Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ноғай (Ноғайлар)

29115
Ноғай (Ноғайлар) - e-history.kz

НОҒАЙ (НОҒАЙЛАР)

Х.Т. дейін бірнеше ғасырлар бұрын ғұн (күн) немесе ғұнндар деп жалпы аталатын саны қыруар түрік тайпалары, бір уақытта батысқа қарай бет бұрып, Еділ және Жайық (Волга және Урал) өзендерінің екі жағасын  жағалап қоныстанды. Олардың қолбасшысы Атилла қайтыс болған соң, олар қайтадан Еділдің ар жағына, Кавказ жеріне ығыстырылған. V-VI ғасырларда Византия мен Стамбулда (Түркия) тұрған, грек жылнамашылары Пресек және Менандр ғұнндардың (хұнндардың) келесі (этникалық) аттарын хабарлайды: сарығұр, оноғұр, котеғұр, болгар. Болгарлардың бір бөлігі Дунайдан (болгарлардың арғы аталары – Пер.), хунндардың қалған бөлігі Еділ мен Кама өзен аралығында Хазария 1 мемлекетін қалыптастырды. Хазарлардың арғы атасы-Яфет (Яфс). Оның Тогарма тармағы: тогарманың он ұлы болған: Оюр, Таурыс, Ауар, Оғыз, Гуз, Безал, Тарна, Хозар, Занур, Болгар. Юсуфтың 2 хатында олар беженектердің (печенегтердің) қарамағында болған деп айтылады. Осы хаттың аудармашысы профессор Гаркави яһудилік сенімді (иудизм) қабылдаған, Хазар хандығы қуатты болып, ІХ ғасырға дейін тіршілік еткен деп жазады. Осында атап өтілген гуздар қаңлы мен қыпшақтардың тармағы. Кейін оларды коман немесе қыпшақ деп атап кеткен. Командар қыпшақтар және алшындармен бірге Жошы ұлысына енген.

Жошы ұлысының көшпенді бөлігі Жайық мен Кубаньден Донға дейін жеткенде, олар Береке-ханның немере ағасы Ноғай-ханның атымен аталды. (Әбілғазы «Шежіресінде» Ноғай-ханның аты аталмайды. Менің ойымша Ноғай-хан Жошының ұлы Шайбани-ханнан тараған деп ойлаймын. Қазіргі кездегі аты - Бахадур). Осы ноғайлықтар XV ғасырда қырым татарларының ханына қарасты болған. Ал Жайықтың жағалауында қалған солтүстік-шығыс ноғайлары дербес хандық құрып, Әбілқайыр ханың кезінде өздеріне көршілес қазақтарды бағындырып алған.

Ұлық Мұхаммед (Орманбет-хан) қайтыс болып, Ноғай 3 Ордасы ыдырағаннан кейін ноғайлар XVII ғасырдың бас кезінде шыңғыздардан қашып, Еділге аттанған, онда осы жерге бұрын келген торғауыттардың билігіне түседі. Олардың басқа бөлігі Қырым хандығының қарамағында еді. Содан кейін ноғайлықтар хандар атымен, ру және мекендеген жер атауымен аталатын болған. Мысалға, еділдегі ноғайлар үш рудан тұрады - Мансұр, Орақ, Мамай, Қасай, Ормамбет, Тоғыз, Ідешек, Ідесан, Жанбайлық, Қарашы (Есеке-бидің ұрпақтары). Қарашы тармағының рулары -  шерін, барын, арғын, қыпшақ. Оларға Сахиб-Керей ханмен мансұр және сежеуіт рулары қосылған.

1865 жылы Қырым уезінің Таврика губерниясының тізімі құрастырылды, онда келесі рулар көрсетілген - арғын, қоңырат, қыпшақ, алшын, қаңлы, алаш, тама, керейіт, боз оғлы, онғар найман, қарт қожақ, көшен, тоқсаба.

1883 жылы Қырым Ресейге қосылған соң, қырым ноғайлары Түркияның қарамағындағы түріктерге көшіп, олардың санын 500 мыңға дейін арттырған. 

Астрахан татарлары мен төменгі Еділ қондырлары өздерін ноғайдан шыққан, Қасболат пен Қасайдың ұрпағы деп атайды. Шамасы, олар Ноғай-ханның ұлдары. Орадың рулары: ас, төбет, найман, жағалбайлы, манғыт, ергенекті, керейіт. Осы қондыр татарларын осы жерге Кубаньден торғауыттардың ханы Дондық амба әкелген. Бүгінгі күнде Кавказда құмықтар мен қарашай ұлыстары тіршілік етеді. Ғалым Клапроттың айтуынша, олар жартылай хазар және жартылай ноғайдан тұрады. Ставрополь ноғайларының арасында түрікмендерді де кездесуге болады. Қазан, Самара, Сімбір, Саратов және  Орынбор губернияларында чуваш деген халық бар. Араб тарихшылары олардың бортас деп атайды. Олар ежелгі түрік пен чермес тайпаларының ұрпақтары. Олардың тілі ежелгі түрік тілінен біршама ерекшеленеді. Ертіс пен Обь өзендерінің аралығында барабин татарлары мекендейді. Олар түрік және угрлардан араласқан. Олардың рулары: терене, тары, бараба, көлебе, лунга, сол, қарғалы. Тобол губерниясында сібір татарлары орналасқан. Олар осы жерге XV-XVII ғасырларда ноғай және қазақ сұлтандарымен бірге келген, сонымен қатар осы жерге сауда жасауға болгарлар мен сарттар да келді. Осы жерлер орыстардың иелігіне кеткенде, олар сонда қалады. Татар (ноғайлардың) рулары: торалы, аялы, көрдек, сарғат; тоболдықтар - көрдек, естек, тоғыз, шуалшық, яскалбе. Көпшілігі – біздің өзбек-сарттар.

1 Хазар қағанаты – Шығыс Еуропада алғашқы феодалдық мемлекеттік қалыптасу. Хазария 300 жылға таман VII ғасырдың екінші жартысынан Х ғасырдың ортасына дейін болған  - С. А. Плетнева. Хазарлар. М., 1976, 3 б.

 2 Иосиф (хазарлар) патшаның жауап-хаты, оның көшірмесін алғаш рет шығыстанушы А. Я. Гаркави 1874  жылы жасаған. Қараңыз: Коковцев П. К. Х ғасырдағы Еуропалық-хазария болашағы. Л., 1932.

Ол (Иосиф қаған) оны халқы Иафет ұлы Тоғарма руынан шықты деп айтады (ежелгі еврей әдебиетінде Тоғарма (Тоғар) деп бүкіл түрік халқын атаған). Иосифтің мәліметіне сәйкес, Тоғарманың 10 ұлы болған: Агийор (Авийор немесе Уюр), Тир-с (Турис), Авар (Аваз), Угин (Угуз), Биз-л, Т-р-на, Хазар, Знур (Янур), Б-л-г-д (Б-л-г-р), Савир.- Плетнева. Хазарлар...  7 б.

3 Ноғай Ордасының жекеленуі ХІІІ ғасырдың екінші жартысында басталды. Осы үдеріс XIV ғасырда Едіге әмір кезінде жалғасын тауып, оның ұлы Нұр-ад-динде (1426-1440) аяқталды. – Қаз ССР тарихы, 2 т., 182 б.

Шәкәрім Құдайберді-ұлының «Түріктер, қырғыздар, қазақтар мен хан әулетінің шежірелері» кітабы. Аударған Б. Қайырбеков.- Алматы, СП Дастан, 1990
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?