Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Түркияда қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлының 100 жылдығына орай халықаралық симпозиум өтті

29436
Түркияда қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлының 100 жылдығына орай халықаралық симпозиум өтті   - e-history.kz

Түрік және қазақ тарихшылары ортақ ғылыми журнал шығармақ Ыстамбұлдағы халықаралық Бекмаханов симпозиумының қортындысында осындай шешім қабылданды. Мимар Синан көркем өнер университеті және Түркі әлемі муниципалитеттері одағының тізе қоса отырып 2015 жылы, 15-16 сәуір күндері Ыстамбұлда ұйымдастырған қазақтың тұңғыш кәсіби тарихшысы Ермұхан Бекмахановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Кеңестік тарихнама және Қазақстан тарихының мәселелері» атты халықаралық симпозиум жоғары денгейде өтті. Симпозиумға Қазақстан, Солтүстік Кипир және Түркиядан 14 ғалым кеңестік тарихнаманы түрлі аспектілерімен талдаған баяндамалар жасады. Ықпалы астындағы ұлттарды тарихсыздандырып ұлттық ерекшеліктерінен жұрдай бір кеңестік қоғам орнатуға бағытталған кеңестік тарихнаманың қазақ және басқа да түркі халықтардың тарихтарындағы салдары әңгіме етілді.

Осы орайда Мимар Синан көркем өнер университетінің Тарих кафедрасының меңгерушісі және симпозиум ұйымдастыру комитеті төрайымы т.ғ.д. профессор Фатма Үреклі ғылыми жиналысты ашу сөзінде Түркия Республикасының тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің мынадай сөзін атау өтуі мәнді еді: «Тарихты жазу, оны жасаудай маңызды; егер тарихты жазған жасағанға адалдық танытпаса, мызғымайтын ақиқат адамзатты таң қалдыратындай өзгеріп кетеді».

Т.ғ.д., профессор Үрекліден кейін Мимар Синан көркем өнер университеті проректоры профессор Зәки Алпан мен Қазақстан Ыстамбұл Консулы Сержан Сәрсенбаев сөз сөйлеп симпозиуға табыс тіледі. Ашу сөздерінен кейін Қазақстан телеарнасының Бекмахановтың 100 жылдығына. дайындаған «Жарқын бейне» атты деректі фильмі тамашаланды. Жарты сағаттық деректі фильмде Бекмахановтың тарихшылығы мен жеке тұлғасы және отбасы таныстырылды.

Осыдан соң екі күн мен бес отырысқа жалғасатын симпозиум өз жұмысын бастады. Алғашқы отырыста жалпы Бекмахановтың өмірі мен ғылыми жұмыстары атап көрсетілді. Бекмахановтың бетбе бет келген барлық қысымдар мен қиындықтарға төтеп берген тарихшы ғалымдар үлгі тұтарлық кәсіби махаббаты пен табандылығы егжей-тегжейлі айтылды.

Екінші отырыста Бекмаханов зерттеген тақырыптар мен қазақ тарихының Кеңестік дәуірге қатысты мәселелері сөз болды. Үшінші отырыста Кеңестік тарихнамада ұлттық зиялылар жане Кеңестік тарих түсінігінен ұлттық тарих түсінігіне көшу үрдісі талқыланды. Төртінші отырыста Қазақ тарихы туралы зерттеулердегі идеологиялық қысым мен шектеулер мен Кеңестік тарихнамада ұлттық тарихтарға қарау тәсілі туралы баяндамалар оқылды.

Бесінші және жабу отырысында болса, симпозиум жұмысы туралы бағалаулар, қорытындылар және ұсыныстар айтылды. Осы отырыста симпозиумның алты тармақтан тұратын қорытындысы қабылданды. 

Олар: 1. Симпозиум барлық жағынан өте табысты өтті. Ұйымдастыру жоғары денгейде болды. Симпозиумға баяндама оқуға шақырылғандардың санынын шектеулі болуы отырыстарда уақыт тарлығына жол бермеді және пікір алмасулар ыңғайлы атмосферада өтті. 

2. Жыл сайын мұндай ғылыми кездесулер Түркия мен Қазақстан тарихшылары арасында ауыспалы түрде жалғастыру қажет. Бұл Түркияда өтетін болса, онда Қазақстан тарихына, ал Қазақстанда өтетін болса, онда Түркия тарихына байланысты тақырыптарға негізделгені жөн. Мисал үшін келесі жылғы тарихшылардың кездесуі Қазақстанда ұйымдастырылғанда қазіргі таңда қазақ жұртшылығы қызығушылық танытып отырған Осман тарихы және Сұлтан Сүлейменнің кезеңі симпозиумның тақырыбы бола біледі. 

3. Мимар Синан көркем өнер университеті және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті тарихшылары көбірек бас қосып тәжрибелерін бірбірімен бөлісуі үшін орайлар туғызып ортақ зерттеу жобалары іске асырылғаны дұрыс. 

4. Екі университет магистратура және докторантура студенттері үшін әсіресе екі елдің тарихын үйрету, зерттеу және жазу туралы жұмыстардың атқарылғаны ұтымды. 

5. Түркия мен Қазақстаннан симпозиумға қатысқан тарихшылардың мұрындық болуымен түрікше және қазақша екі тілде ортақ бір ғылыми тарих журналы (бастапқыда жылына екі рет) шығару пайдалы болмақ. 

6. Симпозиумға келе алмаған АҚШ және Жапониядағы ғалымдардың жіберген баяндамалары да ішінде болатын симпозиум материалдары кітабын түрікше, қазақша және ағылшынша үш тілде осы жылы күзде жарық көруі тиімді.

Мимар Синан көркем өнер университеті және Түркі әлемі муниципалитеттері одағының 2015 жылы, 15-16 сәуір күндері Ыстамбұлда ұйымдастырған қазақтың тұңғыш кәсіби тарихшысы Ермұхан Бекмаханов туғанына 100 жыл толуына орай «Кеңестік тарихнама және Қазақстан тарихының мәселелері» атты халықаралық симпозиум осы қорытынды шешімдермен аяқталды. Симпозиум материалдары орын алған кітаптың тұсаукесері Қазақстан Анкара Елшісі және филология ғылымының докторы, профессор Жансейіт Түймебаевтын қамқоршылығында күзде Ыстамбулда өтетін болады. 

Әбдіуақап Қара, тарих ғылымының докторы, 

Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?