Еуропа саяхатшыларының қазақ хан-сұлтандарымен кездесуі
27.01.2017 3056
Қазақ жеріне аяқ тіреген кәрі құрлық саяхатшылары байтақ елдің көшпелі өмірі мен салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін таңдана да тамсана жазған. Солардың бірегейіне тоқталсақ

Фальктың Әли сұлтанмен кездесуі (1770)

Қырғыз ханы Нұралы өз жасақтарымен Елек қорғанысына жақын Орал өзенінің сол жағалауына табан тіреді. Хан қонысының жақын жерге көшіп келуі мені көшпелі халық пен оның тұрмыс-тіршілігін танып білуге деген қызығушылығымды арттырды. Осы себептен Георги бастаған қауымдастығымен біріге отырып жеткілікті деңгейде әскерленіп Орынбор бойынан төменгі – Чернояр, Татищев,Озерное, Рассыпное бекіністері арқылы Елек қорғанысына жол тарттық. Екі ел бекіністері арасында казактар мен башқұрттар жайғасқан, олардың шекара маңында шатырлары бар сол жерге аздап мал бағып, бір жағынан тыныштықты қориды.

29 қыркүйек (1770) күні  мен екі айтулы сөзі жүретін татарды ханға арнайы сәлемдемемен жібердім мені қабыл ала ма екен, қауіпсіздік мәселесі қалай деген секілді. 

Мен жіберген татарларды Елек өзенінің жоғары жағында қырғыз (қазақ) жайы орналасқан әскерлер қарсы алды оның арғы жағында 20 күймелі арба көрініп тұрды. Хан жіберілген сәлемдемешілерді өте сыпайы, қонақжайлылықпен қарсы алып, қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете алатынын айта келіп, бірақ менің бару ниетімді дәл қазір қабыл ала алмайтынын жеткізіпті.

Жіберілген елшілерде ешқандай реніш жоқ, керісінше қырғыздарға (қазақ) деген көңілдері тоқ, ет жеп, қымыз ішіп разы болғанын алға тартты. Бұл уақыт аралығында біз шекарада орналасқан казактардың күздік балық аулау дәстүріне қатысып үлгердік. Сонымен кері Орынборға қайтуға тура келді. Дегенмен Әли сұлтан бұл жауабымен менің қызығушылығымды одан әрі арттырды. Және бір аңғаратыны сұлтан осы көшімен өз ойынан хабар берді Орынбордан санаулы шақырым жерге орын теуіп, губернатордан жерге қатысты пікірі барын, казак, башқұрттардың келуін азайтуын сұрағысы келетінін білдіріп қалды бірақ өзі Орынборға ол өтінішпен келмеді.

Сұлтан қабылдауыныңда сәті түсті, 5 қараша күнгі түстен кейінгі уақытты (1770) белгіледі. Мен өз кезегімде жаныма Георги, Барданес оның көмекшісі және жақсы киінген казак әскерін алдым. Байқағаным сұлтан 320 күймелі арбадан тұратын шағын ордада орыналасқан, ортасындағы үсті ақ киізбен жабылған ең үлкені сұлтанның жайы. Жан-жағында жылқы, түйелер жайылып жүр. Күймелі арбалардың жартысы дерлік кілеммен қапталған және іші жайлы және әр жерде жастықтар жатыр.

Сұлтанның жайы жібек матадан жасалған пердемен бүркеленген, жан-жағында ер-тұрман, қару-жарақтар тұр. 18 жасар сұлтан жастыққа тіреніп аяғын қымып отыр, қымбат киінген, оң жақ астарында күміс қылыш орын тепкен, жанында ашық қызылмен киінген бірнеше егде жастағы кісілер отыр. Ал біз басымыз жабылған киіммен кішкене ғана сандықшаның үстіне отырдық. Сұлтан менің сыйлығымды жылы лебізбен қабыл алды. Кездесу барысында екіжақты көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Қоштасарда сұлтан маған жылқы сыйлады, бірақ мен алмадым. (Фальк, I, 20-21)

  Рычков Нұралы ханның қабылдауында (1771)

Осы жерде (Торғай маңайы) біз хан жасағының көптігін байқадық. Біз ханның күймелі үйіне бағыт алдық, хан өз ордасында жанындағы ақсақалдарымен жамыла қарсы алды. Барлығыда бізді қарсы алу үшін арнайы жиналған. Ханның күзетшілеріне қарап-ақ жақындаудың реті келмейтінін түсіндік. Бізде өз тарапымыздан талапты бұзбауға тырыстық, біз кіргенде барлығы бірдей орнынан тұрып қарсы алды. Хан төрде отырды, екі жағында екі ұлы орын тепкен. Кездесудің басынан бастап ханның жүзінен қуаныш пен шаттықты байқадық оның себебі біз императордың сәлемдемесін жеткізіп жуық арада орыс әскерінің көмекке келетінін жеткізгенбіз.

Ал хан өз кезегінде осы жаңалықты көптен асыға күткенін жеткізді,оғанда себеп анталаған қалмақтар қысымға алғанын алға тартты. Хан орыс көмегі арқылы қалмақтарға қарсы күрескісі келетін ойы барын жеткізді, ал бұл кезеңде Ресейде де оңай заман болмады, бір жағынан пруссиялықтармен (1756-1763) соғыс, екінші жағынан түріктермен (1768-1774) соғыс. Ханның ұсынысы мен өтінішін тыңдап болғаннан кейін біздің подполковник екіжақты келісімге әзір екенін жеткізіп, ханнан осы жерде орыс әскерін күтуін сұрады.

Сонымен қатар орыс әскері келгенде олардың да қауіпсіздігін қоса тапсырды, әр әскери керуен жанына бір қырғыз (қазақ) әскерін күзетке қою міндеті жүктелінді.

Сөз соңында хан: егерде біз тез арада әскермен қамданып, қалмақтарға уақытылы қарсылық танытпасақ, олар біздің территорияға Алтай арқылы баса көктеп кіріп басқыншылықпен ойрандайды. Сондықтанда біз жуық арада күш жинап, олардың бетін қайтаруымыз керек деді. (Рычков, Күнделік, 369 - 371)

Барданес Мәмет сұлтанның қабылдауында ( 1771)

24 шілде (1771). Бүгін біздің шатырға бізден 7 шақырымдай жерде орналасқан Мәмет сұлтанның 3 баласы арнайы сапармен келді. Майор Зубов елшілерді қарсы алып, одан әрі маған тапсырды. Үлкен ұлы Ахмет 20 жаста, үстіне жиегі жібекпен көмкерілген қара атластан шапан киген, басында алтын түстес тақия, өзімен бірге қылышы бар. Қалған екеуі біреуі 16, екіншісі 14-те олар өте жинақы киінген. Үшеуі де келбеттері көңілді және ер мінезді кейіп танытты. 

Сұхбат барысында сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Және қоштасар сәтте мені қонақ ретінде өздерінде күтетіндерін жеткізді. Мен өз келісімімді бердім.

26 шілде. Мен Мәмет сұлтанның қабылдауына бардым, жылы жүз, жұмсақ жаймен қарсы алды. Хан ордасы 8 киіз үй және күймелі үйлерден тұрады. Сұлтан қабылдауына дейін ұлдарымен тілдесудің сәті түсті. Сұлтан жайына бас сұға бастағаннан барлығы біз үшін таңсық дүниелерден тұрды. Мен сұлтаннан алыстау бірақ еркін естілетіндей жерде жайғастым, сұлтан үстіне жібек шапан, басына алтынмен көмкерілген қалпақ киген, жанында зайыбы отырды, жас шамасы 40-қа келген үстіне бұхараның қымбат матасынан тігілген көйлек пен басына жібек шәлде жамылған. Және тағы бір байқағанымыз сырт жақта үлкен қазандықта ет асылып жан-жағында адамдар жүр. Мен басымды изеп бетке ұстарлық сый-кәде алып үлгермедім дей отырып, сұлтанға әкелгенімді ұсындым: сабын, айна (кезінде Омбыдан 7 тиынға сатып алғам), сақина 3 тиын тұратын және бірнеше ине. Сұлтан өз кезегінде қандай зат болсада сыйлық алу құрметтің белгісі екенін жеткізсе, ханшасы далалы аймақтарда бұндай заттардың сирек кездесіп, таптыра бермейтінін айтты. Сонан соң маған қымыз ұсынды, біраз уақыттан соң ет желініп артынан сүт қосылған қою шәй іштік. Өз басыма сұлтан жылы қарсы алғанымен сөз басында түрі суықтау, қатаң көрінген дегенмен әңгімелесе келе біз тіл табысып жайдары тарқастық.  (Фальк-Бардакес, VII, 15—18)

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)