Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жер жүзінің қалыптасуы туралы аңыз

29109
Жер жүзінің қалыптасуы туралы аңыз - e-history.kz

Жер жүзінің қалыптасуы туралы аңыз

«Тенгрианство: мифы и легенды древних тюрков» атты О. Жанайдаровтың кітабынан кейбір мақалалар.

Тәңірге табыну Жердің ең көне халқы – шумерлерде алты мыңнан астам жыл бұрын пайда болды.

Алты мың жыл бұрын тұрған көне шумерлер де, 21 ғасырда өмір сүріп жатқан бізде де, тірі құдай мен құдайларды көрген емеспіз.

Дегенмен, ежелгі адамның ой-санасындағыдай, біздің ой-санамызда құдай немесе құдайлар – бұл ұлы, адам тәріздес және мәңгілік жаратылыстар, олар айналамыздағы табиғатпен, планеталардың қозғалысымен, жұлдыз-күн өмірімен басқарады.   

Егер де осы ойды жалғастыра берсе, жаратушы-құдай-бүкіл дүниені жаратушы саны қыруар планеталар, жұлдыздар, жұлдыздар топтамасы – галактика, метагалактикамен және т.б. басқарады, себебі бұның аяғы жоқ.

Осыны ақыл-оймен түсіну мүмкін емес.  

Шумерлер құдайларды ортақ сөзбен «Дингир» - Тәңір, - құдай, құдірет деп атаған.

Бүкіл шумерлік құдайлармен Энлиль – жоғарғы құдай басқарған. Оның тура қарамағында «тағдырды шешуші» жеті құдай, және елу ұлы құдай болған екен. Шумерлерде құдайлар арасында пайдалы және пайдасы жоқтары да болған. Табиғаттың басты элементтері ретінде Аспан – Үсті, Жер – Асты, Теңіз – Су және Ауа - Атмосфера болып табылатындықтан, олардың әрқайсысында өз құдайы болған. Осы төрт құдай жасампаз құдайлар еді, және де олар адам айналасындағы бүкіл материалдық әлемді құрды. 

Жасампаз құдайлардың бір сыйқырлы қасиеті болған, олар сөз арқылы жасаған, оның жасаушы функциясын ежелгі теологтар адамзат қоғамында да байқаған, себебі біреумен айтылған сөздің заттандыру қасиеті болған. Бастық учаскедегі жерді қайта жыртып, бидай егу керектігін айтты, жер жыртылды, бидай егілді, адамдар өнім алады. 

Сол себептен Библиядағы «Құдай болды - сөзі» - дұрыс байқалған.
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?