Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Гуманизм - тәуелсіз Қазақстанның дамуының негізі

29149
Гуманизм - тәуелсіз Қазақстанның дамуының негізі - e-history.kz

ХХІ ғасырда адамзат бұрын көрмеген жаһандық мәселелерге жолықты. Жаһанданудың арқасында миллиондаған адам кедейшіліктен арылса да, экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, экологиялық, сондай-ақ, моральдық және этикалық жаһандық дағдарыс қазіргі жан-жақты дамудың ең маңызды деген мақсаттарына - Мыңжылдық Мақсаттарына қол жеткізуді қиындатып отыр. ХХІ ғасырдағы жаһандық басқару қазіргі әлемнің ең басты мәселесіне айналды. Дағдарысты еңсергенде біз бұрынғы жағдайға қайта оралмауымыз керек. Ең жоғарғы мақсат - адамзатты бейбітшілік пен гуманизмнің жаңа дәуіріне жете-леу, адамзатқа қызмет етіп, табиғи ортаны қорғайтын ғылыми жетістіктерге, инновациялар мен тиімді технологияларға негіз-делген, тұрақты экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы әділ, ұйымшыл және тең құқылы қоғамды құру. Басты міндет - дағдарысқа адамның қадір-қасиетін, адамның құқығын, білім мен мәдениетке бәрінің бірдей қол жеткізе алуын экономикалық және саяси ойлаудың негізіне алатын демо-кратиялық әрі адамгершіл әлемді құруға мүмкіндік ретінде қарау. Жаңа ғасырда біз қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең түсінуге зәруміз. Сұхбат, төзімділік және өзгешеліктерге құрметпен қарау өздігінен бағалануы тиіс құндылықтарға айналуы тиіс. Ғылым басым бағыттардың қатарында болуы тиіс. Климаттың өзгеруі, био-логиялық алуан түрлілікті сақтау, табиғи апаттардың салдарын азайту, су және энергия қорларын басқару, пандемиялардың ал-дын алу ғылымдағы жаңа талаптар болып табылады, олар, олардың этикалық аспектілерін қоса алғанда, халықаралық бағдар-ламаларда жетекші орында болып отыр. Материалдық және материалдық емес мұраны және мәдени алуан түрлілікті сақтау - жаһандануға адамгершіл әрі демокра-тиялық келбет үстеудің ең тиімді құралдары. Мәдениет пен білім беру, әсіресе, жанжалдардан кейінгі жағдайда, бейбітшілікті сақтаудың, төзімділікті нығайтудың, әрбір адамның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеудің ең тиімді құралдары болып табылады. Бұл тұрғыда Қазақстан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында үлкен серпіліс жасады. Бүгінгінің жаһандық ұстанымы: жаңа гуманизм, яғни білімге, төзімділікке, барша адамдардың білім алудағы, ғылымдағы, мәде-ниеттегі, ақпаратты алудағы бірдей мүмкіндіктеріне негізделген әділ әрі гүлденген қоғамды құруды көздейтін еркіндік рухы. Қазіргі қоғамның барлық салаларында болып жатқан интен-сивті өзгерістер көбінесе интеграциялық процестермен және жаһандану факторымен байланысты. Ғылыми-техникалық про-грестің әсерінен және онымен байланысты өндірістің кешенді автоматталған және роботталған жүйесінің дамуы, телевиде-ние мен байланысты информациялық қамтамасыз етудің ком-пьютерлендірілуінің әсерінен жер шарының барлық елдерінде экономкалық, әлеуметтік-саяси және рухани өзара әрекеттесу процестері интенсивті жүре бастады. Сонымен қатар әр түрлі континенттегі, аймақтар мен елдердегі адамдардың ақпаратқа ие болуы үлкен жылдамдыққа ие болды. Көптеген елдердің аймақтық және әлемдік деңгейде эко-номикасы мен саясатының бірігуіне объективті материалдық алғышарттар құрылды. Интеграция және жаһандану процестерінің нәтижесінде ұлттардың, олардың өмір сүруінің барлық сфера-ларынада, қайта туылуы жүріп жатыр. Бұл өзара адаптация процесімен де байланысты. Жүріп жатқан процестер қоғамдық сананың әр түрлі формаларында қауымдық ұлттық шекарадан шығып, ғаламдық масштабта қайшылықтарға кездеседі. Бұл өзгерістерді гуманистік тұрғыдан қабылдаудың сипа-ты үлкен маңызға ие. Қазіргі әлеуметтік шындықты гуманистік тұрғыдан қарастыру жалпы гуманизмнің мәнін түсінумен байла-нысты, оның негізінде гуманистік позиция және белгілі бір әлеу-меттік құбылыстар мен процестерге сай гуманистік қатынас қалыптасады. Ғаламдық сипат алатын көптеген әлеуметтік қай-шылықтар ғылыми-техникалық прогреспен байланысты. Сондық-тан осы процеске және оның болашағына деген гуманистік көз-қарастың сипатын анықтау да маңызды болып отыр. Қазақстанда бірнеше этностардың бірге өмір сүрінің зор әлеуметтік, саяси, адамгершіл-этикалық тәжірибесі жинақталып, көптеген этностардың рухани құндылықтарының жемісті алма-суы жүзеге асқан. Қазақстан халқының тарихи жадында этнос-аралық қатынастардың ерекше тәжірибесі бар. Әлемде қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени қатынастардың ең күрделі, қарама-қайшы әрі нәзік қырларын этностардың ара-сындағы қатынастар құрайды және олар елдегі саяси ахуалға, экономикалық және әлеуметтік қатынастардың жағдайына, мем-лекеттік-құқықтық институттардың тиімділігіне, мемлекеттік ұлт-тық саясатының пәрменділігіне негізделеді. Адамдардың мате-риалдық және рухани құндылықтармен, тәжірибемен, этностар-дың мәдени жетістіктермен, өмір сүру салттарымен, тұрмыстағы ерекшеліктермен өзара алмасуы этностардың қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асады. Сонымен бірге, этносаралық қатынас барысында өзара әрекет жасайтын халықтардың дәс­түрлі түсінігіндегі, көзқарасындағы, мүддесіндегі, дәстүрі мен құн-дылықтарындағы ерекшеліктер қақтығысы орын алады, сондық-тан ол арнайы моральдық, әлеуметтік-психологиялық, саяси-құқықтық реттеуді, тікелей этносаралық байланыс саласында тұлғаның мінез-құлқына әлеуметтік бақылау жүргізуді қажет етеді. Этносаралық қатынастардың жоғарғы мінез-құлықтық мәдениеті күнделікті этносааралық байланыстарды реттеудің ең маңызды факторы болып табылады. Бұл салада тиісті моральдық, саяси-құқықтық реттеу болмаса, этносаралық қарама-қайшылықтар этно-саралық қарсылыққа, жанжалға ұласып кетуі мүмкін. Қарым-қатынас жасау мәдениеті топтар мен тұлғалардың байланысы контексінде этносаралық өзара әрекеттердің қайшы-лықты жағдайында адамның мінез-құлқына әлеуметтік бақылау жүргізудің маңызды түрі болып табылады. Бұл тұста, қарым-қатынас мәдениетінің мәні оның төзімділікті этносаралық сұхбатқа бағытталған әртүрлі ұлттың адамын біріктіретін рухани және сая-си құндылықтарға, этномәдени дәстүрлер мен ұйғарымдарға негізделуінде. Қарым-қатынас мәдениеті ұлттық-мәдени дәстүрлерден тыс, өздігінен өмір сүрмейді. Ол аталған қоғамдастықтың жалпы мәдениеті контексінде жүзеге асады. Сонымен, ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениеті ұлттық мәдениеттердің бір бөлігі болып табылады. Қызметтік тұрғыда ол адами қарым-қатынастардың мәдениетімен байланысты. Ол белгілі бір дәуір мен белгілі бір қоғамға тән қасиеттермен сипатталады. Оның негізінде әр халықтың бейбіт, өркениетті қатар өмір сүру, достық қарым-қатынастың ғасырлар бойы жинаған тарихи тәжірибесі жатыр. Бұл тәжірибе дәстүрлерде бекіп, ортақ мүддені көздеп, қатар өмір сүруде жүзеге асады. Этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы күрделі, ұзаққа созылған үдеріс және ол қоғам өміріне өздігінен кірі-гіп, адамдар мінез-құлқында механикалық түрде жүзеге аспайды. Адамзатқа ортақ құндылықтар мен нормалар ұлтаралық қатынастарды реттеудің негізгі факторы болып табылады. Түзу, әдепті, төзімді қарым-қатынастан шүбәсіз нақтылыққа айналуы тиіс. Ол үшін тұрғындарды, ең алдымен, жас буынды үйретудің, білім беру мен тәрбиелеудің барлық сатыларында тиімді жұмыс атқару қажет. Тарихи тәжірибе мен әлемдегі қазіргі жағдай ұлтаралық қатынастар саласындағы әлеуметтік шындықты гуманистік рухани-тәжірибелік тұрғыда өзгертуді талап етеді. Бәріміз де этносаралық қарым-қатынастардың гуманизациясы қажетті әлеуметтік мұқтаждыққа айналғанын және оның сұхбат пен төзімділік қағидаларына негізделіп, құрылуын мойындаймыз. Сондай-ақ, қоғамдағы әлеу­меттік-саяси, экономикалық тұтастықты және қоғамдық келісімді сақтап қалу үшін, ең алдымен, қоғамдық дамудың қазіргі талаптарына сай қоғамдық институттардың бірінші кезекте, гуманизм мен төзімділік қағидаларына негізделген білім беру институтының қызмет етуінің жаңа үлгісін жасау керек. Білім беру жүйесі арқылы жастардың өмірдің бағыт-бағдарының қалыптасу үдерісіне ықпал етуге болады. Білім беру жүйесі ұлтаралық қатынастарды реттеу тетігі саналады, өйткені жастар қоғамдық дамудың әлеуеті бо-лып табылады. Жастардың моральдық-адамгершілік жағдайы қоғамның дамығандығының нақты белгісі болады.Адамгершілік, руханият, төзімділік, бейбітшілік, ізгілік, әділ-дік, өзара түсіністік, өзара құрмет - ұлтына, нәсілі мен дініне қарамастан, барша адам үшін сөзсіз маңызды тегеурінді та-лаптар. Бұл негіздегі ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениеті адамның ұлттық ар-намысына тікелей немесе жанама түрде қысым жасаудың, кемсітушіліктің, құқық теңсіздігінің, этникалық негізде зорлықтың кез келген түрін қабылдамауды білдіреді. Ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы гуманизм этника-лық тамырлары мен нәсілдік ерекшеліктеріне қарамастан адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркін дамып, өз қабілеттерін көрсету құқықтарының шартсыздығын мойындауды талап етеді. Гуманистік ұлттық саясатты жүргізу дегеніміз - ұлтаралық қарым-қатынастарды барлық интернационалдық өзара әре-кетке қатысушылардың мүдделерін ескеріп, реттеу деген сөз. Этноұлттық саясаттың гуманистік стратегиясы жалпы адами басымдылықтарды, құндылықтарды, рухани бастауларды жүйе-лі жүзеге асыруды, қазіргі саяси және экономикалық пайдадан гөрі, адамгершілік стимулдардың басымдылығын білдіреді. Қоғамдық-саяси, ұлтаралық қарым-қатынастардың гуманистік құнды-лықтары мен дәстүрлері ғасырлар бойы қалыптасып, қазіргі маңызды құқықтық құжаттар мен саяси декларациялар-да (Б¥¥ жарғысы, ЕҚЫҰ құжаттары және т.б.) бекітілген. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасында жүзеге асқан. Мәселе оларды ұлтаралық өзара әрекеттер мен қарым-қатынастардың барлық деңгейінде нақты саяси және құқықтық тәжірибеде жүйелі әрі мүлтіксіз жүзеге асыруға байланысты. Тәуелсіздік жағдайында алынған тәжірибе этникалық императивтердің ел ішінде немесе басқа елдермен байланыста орын-далмауы мүмкін емес белгілі бір шарттарды қоятынын көрсетіп отыр. Сондықтан Қазақстанда, негізінен, жағымды бағытта дамып отырған ұлтаралық өзара әрекеттерді реттеудің белгілі бір үлгісі жасалған. Сонымен бірге, талдау көрсеткендей, жарияланған ұлттық саясаттың бағыты мен оны жүзеге асырудың нақты тетік­тері арасында, этносаралық бірігудің мінсіз нормативті үлгісі мен этносаралық өзара әрекеттің қайшылықты, көбінесе, жанжалды сипаты арасында белгілі бір алшақтық бар. Мұның бәрі кейбір жағдайда ұлтшыл және шовинистік уәждерді бүркемелеудің, өзін басқа этникалық қоғамдастықтардың өкілдерінен ерек санап, тіпті, артық көру сезімін туғызудың құралы ретінде отансүйгіштік құндылықтардың қабылдануына әсерін тигізеді. Қазіргі Қазақстан - тарихи-мәдени мұрасы бай жас, амбициясы зор мемлекет ретінде алдына биік әрі бекзат мақсаттарды қоя-ды және оларға қол жеткізуге әлемдегі қаржылық-экономикалық жаһандық дағдарыс та кедергі бола алмайды. Қазақстанның ұлттық идеясының рухани-адамгершілік негізіне адамның жаңа дүниетанымының және практикалық өмірінің қалыптасуындағы негіз ретінде гуманизм алынуы тиіс. Бірте-бірте Қазақстан өзінің даму жолына түсуде, сонымен қа-тар, өзінің біртектілігі мен тұтастығын сақтай отырып, сол жолмен жүру қабілетін де қалыптастырып келеді. Бұл үдерісте азаматтар-дың отансүйгіштігі ерекше маңызға ие болғандықтан, аталған құбылыс ғылыми-зерттеу міндеттердің санатына қосылу тиіс. Мұндай ұстаным бірқатар маңызды жайттарға негізделеді, олар: біріншіден, Қазақстанның тәуелсіз және егемен мем-лекет мәртебесін иеленуі мен оның халықаралық саясат пен құқықтың белсенді субъектісіне айналуы; екіншіден, елдің әлеу-меттік-экономикалық және саяси жаңғыруының, адам өмірінің демократиялық негіздерінің нығаюы, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері; үшіншіден, нығайып келе жатқан жаңа қоғамдық қатынастарды, қоғамдық, жеке саналарға ықпал ету тұрғысынан өмірлік мәні бар құнды-лықтардың өзгеруін, біздіңше, адами болмыстың, ең алдымен, адами тұлғаның өзіндік рухани-адамгершіл жетілдіруінің терең қабаттарын әлеуметтік-мәдени әрі тұлғалық аспектіде қозғайтын отаншылдық идеологиясы мен мәдениетінің мазмұнын әлеу-меттік-философиялық тұрғыда саралау қажеттілігі; төртіншіден, қазіргі геосаяси жағдайдың сипаты мен жаһандану үдерісімен байланысты болуы мүмкін салдары. Осыған орай, Отан-Атаме-кеннің жаңа бейнесінің қалыптасуымен және оның нығайып, әрбір Қазақстан азаматының жасампаз қызметіне түрткі бола-тын қайнарға айналуымен байланысты мәселелер кешені өзекті болмақ. Бесіншіден, ел өмірінің қазіргі қарқыны қоятын талаптар мен аталмыш мәселе бойынша теориялық-әдіснамалық жұмыстардың, тұрғындардың, әсіресе, жастардың патриоттық әлеуметтенуіне қатысты әлеуметтік-мәдени үдерістердің арасында сәйкестіктің болмауы. Әлеуметтік шындықты құндылықты тұрғыда құраудың мүлдем жаңа жүйесін қалыптастырып отырған Қазақстан тұрақтандырудың жүйелі әрі тиімді тетігіне объективті түрде зәру және ондай тетік өзінің әлеуметтік-этникалық және рухани-мәдени өзіндік ерекшелігінің, өзінің жеке-дара бейне-сінің шайылып, жойылуына, олардың абстрактілі баршаға ор-тақ құндылықтық категорияларға айырбастауға қарсы тұруы тиіс. Мұндай мағынада патриотизм мәселесі көп этникалық, көп конфессиялық, демократиялық тұрғыда ұйымдасқан қоғамның арқауы ретінде, оны нәсіліне, ұлтына, дініне, кез келген ерекшелігіне қарамай, ортақ құндылықтық өлшемдер мен өмір-дің өзіндік мәндерін табу мақсатында ел азаматтарын біріктіруге қабілетті конструкцияның анықтамасымен байланысты болып шығады. Қоғамның тарихи-мәдени дәстүрлері бізге гуманистік дүние-танымды, адам мен оның қазіргі қоғамдағы орны туралы жаңа тұ-жырымдаманы жасауға мүмкіндік береді. Біздің пікірімізше, ондай дүниетанымда зор жасампаз бастау бар және ол адамға әлеуметтік өзгерістер ағысында тұрақтылық теңгерімін табуға мүмкіндік беретін маңызды құндылықтық бағдар болып табылады. Қазіргі жаһанданған әлемде ең қауіпті нәрсе қазіргі өмір сүріп жатқан адамдардың, әсіресе, жастардың ұлттық-мәдени мұрадан мақсатты түрде ажырату, буындар арасындағы байланыстарды үзіп, ежелден қалыптасқан бейімделу және өзін-өзі тану тетіктері мен өлшемдерді бұзу. Ол үшін әртүрлі құралдар қолданылуда: таза алдау мен олардың санасы мен мінез-құлқына арсыз әсер етуден бастап, өмірлік мәні бар құндылықтар бағанын өзгертуді талап ететін өктем шарттарды қою (үрейлендіретін тәсілдер арқылы экономикалық, саяси өктемдік жүргізу)... Қоғамды гуманизациялаудың ең маңызды тәсілі адамдардың жатсыну құралы болмай, керісінше, оларды біріктіріп, халықтар мен мемлекеттер арасында өзара түсіністік пен бейбітшілікті орна-тудың құралы болуы тиіс ұлттық мәдениеттерді жандандырып, дамыту болып табылады. Ұлттық мәдениеттердің жаңғыру және даму үдерістерінің гуманистік сипаты мен отаншылдық тиімділігі бірқатар маңызды шарттарды орындаумен байланысты, олар, біріншіден, жеке тұлғаны мәдениеттерді жоғарғы және төмен деп бөлуге бағыттайтын, кейбір халықтардың (атап айтқанда, көшпелі халықтардың) мәдениеттің тарихи субъектісі болуға қауқарсыздығы туралы айтатын теориялық-әдіснамалық және психологиялық нұсқамаларды еңсеру; екіншіден, өткеннің және бүгінгінің мәдени үдерістерін талдауда, әртүрлі халықтар мәдениетінің өзара ықпалы туралы мәселені шешуде абсолюттендірудің кез келген түрінен (таптық, идеологиялық, саяси және т.б.) бас тарту; үшіншіден, бұл үдеріске мемлекет тарапынан, әсіресе, бастапқы кезеңде қолдау (материалдық және ұйымдастыру) көрсету; төртіншіден, ұлттық мәдениеттерді тарату және жүйелендіру тетіктерін жа-сау, ол үшін ұлттық тәрбие беру жүйесін дамыту, ана тілінің қолдану аясын кеңейту, әртүрлі өнерлерді қолдау, театр, мұражай, кітапханалардың қызметіне қолдау көрсету. Гуманитарлық білімді (философияны, тарихты, сөз өнерін, т.б.) дамытудың маңызы зор, бұлар болмаса алдыңғы буынның жетістіктері мәнсізденіп, біз өзіміздің «менімізді» жоғалтамыз; бесіншіден, ұлттық-тұлғалық дәмелерге деген төзімділік, бір-бірінің ұлттық қадір-қасиеттерін құрметтеу. Адамзат тарихына әділ талдау жүргізгенде жағымды гума-нистік үрдіс, яғни адамның, қоғам мен мемлекеттің адамгершілік деңгейі ашылады. Әлемдік гуманистік көрсеткіш (білімділік пен өмір сүру ұзақтығы) және адами әлеуеттің даму көрсеткіші (еңбек өнімділігі мен табыс деңгейі) өсуде. Керісінше, антигуманизм тарихи тұрғыда жеңіліс тапты. ХХ ғасырда буржуазия мен пролетариаттың таптық күресінде адамгершілікке жат либерализм-капитализм мен коммунизм (социализм) өздерін тауысты: олар қазір адамгершілікке бет бұрды. Қазіргі идеологиялардың бәрі, демек, болашақ адамзат қоғам мен мемлекеттің үлгілері мен әлеуметтік-саяси қозға-лыстар дағдарысты басынан кешіруде. Адамзат идеалынан -арманы мен идеялық-саяси мақсатынан - компастан қол үзіп қалды. Бірақ ол болашақты барлаусыз дами алмайды. Бүкіл әлемге гуманистік жаңғыру ауадай қажет.Гуманизм үшін адами тұлға - өздігінен жасалған ең жоғарғы құндылық. Адамның мүдделері, құқықтары мен еркіндігі басым. Барлық адамдар тең және әртүрлі. Гуманизмнің диалектикалық мәні - адамның, қоғамдағы және әлемдік қоғамдастықтағы ада-ми нәрсенің дамуы арқылы барлық нәрсенің адамның жақсы өмір сүруін көздейді. Ното заріәпз түріне жататын барлық адамдар ғана емес, «бірге алғанда бүкіл адамзат қана шынайы адам болады» (И. Гете) және тұлғасыз адамзат жетім. «Барлық заттың өлшемі - адам» (Протагор) ғана емес, гуманизм де адам мен қоғамның өлшемі болады. «Әрбір адамның еркін да-муы барлық адамдардың еркін дамуының шарты» (К. Маркс) ғана емес, барлық адамның дамуы әрбір адамның дамуының шарты болады. «Адам деген атақ барша болуы мүмкін адами атақтардан жоғары» (Л.Н.Толстой) емес, адамгершіл қоғам -адамзаттың ең жоғары мұраты. Адам адамгершіл болуы үшін, оның адамгершілік жетілуі мен тәрбиесі ғана емес, адамгершіл жағдайлар да қажет. Гуманизмнің девизі ретінде: «Бір адам барлық (адамдар) үшін және барлығы бір (адам) үшін» деген формуланы алуға болады. Адам мен халықтың жан-жақты прогресивті дамуы мен денсаулығы, еркіндік пен демократия,рухани және материалдық байлық - бүкіл адамзат пен елдің дамуының гуманистік өлшемдері. Гуманизмнің мақсаты - барша адамзаттың бақыты мен дамуы.Жаңашыл идеология мен саясат ретінде гуманизм басқа идеялық-саяси бағыттармен салыстырғанда, адам өмірінің қай-таланбас өзіндік құндылығына, адам мен қоғамның жекелік-ұжымдық табиғаты мен мәніне негізделген. Гуманистік саясат - халықтың қабілетін дамытып, оның мұқтаждықтарын барынша өтеу. Оның басымдылықтары: азаматтық тұлға, білім беру мен мәдениет, демократия мен өзін-өзі басқару, зиятты меншік пен бейбітшілік. Еркін адам, азаматтық тұлға, ғылым мен шығармашылық, жасампаз еңбек, өндірілген нәрсенің сапасы мен мөлшеріне сай ақысын төлеу, жеке болса да, қоғамға пайдасы тиетін бастамашылдық, өзара жәрдемдесу, кооперация, жеке және ұжымдық жарыс, әлеуметтік шығармашылық, демократия және халықтың өзін-өзі басқаруы, әлеуметтік-құқықтық мемлекеттік реттеу, халықаралық ынтымақтастық, бейбіт бәсеке мен бірігу -гуманистік дамудың қуатты қайнарларын құрайды. Қазақстандық қоғам көп ұлтты болғандықтан, ұлттарды жақындасуға және қосылуға итермелейтін мүдденіынталан-дыратынтетіктер қажет. Ал гуманизм бұл ауқымды міндетті орындауға шамасы келеді.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?