Басты бет Қазақстан тарихы Ресей империясы құрамындағы Қазақстан Қазақстанның Ресейге қосылуы Орта және Кіші жүздеп хандық биліктің жойылуы

Орта және Кіші жүздеп хандық биліктің жойылуы

03 Қыркүйек 2013
1082
0

 XVIII ғасырдың 80-жылдарында Сырым Датұлы бастаған көтеріліс барысында Орынбор губернаторы О. Игельстром Кіші жүздеп хандық билікті жоюға әрекеттер жасаған еді. Ол «Игельстром реформасы» деген атқа ие болған болатын. Бірақ ол жүзеге асырылмай қалды. Бұл саясат XIX ғасырдың 20-жылдары қолға алынып, өз нәтижелерін бере бастады. Сонымен қазақ жерін әкімшілік реформалаудың жаңа үлгісі Ресейдің әкімшілік-саяси басқару жүйесіне сай жасалынды. Реформа Орта жүзден басталды. Сібір генерал-губернаторы М. Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» жасалып, ол 1822 жылы қабылданады. (Орыс әкімшілігі сол кезде қазақтарды қырғыздар, ал қырғыздарды қара қырғыздар деп атаған еді.) Бұл реформа бойынша Сібір екі бөлікке - Шығыс және Батыс беліктерге бөлінді. Шығыс бөлігінің басқармасы Иркутскіде, ал батыс бөлігінің орталығы Тобольскіде, ал 1839 жылдан бастап Омбыда орналасты. Батыс Сібір бөлігіне Тобыл, Томск, Омбы облыстары және Орта жүз бен ¥лы жүздің бір бөліп енді. Батыс бөлік «Сібір қыр-ғыздарының облысы» деген атқа ие болды [40, 399-428-6.].

Жарғы бойынша «Сібір қазақтарының облысы» әкімшілік тұрғыда округ -болыс- ауыл жүйесі бойынша бөлінді. Округке 15-20 болыс, болысқа 10-12 ауыл, ауылға 50-70 шаңырақ (үйлер) кірді. Округ басшылығында округтық приказдар болды. Округтық приказдарды қазақтар дуан деп атаған. Округ-тарды формальді түрде аға сұлтан басқарды. Болыс басшылығында болыс сұлтаны тұрды, олар округтық приказға бағынды. Ауылды ағаман басқарды. Ағамандарды үш жылда бір рет ауыл тұрғындары сайлап, оны округтық при-каз бекітті. Болыстар сұлтанға бағынды. Хандық билік толығымен жойылды.

Реформада сот жүйесінде де үлкен өзгерістер болды. Онда Қазақ жеріне Ресей заңдарын енгізуді мақсат тұтты. Дәстүрлі билер соты тек ру арасын-дағы, ауыл ішіндеп дауларды шешу үшін ғана сақталынды. Қылмыстықтар, мысалы, Отанға опасыздық жасау, кісі өлтіру, ұрлық, билікке бағынбау т.б. империялық заңның негізінде шешілді.

«Сібір қырғыздары туралы Жарғыда» Сібір қазақтары көшпелі біратана-ларға жатады, сондықтан олармен құқықтары теңестіріледі деп атап көрсетілген. «Желілер бойындағы қазақтардың қазіргі жағдайы әртүрлі, олар бо-лыстарға, болыстар ауылға бөлінген, кейбірі қазіргі атауларын сақтап қал-ған». Одан әрі былай делінген: «Олар болыстық басқару ыңғайлы болуы үшін округтерге қосылған. Округтер көбіне бұрыннан қалыптасқан бір рудан және көрші болыстардан құралады. Әр округтің өзіне белгіленіл берілген жері бар және оған басқа округтың адамы жергілікті басшылықтың рұқсат-ынсыз өте алмайды».

«Басқару құрамы» бөлімінде мыналар анықталып берілген: «Ауылды старшындар басқарады. Болысты сұлтандар басқарды. Ауыл мен болыстағы сот мәселелерін талқылауда ауыл ақсақалдары мен билер ез билігін сақтайды. Бүкіл округті басқару үшін болыстар аға сұлтанды сайлайды. Әрбір округте округпк приказдар ашылған». Ал «Сайлау тәртібі» белімінде: ауылды бас-қару үшін ағаманды қазақтардың өздері сайлайтын болған және оны округтік приказ бекіткен. Ағамандарды сайлау әр үш жылда өтіп отырған, бір ағаман бірнеше рет қатарынан сайлана алады. Ағамандарды сайлау ауылдық жер-лерде ауызша өткізілетін. Көпшілік дауысты олар өздері шешті. Сұлтан лау-азымы мұрагерлік жолмен жүргізілді. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сай-ласа, ал приказ заседательдерін билер мен ағамандар сайлады. Осының барлығын облыс басшысы бекітті. Аға сұлтан үш жылға сайланатын, заседа-тель екі жылға сайланады», - деп, сайлау тәртіптері белгіленген. Сондай-ақ Жарғыда: «Аға сұлтан - земство шенеунігі. Ол сайланғаннан кейін жергілікті әкімшілікті басқару үшін Ресей үкіметінің атынан оған өкілеттілік беріледі. Барлық жұмысты ол округтік приказ арқылы жүргізеді» делінген.

Жарғы бойынша қазақ халқы ұшін «салық пен міндеткерлік» мөлшері де белгіленді: «Жасақ малмен өтеледі, жүз бастан біреу алынады. Салық қазақ-тардан болыс бойынша жиылады. Салық жинау жылына бір рет жазды күні жүргізіледі». Жарғыдағы тағы бір маңызды мәселе, ол «Медициналық бөлімнің» енгізілуі болды. Әрбір округке екі емдеуші, тұрақты аурухана бөлінетін болды. «Діни және халық ағарту бөлімі ережесінде» білім беру жүйесін қалыптастыру бағыттары айқындалды.

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қабылдау хандық билікті жоюды және Орта жүздің Ресей империясының құрамына толығымен енгенін білдіреді.

1824 жылы 8 ақпанда патша өкіметінің жарлығымен бірінші Қарқаралы ок-ругтық приказы бекітіледі. Оның басшылығына аға сұлтан, подполковник Тұрсын Шыңғысов отырды. Сол жылы Көкшетау округтық приказы құрылды. Бұл приказдар патша өкіметінің Қазақжерін отарлаудағы маңызды әкімшілік ресурсқа айналды. 1832 жылы Ақмола округтік приказы ашылды. Жер таң-дауда подполковник Ф.И. Шубин экспедициясы мұқият тексергеннен кейін Қараөткел аймағында Есіл өзенінің оң жағалауына Ақмола бекінісін салу ұшін таңдап алды. Бұл Орта жүздің ірі руларының қоныстарының, жалпы қазақ жерінің орталығы ретінде өте ұтымды стратегиялық орын еді.

Ақмола округтық приказы Қазақ жеріне ілгерпей енудің мүмкіндіктерін кең-ейтті. 1851 жылы мұнда Қазақ жеріндегі Ресейдің 1200 солдаты мен офи-церлері орналастырылып, ең ірі әскери орталыққа айналды.

1824 жылы Ресей үкіметі «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» қабыл-дады. Ол Орынбор генерал-губернаторы П. Эссеннің басшылығымен жа-салды. Орта жүздегі сияқты енді Кіші жұзде де хандық билік жойылды [40, 138-139-6.]. Кіші жүзді басқару Орынбордағы Шекаралық комиссиясы ар-қылы жүзеге асырылды. Жарғы бойынша Кіші жүз үш бөлікке белінді. Бұл бөліктерді Орынбор губернаторы тағайындайтын сұлтандар басқаратын болды. Бұл бөліктер дистанцияларға бөлінді. Дистанция дегеніміз бекіністер аралығындағы жерлер болатын. Дистанциялар ауылдарға бөлінді. Дистан-цияларды дистанция бастығы басқарды, ал ауылдарды ағамандар басқар-ды. Осының барлығын шекара комиссиясы тағайындап отырды. Орынбор қазақтары үшін сайлау жүйесі енпзілмеді. Сондай-ақ Кіші жүзде әскери бекі-ністер бойындағы қазақтар үшін арнайы қамқоршы қызметі тағайындалды. Сот жүйесі «Сібір қырғыздары туралы Жарғыдағы» ережелер сияқты жүргізілді. Ауыр қылмыстық істер әскери соттар мен шекаралық комиссия-ның құзырында болды. Ал маңызы төмен істерді жергілікті билер соты қарайтын болды. Сейтіп Кіші жүздеп хандық билік те жойылды.

Кіші жүз бен Орта жүздің соңғы хандарының тағдыры мынадай болды. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін, Орта жұздегі хандық билікке оның баласы Уәли тағайындалды. Ол хандық билікке келгеннен кейін Абы-лай хан саясатын жалғастыруды көздеп, Қытай үкіметімен байланыс орна-туға әрекеттер жасайды. Сол себепті патша үкіметі Уәли ханның билігін әлсірету үшін Орта жүзге Бөкей ханды екінші хан етіп тағайындайды. Бірақ, ол 1817 жылы қайтыс болады Көп ұзамай 1819 жылы Уәли хан да қайтыс болған. Осыдан кейін Орта жүзде хан тағайындалмайды.

Кіші жүзде Әбілқайырдың баласы Айшуақтан кейін 1809 жылы хан тағына Шерғазы тағайындалады. Бұл шешімге наразы болған Кіші жүз ағамандары Арынғазыны хан етіп сайлайды. Бірақ 1821 жылы Арынғазы Петерборға ша­қырылып, сонда біраз ұсталғаннан кейін оны Калугаға жер аударды. 1830 жылы ол сол жақта қайтыс болған. Ал Шерғазы хан болса «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылғаннан кейін Орынборға шақырылып, сонда тұрақтап қалады.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз