Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Туған жер: Оңтүстік Қазақстан

31139
Туған жер: Оңтүстік Қазақстан - e-history.kz

Орталықтың алдында тұрған тапсырма оңай емес, оның негізгі мақсаты: өңірлік қоғамдық ұйымдар, жергілікті өлкетанушылар, Қазақстанның архивтері мен музейлерімен бірлесе отырып елміздегі қасиетті жерлердің тізімін жасау, солардың негізінде «Қазақстанның киелі жерлерінің картасы» атласын жасау, оған жалпыұлттық құндылығы бар нысандарды ғана қосу.

Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық құндылықтарды нығайтудың қажеттілігі баса айтылған. Оңтүстік Қазақстанда сақталған қасиетті жерлер көп-ақ. Сондықтан да Берік Әбдіғалиұлының жұмыс сапарымен Шымкентке келуі кездейсоқтық емес. 2017 жылғы 28 маусымда Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен кездесуде Оңтүстік Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы ұсынған өңірдегі киелі жерлердің тізімі жобасы талқыланды. Кездесуге ғалымдар, жазушылар, өлкетанушылар қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облысының Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов

Іс-шараны Оңтүстік Қазақстан облысының Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов ашты. Ол, кездесудің басты мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көзделген тапсырмаларды жүзеге асыру екендігін атап өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2017 жылғы 16 мамырдағы №1-24 өкімімен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша өңірлік комиссия жанынан жұмыс топтары құрылды. Осы жоба аясында өңірлік комиссияның отырысы өткізіліп, онда облыстағы қасиетті, киелі жерлердің тізімі анықталды.  Соның негізінде өңірдегі киелі жерлердің картасы жасалды.

«Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Б. Әбдіғалиұлы

Берік Әбдіғалиұлы «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жуырда ғана құрылғандығын тілге тиек етті. Оның басты мақсаты – әдістемелік жұмыс. Орталық киелі, қасиетті мазмұнға ие ескерткіштерді таңдап алу бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды әзірледі. Қандай ескерткіштерді қасиетті ескерткіштерге жатқызу керек? Бұл оңай сұрақ емес. Ескерткіштер тағайындалып немесе міндеттеліп берілмейді, оларды халық таңдайды. Өйткені халық қай жердің ерекше қасиеткеие екендігін біледі. Яғни, бұлар ескерткіш емес, адамдар ауруына ем іздеп, көмек немесе қорғаныш сұрап баратын, тәу ететін – тау, бұлақ, үңгір сияқты табиғи орындар болуы мүмкін. Осындай жерлердің картасын жасау, олардың тарихи, рухани мағынасын қайтадан қалпына келтіру, міне, осы рухани жаңғыру болады. Біріншіден, бұл өте маңызды, ескерткіштер жалпыұлттық мәнге ие болулары керек. Сонымен қоса олардың қатарына саяси мәні бар нысандарды да енгізуге болады. Мысалы, Ордабасы, Спасск, Алжир, Аңырақай. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тізім жасалған, енді оны түзету керек. Біз үшін ескерткіштердің саны емес, олардың рухани мазмұны маңызды. Құндылық барлық қазақтар үшін бірдей болуы керек, сол кезде ол жалпыұлттық құндылықтар ішінен өзіне тиесілі орын алады. Бұл тізімге Алматыдағы Вознесенск кафедралды шіркеуі, Христос Спаситель храмы сияқты діни нысандарды енгізу жөнінде ұсыныстар бар. Егер осындай ескерткіш қоғам үшін маңызды рухани мәні болса, онда оларды міндетті түрде қарастыру керек.  

Белгілі өлкетанушы алдағы экспедицияларға қызығушылық білдірді

Екіншіден, тізімде археологиялық ескерткіштер өте көп, біз оларды зерттеуіміз керек. Бірақ археологиялық нысандардың бәрі бірдей қасиетті мәнге ие емес. Отырар, Сауран, Сайрам, Сығанақ бар. Әрине, бірегей тарихи ескерткіштерді тізімге енгізу керек. Бұл – Қазақстанның киелі астаналары. Бұл туралы білу керек, айтылуы керек. Бірақ адамдар баратын бірегей ескерткіштер бізде көп емес. Бұны да есепке алу керек.

Ежелгі киелі жерлердің ең күрделі тізімі Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Таразда. Алайда қандай ескерткіштердің шын мәнінде республикалық деңгейге сәйкестігін анықтау үшін бұл тізімдерді қайтадан тексеру керек. Мысалы, Маңғыстау облысы 160 ескерткіш ұсынған, қазір тізімді 10-12 нысанға дейін қысқартып тастады. Бұл бағдарлама бес жылға есептелген, зерттеулер жүргізіліп, кітаптар шығарыларды, Қазақстанның киелі жерлерінің атласы жасалады, фильмдер түсіріледі.

Кездесу соңында Б. Әбдіғалиұлы музейге бірнеше кітап сыйға тартты

Н. Ахметжанов атап өткендей, жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тарихи-мәдени маңызға ие 1281 ескерткіш есепке алынған.  Солардың ішінен жұмыс тобы 100 қасиетті ескерткішті қарастыруға енгізді. Енді осы санды қайтадан түзету туралы тапсырма қойылып отыр, бірақ біз өз ескерткіштерімізді қорғап қалғымыз келеді. Берік Әбдіғалиұлы ескерткіштерге қандай талап, қандай факторлар қоюымыз қажеттігін айтып берді. Тарихшылар мен өлкетанушылар сұрақтарын қойып, экспедициялардың болу-болмауын сұрады, жобаның діни құрамдауыштары туралы да айтылдыбарлық сұрақтарға орталық директоры егжей-тегжейлі жауап берді. Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі киелі жерлердің тізімін жасау бойынша жұмыстар әлі де жалғаса береді. 

Астана-Шымкент 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?