Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бас киімдер

29092
Бас киімдер - e-history.kz

Бас киімдер

С.Ж. Асанова, Алматы, «Сымбат» сән академиясы

«Халық костюмінің тарихын зерделеу» мақаласынан.

Қазақ ерлері және әйелдерінің бас киімдері әр түрлі. Ерлердің кейбір бас киімдерін киізден жасаған. Олардың ішінен ең көне және де дәстүрлі – «қалпақ». Шошақ төбелі киізден жасалған бас киім алғаш рет Пазырық қорғанында табылған. Киізден жасалған қола қаңылтыры бар шошақ бөрік Николаев облысының қорғанында табылған. Қазақтарда ақ киізден жасалған биік қалпақ – ақ қалпақ деп аталады. Дәл осындай үстіне қарай бүгілген кең жиекті қалпақ  «айыр қалпақ» деп аталады. Мерекелік ақ қалпақтар «ақ қалпақ» ақ жібекпен тігіліп, күміс оқамен кестеленіп, шет жағын бау тігісімен безендірілген. Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың әкесіне тиесілі осындай қалпақ МХЭ сақталған. Телпек - қалпақтың бір түрі. Осындай бас киімнің бір данасы ҚРМОМ қорында сақталуда. Телпек – ол сұлтан қалпағы, сол себептен телпек 19 ғасырдың ортасына дейін тұрмыста пайдаланылған. Көктемгі және күзгі ерлер бас киімінің үшінші түрі – «бөрік» деп аталады. Бөрік – көне сөз, «бөрі» - қасқыр  деген сөзден шыққан. Қасқыр түрік тайпаларының ежелгі тотемі. Пішіні бойынша бөрік конус тәріздес биік үстіңгі жағымен дөңгелек болып  немесе үстіңгі жағы кескіленіп сүйірленген болып келеді, әрқашанда кәмшат, бұлғын, елтірі және т.б. терісімен жиектеп тігілген. МАЭ кәмшат терісімен жиектеп тігілген, ақ жұмсақ теріден жасалған қалпақ сақталған. Ол Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғысқа тиесілі. Терімен жиектеп тігілген ерлердің көптеген қалпақтары ГМЭ сақталған. Сонда алтын, күміспен тігілген, құндыз, кәмшат, бұлғынның терісімен жиектеп тігілген ежелгі қымбат қалпақтар; қара-құба және қызыл түлкінің терісінен жасалған қысқы тымақтар бар. Олардың көбі Петербургтегі шығыстанушылардың көрмесінде ұсынылған. Бөрік тәріздес бас киімді қыздар да киген, бірақ қыздардың бөрігі алқамен, үкі, көкқұтан немесе тауыстың қауырсынымен әшекейленген. Қазақтар осындай бас киімді «кәмшат бөрік» деп атайды. Махмұт Қашқари де қымбат теріден жасалған бас киімді «камач бөрік» деп атаған. «Камач» және «кәмшат» сөздері 11 ғасырдан бері келеді. Осындай көне бас киімдер ГМЭ сақталған. Алтынмен тігілген бас киімдерді «алтын бөрік», маржанмен безендірілгенді «қалмаржан бөрік» деп атайды. Меруертпен және алтын пішінді түйіндіктермен тігілген қыздың бас киімі 1890 жылы Қазанда өткен көрмеде ұсынылған.

«Тақия» - барқыт, қамқа немесе оқалы паршадан жасалған жеңіл жазғы бас киім. Ежелгі уақытта олардың шетін  құндыз, кәмшат, тиін терісімен жиектеп тігіп, күміс және алтын тоқыма баумен әшекейлеген. Қымбат матадан жасалған оюлы тақияларды суретші П.Кошаров бейнелеген. Уәлиханов және Жанайдаровқа тиесілі кейбір ең әдемі тақиялар шығыстанушылардың көрмесінде қойылған...
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?