары қатарындағы балалардың 14-15 проценті ғана жергілікті ұлт өкілдерінің балалары болатын. Басқаша айтқанда қазақ балалары оқудан шет қағылып отырды деген сөз. Әсіресе қазақ қыздарының мектепке тартылуы нашар жүрді. 1914-1915 оку жылында олардың мектепке оқып жүргендерінің саны 2000-ға да жетпеді.
Мектептер мен олардағы оқушылар саны осындай болғанда, оқытушы - мұғалімдер құрамы да айтарлықтай ұзап кете қоймады. Ғасыр басында Ақмола облысындағы мұғалімдердің 65%-і, Семей облысында 61%-і, Жетісуда 74%-і, арнайы білімі жок практиктер болатын», - дейді ол.
1897 жылғы бүкіл россиялық халық санағы мәліметі бойынша Ақмола губерниясында 9 жастан асқандардың 14%-і, Семей губерниясында 8 %-і, Торғай облысында 6%-і Жетісу облысында 5%-і, Сырдария облысында 5%-і, ғана оқи-жаза білетіндер екен. Түркі-татар тілдерінде сөйлейтін халықтардың әр мыңнан 96 еркек пен 50 әйел қара танитын дәрежеге көтеріліпті. Арада 10 жыл өткен соң Түркістан өлкесіндегі сауаттылық 0,4 процентке ғана артқаны анықталды. Егер ғасыр басындағы Россияда 89 губерния мен облыс болса, сауаттылық деңгейі жағынан осылардың арасында Жетісу облысы 86-шы орында, Орал облысы 76-шы орында, Ақмола облысы 75-ші орында тұрған еді.
Шыны керек, орталық қазақ даласындағы сауатсыздықтың биік деңгейде қалғанын қалады. Соған сәйкес ХХ ғасыр басындағы ағарту жұмыстары да отарлаудың бір көрінісі халықты рухани мешеулікте, қараңғылықта ұстауға негізделді. Оны зерттеушінің еңбектерінен де анық көруге болады.
«ХХ ғасыр басындағы Қазақстан сауатсыздық жайлаған өлке болатын. Мұның басты себебі саяси қатынастар шеңберінде шет Отарлаушы Россия аймақтардың мәдени-рухани дамуын қамтамасыз етуге еш ынталы емес еді. Орталықтың басты мақсаты қазақ даласының байлығын сорған үстіне сора түсуге сайды. Бұл – бір. Екіншіден, ол Қазақстанға Шығыстағы саясатын жүзеге асыру үшін қажетті плацдарм ретінде ғана қарады. Мұның сыртында қолынан кеткен Қазақстанда сауатсыздықты жоятындай ішкі мүмкіндіктер қалмаған еді. Бірнеше губернияларға, облыстарға бөлшектеніп кеткен өлкеде орталық мемлекеттік құрылым болмағандықтан үйлесімді мәдени құрылыс қолға алынбады. Мәдениет мәселелері аймақтық денгейде ғана көтерілетін. Ал оларды бір орталықтан талдау, баға беру, саяси-салаға жіктеу, жергілікті ерекшеліктерге қарай сәйкестендіру өлке деңгейінде ешкімнің құзырына жатпады. Қазақстаннан ұлттық мемлекеттік тұрғыдан бытыраңқылығы, отарлық статусы, тұрғылықты халықтың, яғни қазақтардың саяси-әкімшілік қызметі болыс пен ауыл деңгейінде қалуы сауатсыздықпен нақты әрі нысаналы айналысуға мұрша бермеді. Бұл аздайын орталықтан да, өлкеде де қара халықтың сауатын көтеруге мейлінше тіксіне қарайтын, оны зиянды іс ретінде түсінген мемлекет қайраткерлері, әр түрлі дәрежедегі басшыларда аз болмады», – дейді ол.
Яғни сол дәуірдегі оқу-ағарту ісіның адамдардың жан-жақты жетілуі үшін емес, отарлық саясатты орындауға қажетті шарттың бірі ретінде ғана қаралғанын байқауға болады. Әрі оны орталық өкілдері де ашық айтып отырған.
Россияның халық ағарту министрі Д.А. Толстой қол астындағыларға жолдаған бір жарлығында «Біздің отанымызда тұратын барлық бұратаналарды оқытудағы түпкі мақсатымыз оларды орыстандыру және орыс халқымен мидай араластырып жіберу» деп ашып көрсетіпті.
Ал Орынбордың әскери губернаторы Сухтелен: «Менің қырғыздарды Европа халықтары жеткен биікке көтеру ниетім жоқ. Мен қырғыздардың мәңгі малшы, көшпенді болып қалғанын, ешқашан астық екпегенін, ғылымды ғана емес, тіпті қолөнерді де білмегенін жан-тәніммен қалаймын» деп көрсетіпті.
Автор осындай деректерді келтіре отырып, қазақ даласындағы ағарту ісіне кедергі келтірген бірнеше фактіге тоқаталып өтеді. Мазмұнын тарқатып, оқырман назарына ұсынсақ. Бірінші фактісінде оқу-ағарту мәселесіне бөлінген қаражаттың мардымсыздығын атап өтеді. Тіпті қалалар мен облыстарға, губернияларға тағы басқа әкімшілік территориялық бөліктерге бөлінген қаржы екі және бес пайыздан аспай жатқанын көрсеткен. Екінші факты немесе мәселе ретінде оқу орындарының азды мен тарлығы жайында айтылады. Мәселен өткен ғасырдың он төртінші, он бесінші оқу жылдарында ел көлемінле екі мың оң бір мектеп болған екен. Осы аталған білім ордаларында жүз мыңнан астам бала білім алған. Тіпті осы аталған оқушы санында қазақ балаларының үлесі он бес пайыздан әзер асқан. Біз сөзбен айтсақ, қазақ балалары білім алу жолында шеттетіліп отырған дегенді көрсетеді. Жоғары да мектептер мен оқушылардың үлес салмағын Х.Б.Табылдиевтың «Қазақстандағы сауатсыздықты жою тарихы: (1917-41жж) авторефератында келтірілген деректер бойынша көрсеттік.
“Дегенмен жекелеген қайраткерлер мен ұлт жанашырларының құлшынысының арқасында біршама іс жасалды. Керек болса, қаржының аздығы да, оқулықтар мен әдістемелік материалдарды шығару ісінің жолға қойылмауы да кедергі бола алмады деуге болады. Осындай қажырлы жұмыстың арқасында 1920-жылға дейін жалпы қазақ даласында 72 мыңнан астам адам хат танып шықты. 1914 жылмен салыстырғанда мектептер жүйесі 40 пайызға артып, окушылар саны 36 да пайызға ұлғайды. Білім беретін мұғалімдер қатары да біршама көбейіп, 3,4 мыңнан 4,8 мыңға өскені белгілі” болды деп көрсетілген Х. Табылдиевтың зерттеу еңбегінде.
Деректер Х.Б. Табылдиевтің «Қазақстандағы сауатсыздықты жою тарихы: (1917-41жж) авторефератынан алынды.